Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2019 жылғы «13» қыркүйектегі
№ 42 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2019 жылғы «13» қыркүйектегі
№ 42 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
(бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі сауда, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу және метрология, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту салаларындағы біртұтас және тиімді саясатын қалыптастыру.
Министрліктің пайымы:
3) Тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға және тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған техникалық реттеу.
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. Инфрақұрылымды дамыту мен сауда және халықаралық интеграция саласындағы елдің экономикалық мүдделерін ілгерілету
Ішкі сауда саласы
Сауда саласы отандық экономиканың негізгі секторларының бірі болып табылады, онда 2018 жылы шамамен 1,4 миллион адам (2017 жылы – 1,33 миллион) немесе экономикалық белсенді халықтың 15,1% - ы жұмыспен қамтылған.
2018 жылғы қаңтар – желтоқсанда бөлшек сауда айналымы 10 069,7 млрд.теңгені құрды, бұл 2017 жылғы тиісті кезең деңгейінен 6,5% - ға артық
(2017 жылы-8 847,1 млрд. теңге).
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық – түлік тауарларының үлесі 33,5% - ды, азық-түлік емес тауарлардың үлесі 66,5% - ды құрайды. Көрсетілген кезеңде азық – түлік тауарларын өткізу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1,6% - ға,
азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 11,2% - ға артты.
2018 жылдың басынан республиканың көтерме сауда айналымы 22 965,9 млрд.теңгені құрды немесе 2017 жылдың тиісті кезеңінен 8,2% – ға көп - 19 911,5 млрд. теңге.
Euromonitor International және McKinsey & Company (2017 жылы) зерттеулерінің деректері бойынша Қазақстандағы қазіргі заманғы өркениетті сауданың үлесі жалпы көлемнің тек 23% - ын құрайды, ал мысалы, Түркияда – 40%, Ресей мен ҚХР-да
66% - дан, ал АҚШ, Германия, Италия, Франция сияқты неғұрлым дамыған
елдерде - 85%.
Қазақстан саудасының өркениетті форматқа тиімді және жоспарлы түрде көшуі, сондай-ақ көлеңкелі экономиканы төмендету үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп рыноктарды стационарлық форматқа жаңғыртуды жүргізуде.
Қазіргі уақытта сауда базарларын жалпы паспорттау жүргізілді. Жүргізілген паспорттау қорытындысы бойынша ҚР-да 765 базар анықталды, оның 15-і жұмыс істемейді.
Ресми статистика мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы Қазақстанда – 765 нарық, 2017 жылы - 782 нарық жұмыс істеді.
Жұмыс істеп тұрған 750 сауда базарының басым бөлігі стационарлық емес форматта - 51% (379), тек 49% немесе 371 нарық стационарлық болып табылады.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы әмбебап сауда базарларын
2020 жылға дейін, халқы жүз мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қалаларда 2025 жылға дейін стационарлық форматқа көшіру қажет.
Сауда базарларын жаңғырту және стационарлық форматқа ауыстыру салықтық әкімшілендіруді жақсартуға және салықтық түсімдерді, оның ішінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды ұлғайтуға, базарларда сауда жасайтындарды жария етуге, олардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.
2019 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Заңнамалық түзетулер электрондық және биржалық сауданы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі ішкі сауданы жетілдіруге бағытталған.
Электрондық сауда бөлігінде заңнамалық шаралар электрондық сауда субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін ажыратуға, кедендік декларациялауды жеңілдетуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғау институтын күшейтуге, жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға, көлік шығындарын азайтуға, жеке курьерлік почтамен, интернет-дүкендермен және электрондық сауда алаңдарымен логистикалық процестердің аутсорсингін құруға, тұтастай алғанда ШОБ үшін бизнесті жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шаралар халықтың және Бизнестің электрондық саудаға деген сенімін арттыруға бағытталған.
Электрондық сауда нарығының көлемі 2018 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артты
(2017 жылы 174 млрд.теңге) және 269 млрд. теңгені құрады (халықаралық электрондық алаңдарды есепке алғанда).
Бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі электрондық сауда үлесі 2,9% құрады. Электрондық саудада сатып алушылардың саны 2 есе өсіп, 2017 жылы 1,3 млн.адамға қарсы 2,3 млн. адамды құрады. Нарықта 1 700-ден астам интернет-дүкен жұмыс істейді.
