«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
2-тармақ 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларында:
4, 5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу үшін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат пайдаланылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының деңгейі мен өзгеруі бойынша жарияланған ресми деректер ақпарат көзі болып табылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
pi = Pbase*rav,i,
мұнда:
pi – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына i-ші тоқсандағы бөлшек сауда бағаларының шекті мәні, теңгемен;
pbase – тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы, теңгемен;
rav,i – тауар бойынша соңғы үш жылдағы i тоқсандағы (тоқсандардағы) баға индексінің орташа өзгерісі, пайызбен;
i – тоқсанның реттік нөмірі.
Астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы жылғы
20 қарашадағы бөлшек сауда бағасы тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы болып табылады.
Тауар бойынша соңғы үш жылдағы тоқсандарда баға индексінің орташа өзгерісі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
rn,i – тауар бойынша n-ші жылғы i тоқсандағы (тоқсандардағы) баға индексі, пайызбен;
rn-1,i – тауар бойынша n-1-ші жылғы i тоқсандағы (тоқсандардағы) баға индексі, пайызбен;
rn-2,i – тауар бойынша n-2-ші жылғы i тоқсандағы (тоқсандардағы) баға индексі, пайызбен;
n – бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері белгіленетін жылдың алдындағы жыл.
1) жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың бірінші, екінші және үшінші тоқсандарына арналған шекті мәндерін бекіту бойынша ұсыныстар;
2) жыл сайын ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейін ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін анықтау мақсатында уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарды берген күннен бастап макроэкономикалық талдау жүргізеді.
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қаулысымен бекітіледі.»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларда Комиссия бес жұмыс күн ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігіне ұсыным енгізеді.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі