"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                        А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

           2020 жылғы «      »

 №          қаулысымен

бекітілген

                                                                                        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

 

  1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
    14 сәуірдегі № 354 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
    2014 ж., № 28, 231-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген 3-бөлімде:

он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру – өнімді өндіруге және экспортқа өткізуге байланысты айналым қаражатын толықтыруға (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) ШОК субъектілерінің жобасын қаржыландыру. Экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру – кейіннен экспорт үшін өнім өндіру мақсатында инвестициялық шығындарды жүзеге асыруға ШОК субъектілеріне қаражат беру.»;

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген 4-бөлімде:

екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылған және (немесе) кредиттің сомасы 60 миллион теңгеден аспайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркелген кезден бастап алты айдан аз уақыт өткен;»;

алтыншы бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру мақсаттары үшін айналым қаражатын толықтыру (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) және (немесе) инвестициялық жобаларды қаржыландыру.»;

төғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ШОК субъектісіне арналған қаржыландыру лимиті – 3 600 000 000 (үш миллиард алты жүз миллион) теңге.»;

он екі және он үш бөліктер алып тасталсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 1-1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Қаржыландырылатын тамақ өнеркәсібі салаларының тізбесі

 

Р/с №

ЭҚЖЖ атауы

ЭҚЖЖ коды

1

Ет өңдеу және консервілеу

1011

2

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

1012

3

Ет өнімдерін және үй құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

1013

4

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

1020

5

Картопты өңдеу және консервілеу

1031

6

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

1032

7

Жемістер мен кекөністерді өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері

1039

8

Май және тоң май өндіру

1041

9

Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру

1042

10

Сүтті өңдеу және ірімшік өндіру

1051

11

Балмұздақ өндіру

1052

12

Ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

1061

13

Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

1062

14

Ұзақ сақталмайтын нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру*

1071

15

Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар өндірісі*

1072

16

Макарон өнімдерін өндіру

1073

17

Қант өндіру

1081

18

Какао, шоколад және қантты кондитерлік бұйымдар өндірісі*

1082

19

Шай және кофе өндіру*

1083

20

Дәмдеуіштер мен дәмдеуіштер өндірісі*

1084

21

Дайын тағам өнімдерін өндіру

1085

22

Балалар тағамын және емдәмдік тамақ өнімдерін өндіру

1086

23

Басқа санаттарға енгізілмеген басқа тамақ өнімдерін өндіру

1089

24

Фермалардағы жануарлар үшін дайын азықтар өндіру

1091

25

Үй жануарлары үшін дайын азық өндіру

1092

*ескертпе: ЭҚЖЖ 1071, 1072, 1082, 1083, 1084 кодтары шеңберінде қарыз беруге өнімді экспорттайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана жол беріледі.»

 

  1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
    5 желтоқсандағы № 1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 76-77, 675-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

«Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімнің жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай бағыттар бойынша қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды:

бірінші бағыт: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ) тізбесін Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия мақұлдаған екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) осы Жоспарға
1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіндегі және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ШОКС) қаржыландыру үшін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндіріс қуаттарын жүктеу үшін кәсіпорынның айналым қаражатын толықтыруға (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) кредит береді (қаражатты шартты орналастыру жолымен) (бұдан әрі – бірінші бағыт) (мақсатты пайдалану шарты «Цеснабанк» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Цеснабанк» АҚ) берген қарыздарға қолданылмайды);

екінші бағыт: осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ІКС) қаржыландыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚДБ» АҚ) ЕДБ-ға банкаралық кредит беруі (бұдан әрі – екінші бағыт) (мақсатты пайдалану шарты «Цеснабанк» АҚ берген қарыздарға қолданылмайды).»;

«Жалпы ережелер» деген бөлімде:

«Мақсатқа қол жеткізу және алға қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген кіші бөлімінің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі
№ 354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруды жалғастыра отырып, ҰБ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан
әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) өңдеу өнеркәсібінде және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы ШОКС-ты кейіннен қаржыландыру үшін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндіріс қуаттарын жүктеу үшін және өңдеу өнеркәсібінде ІКС-ті қаржыландыру үшін ШОКС-тың айналым қаражатын толықтыруға (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) ЕДБ-ны қаржыландыру бойынша қосымша шаралар қабылдайтын болады.»;

«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген кіші бөлімде:

4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап ЕДБ-ның кредиттік қаражатты игеру мерзімі:

инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттер бойынша – 12 ай;

айналым қаражатын толықтыру (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) мақсатына берілетін кредиттер бойынша – 6 ай.»;

4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) «Даму» КДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында жасалған кредиттік келісім шеңберінде:

Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 50 %-ын Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібінде және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы ШОКС-тың инвестициялық жобаларын қаржыландыру мақсатына ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды;

Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 50 %-ын Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібінде ШОКС-тың айналым қаражатын толықтыру (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) мақсатына ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды, оның ішінде ЕДБ лимитінің кемінде 25 %-ы тамақ өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын ШОКС-тың айналым қаражатын толықтыру (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) мақсатына жұмсалады.