Жаңа Салық кодексінің шеңберінде электрондық сауданы жүзеге асыратын шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық ставкалары 100% - ға (КТС және ЖТС) төмендетілді.
2018 жылы осы жеңілдік шарттарын алуға ниет білдірген 331 жаңа электрондық сауда субъектісі тіркелді, 2019 жылғы шілдедегі жағдай бойынша олардың саны 535-ке жетті.
Бұдан басқа, елімізде шамамен 20 электрондық сауда алаңы жұмыс істейді, олар 1 млн.астам ШОБ субъектілеріне өз тауарларын электрондық сауда алаңдары арқылы сатуға мүмкіндік береді.
Электрондық сауданың жоғары деңгейі қоғамның даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Электрондық сауда көлемінің ұлғаюы кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы-экономикалық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және көлеңкелі экономика деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
2017 жылғы желтоқсанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, оны іске асыру үшін 2025 жылға қарай электрондық сауда үлесін 5% - ға дейін көтеруге мүмкіндік беретін 2019-2025 жылдарға арналған электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі кезекті Жол картасы қабылданды. Жол картасы 3 негізгі бағыт бойынша 31 іс-шараны көздейді: электрондық саудада экспортты арттыру, отандық кәсіпкерлерді электрондық саудаға тарту және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және электрондық сауданы ілгерілету.
Осы Заңның жекелеген бағыты тауар биржаларын жетілдіру жөніндегі нормалар болып табылады.
Нарықтық баға ұғымы енгізілді, яғни таза бәсекелестік және бизнес субъектілерінің биржалық саудаға еркін қол жеткізуі есебінен қалыптасқан бағалар.
Биржаның барлық қатысушыларының тең құқылы бәсекелестігін қамтамасыз етпейтін классикалық аукцион режимі алып тасталды.
Брокерлер мен дилерлерді лицензиялаудың тиімсіз институты алып тасталды. Бұл ретте, биржаларда аккредиттеу институтын сақтау және кәсіби өзін-өзі реттеуді енгізу есебінен бизнес-қоғамдастықтың жеке жауапкершілігі күшейтілді.
Заңда агроөнеркәсіптік сектордағы сауда мәселелеріне көп көңіл бөлінген:
- тұрақтандыру қорларының қызметі үшін үлкен икемділік енгізілді
(ӘКК-нің сатып алынатын тауардың уақыты мен санын дербес айқындау, сондай-ақ оны кейіннен өткізу жөніндегі өкілеттіктері кеңейтілді);
- ірі сауда желілерін олар үшін өзіндік құны бойынша әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларын (бұдан әрі - ӘМАТ) сатудың қарсы міндеттемелерін белгілей отырып, қаржыландыру мүмкіндігі енгізілді;
- ӘМАТ өткізуге сыйақы белгілеуге және қалған азық-түлік тауарлары үшін 5% - дан аспайтын мөлшерде белгілеуге тыйым салынды;
- жергілікті атқарушы органдарға көшпелі сауда орындарын, бағыттарын анықтау және бекіту құзыреті берілген.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдеріне сәйкес мұнай және мұнай өнімдерінің бірыңғай ортақ нарығын құру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын құру көзделген.
Осы бағыттарды іске асыру үшін 2023 жылға қарай бірыңғай биржалық кеңістік, ашық биржалық баға индикаторлары қалыптастырылады, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай биржалық кеңістігі шеңберінде жасалған биржалық мәмілелерді орындау тетігі айқындалатын болады.
Сондай-ақ 2020 жылға қарай газдың биржалық сауда-саттығын жүзеге асырудың келісілген тәртібін белгілеу жоспарлануда. 2022 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақ аумағында газдың биржалық сауда-саттығы жүзеге асырылуы мүмкін бір немесе бірнеше тауар биржаларын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
2025 жылға қарай мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіруді және мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың күшіне енуін қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ішкі сауда және агроөнеркәсіптік кешендегі заңнаманы жетілдіруге, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ӘМАТ бағаларын ұстап тұру мәселелері «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңымен, «ӘМАТ бөлшек сауда бағалардың шекті мәндерін және оларға жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалардың мөлшерін белгілеу туралы» ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қағидаларымен, сондай-ақ ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің үлгі қағидаларымен регламенттелген.
