«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және
Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларында:

6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету:

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 95 доллардан төмен болған кезде;

2032 жылғы 1 қаңтардан бастап 2036 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 100 доллардан төмен болған кезде;

2037 жылғы 1 қаңтардан бастап 2041 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін мұнайдың орташа айлық бағасы бір баррель үшін 105 доллардан төмен болған кезде;

2042 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнайдың орташа айлық бағасы баррель үшін 110 доллардан төмен болған кезде.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 1-қосымшада:

мына:

«

№

 

Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 коды)

Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

 «

№

 

Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 9 коды)*

Шикі мұнайға әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

Ашық түсті мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тоннасына АҚШ доллары

»;

 

мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе: *Каспий теңізінің қазақстандық секторында толығымен орналасқан теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының ережелерін ескере отырып жүзеге асырылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
    Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

 

 

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 февраля 2016 года № 81 «Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размера ставок и срока их действия и Правил расчета размера ставок вывозных таможенных пошлин на сырую нефть и товары, выработанные из нефти»
Дата публикации
24 июня 2021