«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының
4-тармақшасына), Қазақстан Республикасының қаулысы 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
7 желтоқсандағы № 808 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы
13 желтоқсандағы № 920 Қазақстан Республикасының қаулысыны сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Ресурстар» деген 6-бөлім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Министр Б. Сұлтанов
|
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________________ _____ жылғы «____» __________ |
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі_______________ _____жылғы «____» __________ |