Бірқатар тежеуіш шаралар бекітілген ӘМАТ тауарларының тізбесі Үкімет қаулысымен айқындалған және 19 атаудан тұрады (ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, күнбағыс және сары май, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, жұмыртқа, тұз, сүзбе).
«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 8-бабымен әкімдіктерге ӘМАТ шекті мәндерін және шекті бағаларды белгілеу бойынша құзырет берілген.
Сондай-ақ, ӘМАТ бағаларының негізсіз өсуін тежеу үшін жергілікті атқарушы органдар тұрақтандыру қорлары мен әлеуметтік азық-түлік кооперативтерінің резервтерін пайдаланады.
Тұрақтандыру қорлары жұмысының қолданыстағы қағидаты астық жинау және бағаның барынша төмендеу кезеңінде азық-түлік тауарларын сатып алуды және оларды бағалардың маусымдық өсуі кезінде ішкі нарықта сатуды болжайды.
Әкімдіктердің сауда желілеріне бір жылға пайызсыз қарыз беру мүмкіндігі енгізілді, олар үшін белгіленген ставкамен ӘМАТ-ны өткізу бойынша қарсы міндеттемелер белгіленді (әкімдіктер үшін үлгі қағидаларды бекіту бойынша АШМ құзыреті бекітілді).
Биржалық сауданың дамуына мыналар теріс әсер етеді:
1) отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
2) биржалық саудаға барлық қатысушылардың Қазақстан Республикасының биржалық заңнамасының талаптарын сақтамауы;
3) тауарлық биржалық инфрақұрылымға инвестициялардың болмауы;
4) тауар биржаларының көп саны.
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
Көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі есебінен сауда секторының инвестициялық тартымдылығын төмендету |
ҚР заңнамасын жетілдіру және мынадай тиімді шараларды енгізу бойынша: - сауда секторының өркениетті форматқа көшуі; - электрондық коммерцияны дамыту; - қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу; - кәсіпкерлік субъектілерінің барлық жерде онлайн БКМ қолдануы; - тауарларды таңбалау және қадағалау институтын енгізу |
Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауданың даму саласы
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының көлемі 2016 жылы – 62,0 млрд. АҚШ доллар, 2017 жылы - 77,6 млрд. АҚШ доллар, 2018 жылы - 93,5 млрд. АҚШ доллар құрды, 2017 жылмен салыстырғанда 19,7% өсті.
2016 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен сауда айналымы 13,6 млрд. АҚШ долларын, 2017 жылы 17,8 млрд. АҚШ долларын, 2018 жылы 19,1 млрд. АҚШ долларын құрды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (17,8 млрд. АҚШ долл) 7,5% -ға жоғары.
Қазақстандық өнімдердің экспорты 2018 жылы 25,7% -ға артып, 61,0 млрд. АҚШ долл. құрады.
Қазақстаннан экспортталатын негізгі тауар: шикі мұнай - 37,8 млрд. АҚШ доллары (62% үлесімен), табиғи газ - 3 млрд. доллар (4,9%), мыс пен мыс катодтары - 2,4% млрд. доллар (4%), ферроқорытпалар - 2,2 млрд. АҚШ доллары (3,6%),
уран - 1,3 млрд АҚШ доллары (2,2%), мұнай өнімдері - 1,2 млрд. АҚШ доллары (2%), мыс кендері мен концентраттары - 1,2 млрд. АҚШ доллары (1,9%), бидай - 965,4 млн. АҚШ доллары (1,6%), жалпақ илек ыстықтай илектелген болат - 641 млн. доллар (1,1%), өңделмеген алюминий - 574,6 млн. доллар (0,94%).
Қазақстанға импорт көлемі 2018 жылы 9,9% -ға артып, 32,5 млрд. АҚШ долл. құрды.
