"«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы
№ 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 28, 243-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мына:

1) сыртқы сауда қызметін, халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және реттеу, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу;

2) шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету;

3) ішкі сауданы дамыту және реттеу, сауда инфрақұрылымын жетілдіру, биржалық және электрондық сауданы дамыту;

4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

5) стратегиялық, бақылау, іске асыру және реттеушілік функцияларды қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8.  Сауда және интеграция министрлігі құрылымы мен штат санының (мемлекеттік органның атауы) лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

  1. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.»;

10-тармақ алып тасталсын.

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Министрлік  қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

  1. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2- тарау. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің міндеттері мен өкілеттіктері»;

14-тармақ алып тасталсын.

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Өкілеттіктер:

1) құқықтары: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу,

2) міндеттері: өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, Министрлік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша өзара, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Функциялары:

1) Министрліктің құзыреті шегіндегі халықаралық ынтымақтастық;

2) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

3) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде немесе Қазақстан Республикасы дербес шет мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастық және еркін (преференциялық) сауда туралы келісімдер жасасуға қатысты келіссөздер жүргізу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және қатысу;

4) халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және оған қатысу;

5) халықаралық сауда және экономикалық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен, шет мемлекеттермен және шет мемлекеттердің одақтарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан өкілдік ету;

6) Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын және олардың жобаларын Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкестігі тұрғысынан қарау;

      7) Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс және консультациялық органдарымен, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының шеңберінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерін қозғайтын мәселелер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      8) Дүниежүзілік сауда ұйымының дауларды шешу жөніндегі органымен және ДСҰ құқығы жөніндегі консультациялық орталықпен өзара іс-қимыл жасау;

9) Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс органдарымен, мүшелерімен және бақылаушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

   10) Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      11) Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріндегі Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігіне іссапарға жіберілген Министрлік қызметкерлерінің қызметіне басшылық ету;

      12) сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе жою туралы ұсыныстарды қарау тәртібін белгілеу;

      13) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу және қорытындылар дайындау;

      14) тарифтік квоталарды қолданудың орындылығы туралы қорытындылар дайындау;

      15) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге немесе әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілеу және бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындау;

      16) тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөлу;

      17) әкелінуіне немесе әкетілуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгілеу;

  18) тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету кезінде экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру;

  19) Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдау;

  20) тарифтік емес реттеу шараларын енгізу бойынша тәртіпті айқындау;

  21) орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде елеулі маңызы бар тауарлар тізбесін айқындау;

  22) жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сандық жағынан шектеуді сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында (квоталарды) бөлуді, квоталар мөлшерін және оның қолданылу мерзімін келісу;

  23) квоталарды бөлу тәртібін келісу;

      24) үшінші тараптан келетін тауарлардың импортына қатысты сауда шараларын үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты қолдануы алдында жүргізілген тергеп-тексерулер шеңберінде мемлекеттік органдардан және ұйымнан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты үшінші тараптың заңнамасында айқындалған тиісті ақпараттық жүйеге жүктеу арқылы беру жағдайларын қоспағанда, оны сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы үшінші тараптың құзыретті органдарына беруді жүзеге асыру;

      25) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында жүргізілген тергеп-тексерулер шеңберінде мемлекеттік органдардан және ұйымнан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына беруді жүзеге асыру;

      26) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі жағдайларындағы міндеттемелері шеңберінде мемлекеттік реттеу шараларын шараларын қолданудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру;

      27) халықаралық және республикалық маңызды мәртебесі бар көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасын келісу;

      28) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарлар тізбесін бекіту;

      29) тарифтік преференциялар беру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      30) тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту;

      31) сауда шаралары мәселелері бойынша ұсыныстарды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісу;

      32) сауда шаралары мәселелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін үшінші тараптың құзырлы органымен өзара іс-қимыл жасау;

      33) сауда шараларын қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

      34) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      35) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      36) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастыру;

  37) тергеп-тексеруді жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      38) тергеп-тексеруді жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеруге бастама жасау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      39) Қазақстан Республикасының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолдану мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіру;

      40) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша ұсыныстарды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісу;

