«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына, 16-бабының 3-тармағына және 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандары;
2) осы бұйрыққа 4, 5-қосымшаларға сәйкес аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандары бекітілсін;
көрсетілген бұйрыққа 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 14-қосымшалар алынып тасталсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
|
Б. Сұлтанов |