Импорттың өсуі мынадай тауарлардың импортының ұлғаюымен негізделеді: электр қозғалтқыштары мен қондырғыларының бөліктері - 24,3 п. немесе 379,3 млн. долларға (16,3 доллардан 395,6 млн долларға дейін), ұшақ аппараттары - 2,6 рубльге дейін ұлғайды немесе 299,8 млн. АҚШ долларына (193,2-ден 493,0 млн. АҚШ долларына дейін), қара металдардан жасалған металл конструкциялары 78,8% -ға немесе 233,5 млн. АҚШ долларына (296, 2-ден 529,7 млн. долларға дейін), құбырларға арналған арматура - 42,5% -ға немесе 174,4 млн. долларға (410,6-дан 585,0 млн. долларға дейін), телефон аппараттары - 16,5% -ға немесе 140,8 млн. долларға ($ 850,9-дан $ 991,7 млн-ға дейін), қара металдардың құбырлары,
түтіктері мен жіксіз профильдері - 34,2% немесе 137, 5 млн. доллар
(401,7-тен 539,3 млн. долларға дейін), жол-құрылыс техникасы - 54,6% -ға немесе
125,9 млн.долларға (230,4-тен 356-ға дейін, $ 3 млн).
Қазақстанға дүниежүзінен импортталатын негізгі тауарлар: телефон аппараттары - 991,7 млн. АҚШ доллары (3% үлесімен), бөлшек сауда үшін оралмаған дәрілік заттар - 876,5 млн. доллар (2,7%), мұнай өнімдері - 805,1 млн. доллар (2,5%), жеңіл көліктер - 606,1 млн. доллар (1,9%), құбырларға арналған арматура - 585 млн., қара металдан жасалған құбырлар, түтіктер мен жіксіз профильдер - $ 539,3 млн (1,7%), қара металдардан жасалған металл конструкциялары - 529,7 млн. доллар (1,6%), ұшақ аппараттары - $ 493 млн (1,5%).
Сауда қатынастарын дамыту және нығайту, сондай-ақ отандық тауарларды әлемдік нарықта жылжыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында еркін сауда аймақтарын құру және сауданың неғұрлым либералды ережелерін көздейтін үшінші елдермен преференциялық келісімдер жасау жұмыстары жүргізілуде.
Көпжақты сауда-экономикалық жүйе шеңберінде Қазақстанның негізгі басымдықтары ДСҰ нормалары мен ережелерін ескере отырып, Қазақстанның осы жүйеге қатысуын қамтамасыз ету, қазақстандық өнімдерді сату нарығы мен сыртқы нарықтарда өндірушілердің қызметіне бәсекеге қабілетті жағдайды қамтамасыз ету үшін преференциялық құралдарды пайдалану болып табылады.
ДСҰ аясындағы жұмыс шарттары қатысушы елдердің сауда режимдерін ырықтандыруды, саудадағы түрлі кедергілерді азайтуды, ДСҰ мүше елдердің нарықтарына кемсітусіз қол жеткізу арқылы қазақстандық өнімдер экспортының географиясын кеңейтуді көздейді, бұл біздің өндірушілерге сыртқы нарықтарда тең шарттарда бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Өндірістің, ресурстардың және нарықтардың бәсекеге қабілетті аймақтарына қол жетімділік деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі шектеулерді жою және қолайлы бизнес-ортаны құру болып табылады.
Сауданы жеңілдетуге жәрдемдесу мақсатында қолданыстағы кедендік-тарифтік, тарифтік емес шаралар импорттық кедендік баждардың қолданылатын тарифтерін талдау, әлемдік тәжірибе тұрғысынан заңсыз кедергілерді анықтау және жою жолымен жүйелі түрде қаралып отырады.
Сауда-экономикалық саясатты дамыту үшін Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуы аса маңызды болып табылады. ЕАЭО шеңберіндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру қазақстандық өндірушілердің 183,8 млн. адамнан аса халқы бар әріптес елдердің нарықтарына қол жеткізуі үшін қолайлы жағдай жасайды. Интеграция экономикаға ортақ нарықтар (газ, мұнай және мұнай өнімдері, көрсетілетін қызметтер, қаржы нарығы және басқа) құру, өзара саудада кедергілерді жою, ақпараттық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы әсер ететін болады.
Қазақстан Республикасы көп векторлы халықаралық саясат жүргізеді.