      41) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      42) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      43) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану;

     44) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіру;

    45) Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеуді жүргізу қағидаларын бекіту;

      46) өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу;

      47) өтемақы шаралары мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      48) халықаралық сауда ынтымақтастығы бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

      49) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасауы және сауда ынтымақтастығын тереңдету;

      50) тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу үшін өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту;

      51) өз құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамытуды және ілгерілетуді жүзеге асыру;

      52) Қазақстан Республикасы салалық мемлекеттік органдарының шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіру;

      53) өз құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      54) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде әзірлеу және бекіту;

      55) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      56) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      57) шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты саласындағы салалық бағдарламаларды келісу;

      58) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан Республикасының қатысуы бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      59) Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын және олардың жобаларын 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың нормаларына сәйкестігі тұрғысынан қарау;

      60) қолданылып жүрген және жоспарланатын субсидиялар туралы хабарламаларды дайындау және Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жіберу;

      61) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде берілетін және беруге жоспарланатын субсидиялардың 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкестігі туралы тергеп-тексерулер жүргізу;

      62) сауда қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және оларды мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді қамтамасыз ету;

      63) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу және бекіту;

      64) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

    65) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізу;

            66) ішкі сауда қағидаларын бекіту;

            67) сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

            68) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп тауарларға баға мониторингін жүргізу және нарыққа реттеушілік әсер ету орынды болатын баға деңгейіне қол жеткізген жағдайда мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша шығарылатын материалдық сауда қызметінің субъектілерін – құндылықтарды алушыларды, оның көлемін, бағасын және сауда үстемесінің мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;

      69) бөлшек саудада азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлеу және бекіту;

      70) стационарлық сауда объектілерінің түрлері мен оларға қойылатын талаптарды бекіту;

      71) тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу;

      72) биржалық тауарлардың тізбесін бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      73) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      74) тауар биржасындағы халықаралық биржалық сауда-саттықтарды дамыту үшін жағдай жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      75) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      76) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялауды жүзеге асыру;

      77) құзыреті шегінде тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға және (немесе) экспорттауға рұқсаттар беру;

      78) тауарлар импорты саласындағы лицензиялардың тізілімін жүргізу;

      79) тиісті саладағы (аядағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      80) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялау;

      81) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      82) биржалық сауданың үлгілік қағидаларын бекіту;

      83) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      84) тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;

      85) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлеу және бекіту;

      86) кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      87) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      88) биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      89) тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу;

      90) тауар биржасында брокерлер және (немесе) дилерлерді аккредиттеу қағидаларын келісу;

      91) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      92) электрондық сауда саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және оларды мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді қамтамасыз ету;

      93) Қазақстан Республикасында электрондық сауданы дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу;

      94) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      95) таңбалауға және қадағалауға жататын тауарлардың тізбесін қалыптастыруға байланысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      96) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастама жасау, оларға қатысу және оларды ұйымдастыру;

      97) Қазақстан Республикасының шетелдегі сауда өкілдіктерінің қызметін үйлестіру және қаржылық және кадрлық қамтамасыз етілуін бақылау;

      98) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қабылдау;

      99) тоқсан сайын тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге мониторинг жүргізуді, уәкілетті органның (ұйымның) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындауын жүзеге асыру;

       100) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

       101) тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;

       102) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

       103) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату тәртібін айқындау;

      104) стандарттау жөніндегі ұлттық органды айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыным беру;

      105) стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      106) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың стандарттау саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      107) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттардың қолданысын ұзарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      108) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлеу және бекіту;

      109) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін айқындау;

      110) халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттер стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану тәртібін айқындау;

      111) ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын нормативтік құқықтық актілерде қолдану тәртібін айқындау;

       112) ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу тәртібін айқындау;

       113) техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының депозитарийін құру және жүргізу тәртібін айқындау;

       114) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын әзірлеу және бекіту;

       115) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, сондай-ақ тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

       116) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      117) сәйкестікті бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      118) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;

      119) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыным беру;

      120) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салыстыру тәртібін айқындау;

      121) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін айқындау;

      122) өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;

      123) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;