Бұл ретте, Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіне қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы жобаларды іске асыратын ШОКС-қа айналым қаражаты берілмейді.

2019 жылдан бастап ШОКС-ті қаржыландырудан қайтарылған қаражат есебінен 25 млрд. теңге Ұлттық қор қаражатының айналым мерзімінің соңына дейін қайтарылатын негізде экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыруға жолданатын болады. Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру – өнімді өндіруге және экспортқа өткізуге байланысты айналым қаражатын толықтыруға (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) ШОКС жобасын қаржыландыру. Экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру – кейіннен экспорт үшін өнім өндіру мақсатында инвестициялық шығындарды жүзеге асыруға ШОКС қаражатын беру.

4-тармақтың 7) тармақшасында көзделген пропорцияларды сақтау ЕДБ қаражатын екінші рет орналастыруға қолданылмайды.»;

«Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген кіші бөлімде:

4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, ҚР ҰҚ қаражатының есебінен берілген барлық кредиттер үшін бір ШОКС-ға берілетін қаржыландырудың ең жоғары лимиті – 3 600 000 000 (үш миллиард алты жүз миллион) теңге;

2) кредит беру мерзімі:

инвестицияларға – 10 жылдан аспайды;

айналым қаражатын толықтыруға (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) – 5 жылдан аспайды;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы кіші бөлімнің шарттары «Цеснабанк» АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.»;

«Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген кіші бөлімде:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ең жоғары лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ІКС-ге берілетін қаржыландыру лимиті – 7 000 000 000 (жеті миллиард) теңгеге дейін;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы кіші бөлімнің шарттары «Цеснабанк» АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.».

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына
2-1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржыландырылатын тамақ өнеркәсібі салаларының тізбесі

 

Р/с №

ЭҚЖЖ атауы

ЭҚЖЖ коды

1

Ет өңдеу және консервілеу

1011

2

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

1012

3

Ет өнімдерін және үй құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

1013

4

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

1020

5

Картопты өңдеу және консервілеу

1031

6

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

1032

7

Жемістер мен кекөністерді өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері

1039

8

Май және тоң май өндіру

1041

9

Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру

1042

10

Сүтті өңдеу және ірімшік өндіру

1051

11

Балмұздақ өндіру

1052

12

Ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

1061

13

Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

1062

14

Ұзақ сақталмайтын нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру*

1071

15

Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар өндірісі*

1072

16

Макарон өнімдерін өндіру

1073

17

Қант өндіру

1081

18

Какао, шоколад және қантты кондитерлік бұйымдар өндірісі*

1082

19

Шай және кофе өндіру*

1083

20

Дәмдеуіштер мен дәмдеуіштер өндірісі*

1084

21

Дайын тағам өнімдерін өндіру

1085

22

Балалар тағамын және емдәмдік тамақ өнімдерін өндіру

1086

23

Басқа санаттарға енгізілмеген басқа тамақ өнімдерін өндіру

1089

24

Фермалардағы жануарлар үшін дайын азықтар өндіру

1091

25

Үй жануарлары үшін дайын азық өндіру

1092

*ескертпе: ЭҚЖЖ 1071, 1072, 1082, 1083, 1084 кодтары шеңберінде қарыз беруге өнімді экспорттайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана жол беріледі.»

 

  1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13,
    71-құжат):

 көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

«Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімнің жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) кәсіпкерлік субъектілерін мынадай бағыттар бойынша қолдауға бағытталған шаралар кешенін айқындайды:

бірінші бағыт: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия тізбесін мақұлдаған екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ШОКС) қаржыландыру, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде ШОКС берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру, ЕДБ қарыздары бойынша айналым қаражатын толықтыру (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда), өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды қаржыландыру үшін кредит береді (бұдан
әрі – бірінші бағыт) (мақсатты пайдалану шарты «Цеснабанк» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Цеснабанк» АҚ) берген қарыздарға қолданылмайды);

екінші бағыт: «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚДБ» АҚ) өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан
әрі – ІКС) қаржыландыру, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі ІКС берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру, өңдеу өнеркәсібіндегі ІКС берілген ЕДБ қарыздары бойынша айналым қаражатын толықтыру, өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды қаржыландыру үшін ЕДБ-ға банкаралық кредит беруі (бұдан әрі – екінші бағыт) (мақсатты пайдалану шарты «Цеснабанк» АҚ берген қарыздарға қолданылмайды).»;