Сауда-экономикалық саясатты қалыптастыру мен іске асыруда үкіметаралық комиссиялардың нәтижелері айтарлықтай роль атқарады, олардың қорытындылары уағдаластықтардың біртұтас кешені болуы мүмкін.
Министрлік Ресей Федерациясымен (Мемлекет басшыларының қатысуымен), Өзбекстан Республикасымен және Қытай Халық Республикасымен өңіраралық ынтымақтастық форумдардың ұйымдастырушысы болып табылады.
Сыртқы сауданы дамытуға мыналар теріс әсер етеді:
Өткен жылдары Қазақстан Республикасының БКТ ЕАЭО-дан босату тізімін жаңарту мәселесін талқылау кезінде ЕАЭО-ның жекелеген мүшелері құжат жобасына қол қоймау практикасы қалыптасқан, бұл ДСҰ-дағы Қазақстан Республикасының тарифтік міндеттемелерінің орындалуына қауіп төндіреді.
Міндеттемелердің орындалмауын болдырмау үшін осындай ұлттық актінің жобасын уақтылы дайындау қажет, сондай-ақ бұл мәселені ЕАЭО аясында барынша мүмкін болған дәрежеде шешуге болады.
Әлемдік нарықтардағы ағымдағы жағдай импортталатын тауарлардың олардың нарықтарына қолжетімділігін шектеу жөніндегі протекционистік әрекеттен қалыптасады. Бұдан басқа, сыртқы нарықтардағы бәсекелестіктің күшеюі және жекелеген жаһандық экономикаларға санкцияланған қысым қазақстандық өнімдердің дәстүрлі ірі тұтынушылары болып табылатын ЕАЭО елдерінің нарықтарында бәсекелестікті қатаңдатуға әкеп соғады.
Осыған байланысты отандық өндірісті жосықсыз сауда тәжірибесінен қорғау мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Сонымен қатар, экономика салаларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауда ішкі нарықты қорғау шаралары ерекше қорғаныс, демпингке қарсы және өтемақы шаралары (сауда шаралары) маңызды рөл атқарады. Сауда шаралары отандық өндірісті импорттан қорғаудың заңды құралы болып табылады, Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаларымен рұқсат етілген және
ДСҰ-ға мүше елдерде кеңінен қолданылады.
Егер үшінші елдер қазақстандық тауарлардың басқа елдердің нарықтарына шығуын шектейтін қандай да болмасын сауда шаралары жөнінде бастамашылық еткен немесе оларды енгізген жағдайда, келіссөздер процестерін енгізу арқылы қазақстандық кәсіпорындардың мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жүргізіледі, онда тараптардың ауызша мәлімдемесі, келтірілген дәлелдер мен негіздер, рәсімдік сәттер бойынша қойылған сұрақтарға жауаптарды нақтылау және басқалар болуы мүмкін. Сондай-ақ осы мәселелер шеңберінде негізгі мәселе - бұл сауда-саттық тергеулерін бастайтын және жүргізетін үшінші елдердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылдар болып табылады, оларға Қазақстанның позициясы мен пікірі, сондай-ақ тергеу сауалнамаларына жауаптар жіберіледі және жария тыңдауларға қатысады, талқылау мәселелеріне қатысты басқа да іс-шаралар.
Валюта бағамы елдің сыртқы саудасына елеулі әсер ететінін атап өту қажет, себебі әлемдік нарықтарда өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі көбіне оның деңгейіне байланысты.
ЕАЭО ішкі нарығы тауарлардың, тұлғалардың, көрсетілетін қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысын қаматамасыз ететін экономикалық кеңістікті қамтиды. Сонымен қатар, бүгінгі күні ЕАЭО шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінің нарықтарына қол жеткізу кезінде әкімшіліктік кедергілер, шектеулер, алып тастаулар сақталуда.
Мәселен, қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланатын тізілімге сәйкес ЕАЭО ішкі нарығында 71 тосқауыл бар.
