Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі