"Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығы

Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті бағалау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы  

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы

 

 

 

Е. Қазанбаев

Приказ
Дата публикации
02 июля 2021