      124) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану тәртібін айқындау

      125) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

      126) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдердің тізбелерін қалыптастыру тәртібін және оларға қойылатын метрологиялық талаптарды айқындау;

      127) мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдерге метрологиялық талаптарды белгілеу;

      128) өлшем құралдарына тексеру жүргізу және өлшем құралдарын тексерудің мерзімділігін белгілеу тәртібін айқындау;

      129) өлшем құралдарының типін бекіту, типін бекіту мақсатында сынау, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау және типін бекіту белгісінің нысанын белгілеу тәртібін айқындау;

      130) аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемдердің метрологиялық қадағалануын қамтамасыз ету тәртібін айқындау;

      131) стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;

      132) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      133) өлшем құралдарының типін бекіту және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын бекіту;

      134) салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін айқындау;

      135) сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін сәйкестікті бағалау саласында қағаз және электрондық жеткізгіштердегі аккредиттеу саласында мәлімделетін аккредиттеу өтінімінің, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорттың, өлшемдерді орындау әдістемелерінің, сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтердің нысанын бекіту;

      136) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттарды бекіту;

      137) техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;

      138) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, олардың жұмыс істеуі және тарату тәртібін айқындау;

      139) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      140) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      141) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiту;

      142) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      143) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын әзірлеу және бекіту;

      144) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнінде комиссия құру;

      145) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттардың қолданысын ұзарту тәртібін бекіту;

      146) шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану тәртібін айқындау;

      147) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамалардың нысанын және оларды беру тәртібін белгілеу;

  148) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

  149) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      150) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      151) мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      152) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;

      153) құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбесін әзірлеу;

     154) Министрлік, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар әзірлеген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалуын қамтамасыз ету;

     155) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етудің немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін айқындау тәртібін әзірлеуге қатысу;

      156) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өздері құпияландырған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;

      157) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсат алу;

      158) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді алуға рұқсат етілетін азаматтарға қатысты тексеру шараларын жүргізуді өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;

      159) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

      160) оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды техникалық реттеу тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту;

      161) тауардың шығарылуы туралы сертификаттарды берудің негізділігін, олардағы мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен тауарды әкелу елінің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде тауарлардың шығарылған елін айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді), тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруді және оның күшін жоюды жүзеге асыру;

      162) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру;

      163) техникалық реттеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу;

      164) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу бойынша оны айналысқа шығару бөлігінде тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту;

      165) бірыңғай тізбеге енгізілмеген, бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидаларын, сондай-ақ оған қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнімнің тізбесін, жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысанын әзірлеу және бекіту;

      166) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды енгізу немесе шығару туралы шешімдер қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      167) тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      168) техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      169) өлшем құралдарын бастапқы тексеру нәтижелері бойынша айналысқа шығарылатын өлшем құралдарының тізбесін бекіту;

      170) мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында дайындаушы немесе сатушы өлшеп-салған өнімнің кез келген түрдегі қаптамалардағы, сондай-ақ импорттаушы әкелген өлшеп-оралған өнім және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін белгілеу тәртібін айқындау;

      171) аккредиттеу жөніндегі кеңесті құру, оның құрамын және ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      172) аккредиттеу субъектілері қызметінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      173) тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеу қағидаларын бекіту;

      174) алып қойылған өнімді сақтау қағидаларын бекіту;

      175) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      176) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және олар бойынша қорытындылар беру;

      177) ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      178) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      179) жеке және заңды тұлғалардың сыртқы және ішкі сауда, халықаралық экономикалық интеграция, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту мәселелері бойынша өтініштерін қарау;

      180) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Стандарттау туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Тауар биржалары туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

    181) орталық атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.

