Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге арналған тарифтік квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушалар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы

Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге арналған тарифтік квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушалар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы

 

"Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
    Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі                          

Бұйрығымен бекітілген

 

Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөлу қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Бір тараптан Еуразиялық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес әзірленді және Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөлу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;

3) тарифтік квотаның көлемі - тарифтік квота шеңберінде әкелу үшін бөлінетін заттай мәндегі тауар саны.

 

2-тарау. Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөлу тәртібі

 

  1. Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен жыл сайын бекітіледі.
  2. Тарифтік квоталар Сербия Республикасынан шығарылатын және Қазақстан Республикасына әкелінетін осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес тізбе бойынша, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға (бұдан әрі-тауар) қатысты қолданылады.
  3. Уәкілетті орган:

жыл сайын тарифтік квоталар қолданылған жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін өзінің ресми интернет - ресурста (www.gov.kz) түсіндіру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, тарифтік квоталардың қолданылу мерзімі және тауардың әрбір түрі бойынша көлемі туралы ақпаратты орналастырады;

ай сайын, айдың әрбір соңғы жұмыс күні тарифтік квоталардың қолданылу кезеңі ішінде өзінің ресми интернет - ресурсында (www.gov.kz) тауар импортына лицензиялар берілген тауарды әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемі және тауарды әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемі таусылғанға дейін бөлінбеген қалған тауарды әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемі туралы мәліметтер жариялайды;

жыл сайын, осы Қағидаларға сәйкес, сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөледі;

 жыл сайын тарифтiк квота қолданылатын жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін осы Қағидаларға сәйкес айқындалған көлемдерде тарифтік квота қолданылатын тауарлардың импортына сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға лицензиялар беруді жүзеге асырады.

  1. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар тауарды әкелуге арналған тарифтік квотаны алу үшін Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51 - НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет қағидаларына сәйкес тауарлар импортына лицензия алуға өтініш береді.
  2. Сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін тауарлар импортына лицензиялар тауарды әкелуге арналған тарифтік квота көлемі таусылғанға дейін тиісті кезеңге көзделген, тауарды әкелуге арналған тарифтік квота көлемінен 15 (он бес) пайыздан аспайтын көлемде беріледі.
  3. Лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген нысан бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган беретін тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
  4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарифтік квоталар қолданылатын Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелу көлемдері туралы ақпарат береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөлу қағидаларға 1-қосымша

 

Сербия Республикасынан шығарылатын және Қазақстан Республикасына әкелінетін, оларға қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарлардың тізбесі

 

 

№

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН код

1

 Сербия Республикасынан шығарылатын шөптер, Буттерказе ірімшігі және қой немесе ешкі сүтінен жасалған ірімшік қосып дайындалған, Глар ірімшігін қоспағанда, өзге де ірімшіктер, оларды әкелу 8-бағанда тауардың шығу тегі туралы сертификаттың "Glarus cheese with herbs", немесе "Buttercase cheese", немесе "Cheese made of goat' s or sheep's milk» белгісі болған кезде кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түрінде тарифтік преференцияны қолдана отырып жүзеге асырылады

0406 90 690 0

0406 90 740 0

0406 90 860 0

0406 90 890 0

0406 90 920 0

0406 90 930 0

0406 90 990 1

0406 90 990 9

2

 жүзім шарабын дистилляциялау және жүзім сығу нәтижесінде алынған спирт тұнбалары, өзгелері

2208 20 290 0

2208 20 890 0

3

құрамында темекі бар сигареттер

2402 20 100 0

2402 20 900 0






 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Сербия Республикасынан

 шығарылатын тауарлардың

жекелеген түрлерін Қазақстан

Республикасына әкелуге

сыртқы сауда қызметіне

қатысушылар арасында

 тарифтік квоталарды бөлу

қағидаларға 2-қосымша

 

Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін оларға қатысты тарифтік квоталар қолданылатын Қазақстан Республикасына әкелу көлемдері туралы ақпарат

 

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН код

Тоқсан бойынша деректер (айлар бойынша)

 

саны

құны

(АҚШ долларымен)

Сербия Республикасынан шығарылатын және 0406 90 690 0, 0406 90 740 0, 0406 90 860 0, 0406 90 890 0, 0406 90 920 0, 0406 90 930 0, 0406 90 990 1 және 0406 90 990 9 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтармен сыныпталатын, шөптер, Буттерказе ірімшігі және қой немесе ешкі сүтінен жасалған ірімшік қосып дайындалған, Глар ірімшігін қоспағанда, өзге де ірімшіктер, оларды әкелу 8-бағанда тауардың шығу тегі туралы сертификаттың "Glarus cheese with herbs", немесе "Buttercase cheese", немесе "Cheese made of goat' s or sheep's milk» белгісі болған кезде кедендік әкелу баждарын төлеуден босату түрінде тарифтік преференцияны қолдана отырып жүзеге асырылады

0406 90 690 0

0406 90 740 0

0406 90 860 0

0406 90 890 0

0406 90 920 0

0406 90 930 0

0406 90 990 1

0406 90 990 9

 

 

I ай

 

 

 

II ай

 

 

 

 

III ай

 

 

 

 

Тоқсан үшін жиыны

 

 

жүзім шарабын дистилляциялау және жүзім сығу нәтижесінде алынған спирт тұнбалары, өзгелері

2208 20 290 0

2208 20 890 0

I ай

 

 

II ай

 

 

III ай

 

 

Тоқсан үшін жиыны

 

 

құрамында темекі бар сигареттер

2402 20 100 0

2402 20 900 0

I ай

 

 

II ай

 

 

III ай

 

 

Тоқсан үшін жиыны

 

 

 

 

 

 

Об утверждении Правил распределения тарифных квот между участниками внешнеторговой деятельности на ввоз в Республику Казахстан отдельных видов товаров, происходящих из Республики Сербии
Дата публикации
17 июня 2021