Осыған байланысты тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің трансшекаралық еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мүше мемлекеттерімен бірлесіп ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді, шектеулер мен алып тастауларды жою бойынша жұмыс жүргізілуде.
|
Мақсатқа қолжеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
1 |
2 |
|
Шет мемлекеттің Қазақстаннан шығарылған тауарларға қатысты сауда және басқа да шектеу шараларын қолдануы |
Мемлекеттік органдар құзыреті шегінде сауда немесе басқа да шектеу шараларын қолданған Тараппен келіссөздер жүргізу |
|
Қазақстан Республикасының кезекті өзектендірілген алып тастаулар тізбесін қабылдамау |
Қазақстанның алып тастаулар тізімін уақтылы қабылдау, сондай-ақ ЕАЭО БКТ ставкаларын қайта қарау бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде жұмыс жүргізу |
|
Қазақстандық өнімнің ЕАЭО мүше мемлекеттерінің нарығына қол жеткізуде мүше мемлекеттердің тосқауылдарды қолдануы.
|
Тосқауылдарды жою мақсатында мүше мемлекеттермен және ЕЭК-пен консультациялар өткізу. Қажет болған жағдайда оларды ЕАЭО органдарының қарауына шығару.
|
2-стратегиялық бағыт. Экспортты дамыту және ілгерілету
Шикізат емес экспортын дамыту және ілгерілету саласы
Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясы саласындағы тұрақты прогресс оның экспорты географиясының кеңеюімен қоса жүреді. Қазақстандық өнім әлемнің 117 еліне экспортталады. 2015 жылы Қазақстан 204 елдің арасында әлемдік экспорт көлемінің тиісінше 0,28 % үлесімен 50-орын, 2016 жылы 0,23 % үлесімен 52-орын алды.
Экспорттық себеттің географиялық құрылымында 6 ел басымдыққа ие
(Италия, Қытай, Нидерланды, Ресей, Франция, Швейцария), соңғы 10 жыл ішінде оларға тауар экспортының жалпы көлемінен шамамен 63 % экспортталды.
Қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспорты 2012 жылы шарықтау шегіне жетіп, 91,3 млрд. АҚШ долларын құрды.
Қазақстандық экспорттың құрылымында мұнай мен газ конденсатының басым болуына байланысты оның құны құбылмалылығымен ерекшеленеді және көмірсутегі шикізатының бағаларымен сәйкес келеді.
Мәселен, 2015 жылы қазақстандық экспорттың құны 2014 жылмен салыстырғанда 42 %-ға төмендеді. Экспорттың осылайша күрт төмендеуі дағдарысты 2009 жылы ғана байқалған болатын.
2016 жылы экспорт өзінің төмендеуін жалғастырды және оның көлемі 2007 жылғы деңгейден төмен түсіп кетті. Негізгі себебі Қазақстанның экспорт себетінің елеулі үлесін алатын тауар позициялары (мұнай, мыс, кендер) бағасының жүйелі түрде төмендеуі болып табылады.
Дегенмен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-дегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортының үлесі 32 %-ды құрды, бұл көптеген ірі дамыған және дамушы экономикалардың ұқсас көрсеткіштерінен жоғары.
Бұл қазақстандық экономиканың жоғары ашықтық дәрежесін көрсетеді және сонымен бірге экспорттың құрылымына байланысты қатерлерге едәуір сезімталдықты айғақтайды. Жеткілікті әртараптандырылмаған экспорт себеті ел экономикасына теріс ықпал ететін елеулі баға соққысына жағдай жасайды.
Орта мерзімді перспективада әлемдік және қазақстандық экономикаға, оның ішінде Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетіне төмендегі жаһандық трендтер елеулі ықпал етеді.
1) Халықтың өсуі, урбандалу және халықтың қартаюы
Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша 2030 жылға қарай 8,5 млрд. адам деңгейіне дейін халық санының бір млрд. астам өсуі болжанған, бұдан әрі әлем халқы 2050 жылы 9,7 млрд. дейін және 2100 жылға қарай 11,2 млрд. дейін өседі. Атап айтқанда, 2022 жылға қарай Үндістан мен Қытай халқының саны теңеседі және әр елде 1,4 млрд. адамға жетеді. Аталған елдер әлеуетті өткізу нарығы ретінде Қазақстанның экспорттық мүддесінің аясында. Халық санының өсуі аясында азық-түлікке және ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың тұрақты ұлғаюы күтіледі.
