Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
2017-2021 жылдарға арналған 2019 жылға арналған
Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есепке
ТАЛДАМАЛЫҚ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
(бұдан әрі – Министрлік) 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42 бұйрығымен бекітілді.
Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №64 бұйрығымен бекітілген Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес дайындалды.
Министрліктің Стратегиялық жоспары шеңберінде 2019 жылы
12 нысаналы индикаторды орындау көзделген.
- 7 нысаналы индикаторға қол жеткізілді:
- «Көтерме және бөлшек саудадағы жалпы қосылған құнның нақты көлем индексі» (жоспар – 3,9%, нақты – 7,6%);
- «Еркін немесе преференциялық сауда туралы келісімдерін жасау арқылы отандық тауарлардың және/немесе қызметтердің шетел нарықтарына қол жетімділігін жақсарту» (келісімдер, жоспар – 1,
нақты – 2);
- «Есептік кезеңде қол қойылған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және кеңейтуге бағытталған келісімдер (меморандумдар, бағдарламалар, іс-шаралар жоспарлары және өзге халықаралық құжаттар) жасасу жөніндегі келіссөздерді ескере отырып, сауда географиясын кеңейту» (келісімдер, жоспар – 2, нақты – 2);
- «Ұлттық стандарттарды қолдану деңгейі (қолданыстағы ұлттық стандарттардың жалпы санынан)» (жоспар – 41%, нақты – 41%);
- «Қазақстан Республикасы эталондарының өлшеу мүмкіндіктерін халықаралық тану деңгейі» (2018 жылға коэффициент, жоспар – 1,03%, нақты – 1,03%);
- «Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінің баламалылығын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың тануы (ILAC және IAF толыққанды мүшелігі)» (жоспар – 100%, нақты – 100%);
- «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу тиімділігінің деңгейі» (жоспар – 62%,нақты – 64,1%).
- 5 нысаналы индикатор орындалуда:
- «Көтерме және бөлшек саудадағы еңбек өнімділігі» (2016 жылғы деңгейге нақты өсім %, жоспар – 6,0%). Статистикалық жұмыстардың
2020 жылға арналған жоспарына сәйкес 2019 жылғы есептік статистикалық деректер 2020 жылғы шілдеде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің
(бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Анықтама: ҚР ҰЭМ СК деректеріне сәйкес 2019 жылдың 9 айында көтерме және бөлшек саудадағы еңбек өнімділігінің өсімі 2016 жылғы тиісті кезеңі деңгейінің 7,4%-ін құрайды.
- «Көтерме және бөлшек саудадағы инвестициялардың өсуі»
(2016 жылғы деңгейге нақты өсім %, жоспар – 134,5%). Статистикалық жұмыстардың 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес 2019 жылғы есептік статистикалық деректер 2020 жылғы шілдеде қалыптастырылады және
ҚР ҰЭМ СК ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Анықтама: ҚР ҰЭМ СК деректеріне сәйкес 2019 жылдың 11 айында көтерме және бөлшек саудадағы инвестициялардың өсімі 2016 жылғы тиісті кезеңі деңгейінің 125%-ін құрайды.
- «Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі» (жоспар – 1,7%). Статистикалық жұмыстардың 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес 2019 жылғы есептік статистикалық деректер 2020 жылғы
2-тоқсанының соңында қалыптастырылады және ҚР ҰЭМ СК ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Көрсетілген индикатор бойынша деректерді қалыптастыру кезеңділігі – жылына бір рет.
- «Импорттық кеден бажының орташа өлшемді мөлшері»
(жоспар – 4,9%). Қорытынды көрсеткіштер 2020 жылғы 1-тоқсанының соңында қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) және Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Көрсетілген индикатор бойынша деректерді қалыптастыру кезеңділігі – жылына бір рет.
- «Республика бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі» (жоспар – 17,0 млрд. АҚШ долл.). Қорытынды көрсеткіштер
2020 жылғы 1 тоқсанының соңында қалыптастырылады және ҚР ҰЭМ СК және ҚР ҚМ МКК ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Анықтама: ҚР ҰЭМ СК және ҚР ҚМ МКК деректеріне сәйкес
2019 жылдың 11 айында шикізаттық емес тауарлары экспортының көлемі 13,9 млрд. АҚШ долл. құрайды.
Министр Б. Сұлтанов