"Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 377-НҚ бұйрығы

Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқу орталықтарын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидалары бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Министр

 

Б. Сұлтанов

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»      

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Приказ
Дата публикации
02 июля 2021