Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей Стратегия және цифрландыру департаментіне Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
- Стратегия және цифрландыру департаменті жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті Сауда және интеграция министрлігінің веб-порталында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы
Ж.М. Нөпіровке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Министр Б. Сұлтанов
|
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
|
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы бірінші вице-министрі
|