"Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 335-НҚ бұйрығы

Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

 

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Министр

                                                          

          Б. Сұлтанов

Приказ
Дата публикации
02 июля 2021