БҰҰ деректері бойынша 2009 жылдан бастап қалаларда тұратын халық саны ауыл халқының санынан асады және осы үрдіс өсу үстінде. Жыл сайын қала халқының әлемдік саны 65 млн. адамға өсіп келеді. 2010 – 2025 жылдар аралығында әлемдік ЖІӨ өсімінің шамамен жартысы дамушы нарықтарда орналасқан 440 қалаға тиесілі болады, бұл ретте, олардың 95 %-ы шағын немесе орташа қалалар.
2050 жылға қарай қалаларда әлем халқының үлесі 66 %-ға жетеді. 2014 жылы Солтүстік Америка (82 %), Латын Америкасы және Кариб бассейні (80 %), сондай-ақ Еуропа (73 %) елдері ең урбандалған өңірлер болды. Егер қазақстандық компаниялар ең жылдам өсіп келе жатқан нарықтарда өзіне орын қамтамасыз етпесе, олардың салыстырмалы мөлшері бәсекелестеріне жетуге мүмкіндік бермейді және ауқымы мен негізгі әлемдік өсу нүктелеріне қол жеткізудің жеткіліксіздігі себебінен артта қала бастайды. Атап айтқанда, Еуропа елдері Қазақстан үшін экспорттық қызығушылық туғызады, өйткені урбандалу өсімі осы елдердің тарапынан энергия тасымалдағыштарға және шикізаттық емес тауарларға сұраныстың артуына ықпал етеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша
2015 – 2050 жылдар аралығында 60 жастан асқан адамдар санының үлесі 12 %-дан 22 %-ға дейін өседі деп болжанады. Демографиялық факторлар әлемдік тұтыну құрылымының өзгеруіне тікелей әсер етеді. Әлем халқының қартаюы медициналық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың артуына әкеп соғады. 2015 жылы 60 жастан асқан 508 млн. адам Азияда тұрған, бұл осы жас тобындағы әлем халқының 56 %-ын құрайды. 2030 жылға қарай 845 млн. адамға дейін өсуі күтілуде, осылайша, Азия елдерінде 60 жастан асқан әлем халқының 60 %-ы өмір сүретін болады. Тиісінше, осы тренд азиялық өңірдің бір бөлігі ретінде Қазақстанға да ықпал етеді.
Экспорттық әлеуеттің дамуына кедергі келтіретін негізгі сын-қатерлер мен кедергілерге мыналарды жатқызуға болады:
1) Қазақстандық экспортты ілгерілету тетіктерін жетілдіру проблемасы, бірыңғай институционалдық жүйені құру қажеттілігі.
Экспорттың дамуын тежейтін қазіргі басқарушылық кедергілер мен шектеулер экспорттаушыларды қолдаудың және олардың қызметін бақылаудың тиімсіз жүйесіне, қажетті ведомствоаралық өзара іс-қимылдың және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету саласында үйлестірудің болмауына негізделген.
Экспортты қолдау институттары мен инфрақұрылымы әртүрлі ведомстволарға бағынатындықтан, әлі біртұтас жұмыс істеп тұрған жоқ. Жүйелілік пен өзара байланыстылықтың жеткіліксіздігінен, сондай-ақ ЖІӨ-ге қатысты экспорттаушыларды қолдау шараларын қаржыландырудың үлесі төмен болғандықтан және түрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде экспортты үйлестірілмеген, байланыссыз қолдау себебінен экспортты қолдаудың қолданыстағы құралдары экспорттаушыларға жаппай әсер етіп жатқан жоқ. Кәсіпкерлердің өзара және мемлекетпен өзара іс-қимыл жасау форматтарының жеткіліксіздігі ақпарат алмасуды баяулатады және қабылданатын шаралардың нәтижелілігін төмендетеді.
Экспортты ілгерілету жүйесінде республикалық және өңірлік деңгейлерде «бір терезе» тетіктері құрылмаған, бұл экспорттаушылардың қолдау шаралары мен құралдарын кешенді пайдалануын, әсіресе, шағын және орта бизнестің өкілдері болып табылатын экспорттаушыларға жәрдемдесу үшін айтарлықтай қиындатады.