      182) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      183) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      184) өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде не Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінде белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      185) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру;

      186) мемлекеттік органдарға техникалық реттеу объектілерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына, техникалық регламенттерге және ұлттық стандарттарға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

      187) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығарудың жолын кесу және оған жол бермеу бойынша ықпал ету шараларын қабылдау;

      188) техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін өнімді алып қою және қадағалау субъектісін Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес осындай өнімді иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы сотқа талап қою;

      189) жеке, заңды тұлғалар техникалық реттеу саласындағы лауазымды адамдар берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;

      190) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      191) өнімдер мен процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде консультативтік-кеңесші органдар құру;

      192) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, техникалық реттеу объектілерінің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарын бекіту;

      193) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу бойынша оны айналысқа шығару бөлігінде тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту;

      194) аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;

      195) жобалар мен техникалық регламенттердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiн талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

      196) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

      197) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      198) техникалық реттеу мәселелері бойынша сараптамалық кеңестермен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;

      199) техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету және техникалық реттеу мәселелері бойынша келіссөз позициясын қалыптастыру;

      200) стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;

      201) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау бойынша лицензиялауды жүзеге асыру;

      202) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша жоспар жобасын қалыптастыру;

      203) саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      204) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргiзу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру;

      205) тауар әкелінетін елдің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде тауар шығарылған жер туралы сертификаттарды беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын өндірушілердің орындауына тексерулердің жүргізілуін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;

      206) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) және мемлекетаралық стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастыру;

      207) ұлттық стандарттарды Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті техникалық регламенттеріне стандарттардың тізбелеріне енгізу жөнінде жұмыстар жүргізу;

      208) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындау;

      209) зертханааралық салыстырмалы сынау (салыстыру) жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      210) Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік үлгiнiң сәйкестiгiн растау саласында құжаттарды беру бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарландырған шетелдік және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзу;

      211) техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiн қалыптастыруға қатысу;

       212) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және оларды ұйымдастыру, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлеу;

       213) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, олардың құзыреттері шегінде Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторына қойылатын талаптар мен оны айқындау тәртібін әзірлеу;

       214) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, олардың құзыреттері шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды әзірлеу;

      215) ұлттық стандарттау жоспарын бекіту;

      216) ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды дайындау және оларды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;

      217) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды, сондай-ақ оларға өзгерістерді бекіту;

      218) Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн бақылау жөнiндегi жұмысты үйлестiру;

      219) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      220) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекіту;

      221) шама бірліктері эталондарының сыныптамасын бекіту;

      222) метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      223) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

      224) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуге және Жердің айналу параметрлерін айқындауға бағытталған жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;

      225) стандартты үлгілерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;

      226) заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;

      227) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру;

      228) өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз етудің мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастыру;

     229) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      230) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысын жүзеге асыру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды келiсу;

      231) өлшем құралдарының типін, стандартты үлгіні бекіту туралы шешім қабылдау;

      232) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерiнде консультациялық-кеңесшi органдар құру;

      233) әзiрленген техникалық регламенттердi сараптауды, келiсудi, техникалық регламенттердiң қолданылуын тоқтата тұруды не күшiн жоюды келiсудi жүзеге асыру, оның iшiнде салалық мемлекеттiк органдардың техникалық регламенттердiң қолданылуын тоқтата тұру не күшiн жою мәселелерiне бастамашылық жасауы;

      234) шығарылатын түпкі өнімнің техникалық реттеу және метрология жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инвестициялық жобаларға (мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылатын) бағалау жүргізуді ұйымдастыру;

      235) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң қағидаларды әзiрлеу;

      236) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

      237) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      238) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      239) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      240) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      241) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;

      242) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардан, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінен, тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдерден, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынған ақпарат пен есептілік негізінде жүргізу;

   243) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін және оның мобильдік нұсқасын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;

   244) реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау;

      245) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асыру;

      246) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу;

      247) зерттеулер, ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек және тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруде оларға өкілдік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      248) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте талқыланған нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын баяндама ұсыну;

      249) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      250) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      251) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке, лауазымды, заңды, тұлғаларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру;

      252) бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгіну;

      253) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен техникалық реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жазалар қолдану;

      254) мемлекеттік органдарға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар (ұсынымдар) енгізу;

      255) тұтынушылардың, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін шағымдарына, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің қызметіне талдау жүргізу.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3 тарау. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті Қазақстан Республикасының атынан иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Премьер-Министр

Республики Казахстан                                                       А. Мамин

ПП РК
Дата публикации
17 сентября 2021