«Жалпы ережелер» деген бөлімде:

«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты орналастырудың талаптары мен тетіктері» деген кіші бөлімде:

4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап ЕДБ-ның кредиттік қаражатты игеру мерзімі:

инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттер бойынша – 12 ай;

айналым қаражатын толықтыру (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) және бұрын берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру мақсаттарына берілетін кредиттер бойынша – 6 ай.»;

4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) «Даму» КДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында жасалған кредиттік келісім шеңберінде:

Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-нан аспайтын бөлігін ЕДБ өңдеуші өнеркәсіпте ШОКС-ке берген қарыздарды қайта қаржыландыруға бағыттаған қарыздар үлесі құрайды;

Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-нан аспайтын бөлігін ЕДБ өңдеуші өнеркәсіпте ШОКС-тің айналым қаражатын толықтыру (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) мақсатына бағыттаған қарыздар үлесі құрайды;

Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 50 %-ын өңдеуші өнеркәсіпте ЕДБ ШОКС-тің жаңа жобаларын қаржыландыруға бағыттаған қарыздар үлесі құрайды.

Бұл ретте, Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде
25 %-ын ЕДБ ШОКС-тің тамақ өнеркәсібіндегі жобаларын қаржыландыру және қайта қаржыландыру үшін бағыттайтын қарыздарының үлесі құрайды.

2019 жылдан бастап ШОКС-ті қаржыландырудан қайтарылған қаражат есебінен 25 млрд. теңге Ұлттық қор қаражатының айналым мерзімінің соңына дейін қайтарылатын негізде экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыруға жолданатын болады.

Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру – өнімді өндіруге және экспортқа өткізуге байланысты айналым қаражатын толықтыруға (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) ШОКС жобасын қаржыландыру. Экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру – кейіннен экспорт үшін өнім өндіру мақсатында инвестициялық шығындарды жүзеге асыруға ШОКС қаражатын беру.

4-тармақтың 7) тармақшасында көзделген пропорцияларды сақтау ЕДБ қаражатын екінші рет орналастыруға қолданылмайды.»;

«Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген кіші бөлімде:

4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, ҚР ҰҚ қаражатының есебінен берілген барлық кредиттер үшін бір ШОКС-ға қаржыландырудың ең жоғары лимиті – 3 600 000 000 (үш миллиард алты жүз миллион) теңге;

2) кредит беру мерзімі:

жаңа жобаларға және ШОКС-тың қолданыстағы инвестициялық қарыздарын қайта қаржыландыруға – 10 жылдан аспайды;

айналым қаражатын толықтыруға және айналым қаражатын толықтыру (салық және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) мақсатында берілген қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыруға – 5 жылдан аспайды;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы кіші бөлімнің шарттары «Цеснабанк» АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.»;

«Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген кіші бөлімде:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылған:

«1) ең жоғары лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ІКС-ге берілетін қаржыландыру лимиті – 7 000 000 000 (жеті миллиард) теңгеге дейін;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы кіші бөлімнің шарттары «Цеснабанк» АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.».

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу енеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Қаржыландырылатын тамақ өнеркәсібі салаларының тізбесі

 

Р/с №

ЭҚЖЖ атауы

ЭҚЖЖ коды

1

Ет өңдеу және консервілеу

1011

2

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

1012

3

Ет өнімдерін және үй құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

1013

4

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

1020

5

Картопты өңдеу және консервілеу

1031

6

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

1032

7

Жемістер мен кекөністерді өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері

1039

8

Май және тоң май өндіру

1041

9

Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру

1042

10

Сүтті өңдеу және ірімшік өндіру

1051

11

Балмұздақ өндіру

1052

12

Ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

1061

13

Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

1062

14

Ұзақ сақталмайтын нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру*

1071

15

Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар өндірісі*

1072

16

Макарон өнімдерін өндіру

1073

17

Қант өндіру

1081

18

Какао, шоколад және қантты кондитерлік бұйымдар өндірісі*

1082

19

Шай және кофе өндіру*

1083

20

Дәмдеуіштер мен дәмдеуіштер өндірісі*

1084

21

Дайын тағам өнімдерін өндіру

1085

22

Балалар тағамын және емдәмдік тамақ өнімдерін өндіру

1086

23

Басқа санаттарға енгізілмеген басқа тамақ өнімдерін өндіру

1089

24

Фермалардағы жануарлар үшін дайын азықтар өндіру

1091

25

Үй жануарлары үшін дайын азық өндіру

1092

*ескертпе: ЭҚЖЖ 1071, 1072, 1082, 1083, 1084 кодтары шеңберінде қарыз беруге өнімді экспорттайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана жол беріледі.»

 

____________________

 

ҚР ҮҚ
Дата публикации
03 марта 2020