Қазіргі уақытта KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттік функцияларын жүзеге асыратын жалғыз мамандандырылған сақтандыру ұйымы болып табылады. Осы бағытта KazakhExport қазақстандық экспорттаушыларға мынадай қызметтер ұсынады: экспорттаушының кредитін сақтандыру, экспорттық саудалық қаржыландыру және экспорт алдындағы қаржыландыру. Бұл ретте Компанияның ұйымдық-құқықтық нысаны басқа қызмет түрлерімен айналысуға және экспортты ілгерілету жөніндегі оператор болуға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Компания Экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор болып айқындалған жағдайда, оның өкілеттіктерін кеңейту және ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту қажет.
Қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету бойынша қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында экспорттаушыларды қолдаудың осы саладағы озық әлемдік практикаларға негізделетін және қазақстандық ұйымдардың сыртқы нарықтардағы қызметінің бәсекелестік шарттарын қамтамасыз ете алатын ұлттық жүйесін құру қажет. Осыған байланысты экспортты ілгерілету саласында үйлестіруді жетілдіру бойынша бастамаларды іске асыруды қамтитын, оның ішінде экспорттаушылар үшін «бір терезе» құру есебінен іске асыруды қамтитын экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық негіздерін құру қажет.
Әлемдік практикаға сәйкес «бір терезені» енгізу мемлекеттік органдар мен даму институттарына қызметтерді ұсыну сапасын арттыруға және мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
2) Экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларының тиімділігі проблемасы.
Қолдаудың қаржылық шараларының негізгі кемшілігі кредиттік ресурстардың қымбатшылығы болып табылады. Отандық экспорттаушылар экспорттық нарықтар үшін бәсекелестік күресте көп жағдайда өз өнімдерін шетелдік сатып алушыларға шетелдік бәсекелестер қамтамасыз ете алатын тартымды кредиттік шарттарда ұсына алмайтындығына байланысты жеңіліс табады. Қазіргі уақытта "KazakhExport" экспорттық кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелер АҚШ долларында
9 және одан астам жылдық пайызды құрады. Бұл ретте ДСҰ нормативтері экспорттық кредиттік агенттіктерінің пайыздық мөлшерлемені анықтамалық коммерциялық пайыздық мөлшерлеме деңгейінде белгілеуге мүмкіндік береді (Commercial Interest Reference Rate – CIRR). 2017 жылғы 15 шілде мен 14 тамыз аралығында анықтамалық коммерциялық пайыздық мөлшерлеме 4 %-дан аспаған.
Сондай-ақ экспортты қаржылай қолдау жүйесінің негізгі кемшіліктерінің қатарында күрделі корпоративтік рәсімдерді және қолдау жүйесі әкімшілерінің түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге ынтасының болмауын («процесс үшін процесс»), қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нашар жарнамалануын, әлемдік нарықта қазақстандық брендтердің аз танымалдығын атап өткен жөн.
Әлемдік нарықта Қазақстан шикізат өнімін шығаратын ел ретінде танымал. Сонымен, соңғы жылы беделді шетелдік БАҚ-та (Financial Times, Bloomberg, Ведомости) Қазақстанның экономикасы мен экспортына қатысты тақырыптар бойынша жарияланған жаңалықтарда мұнай-газ, уран өндіру салаларындағы және металлургиядағы тақырыптар басым.
3) Экспорттық рәсімдердің кемшіліктері.
Кеден саласындағы заңнаманы жақсартуды қоса алғанда, әкімшілік кедергілерді жою немесе азайту бойынша қабылданған қадамдарға қарамастан, экспортпен байланысты компаниялардың қызметін реттеу ауыртпашылық түсіріп отыр.
4) Көліктік-логистикалық көрсетілетін қызметтердің нашар дамуы және инфрақұрылымды жаңғырту қажеттігі.
5) Қазақстандық өндірушілер өнімінің халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмеуі.
Халықаралық нарықтарда Қазақстанның жаһандық экономикалық мүдделерін іске асыру стандарттау және сертификаттау жүйесін үнемі жетілдіруді, сондай-ақ оның халықаралық нормаларға сәйкестігін талап етеді. Кейбір қазақстандық тауарлардың халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмеуіне байланысты қазақстандық өндірушілердің төмен бәсекеге қабілеттілігі отандық экспорттың өсуін және басым елдердің нарығына шығу мүмкіндігін тежеуші фактор болып табылады.
Отандық өндіруші экспорттаушылардың алдында өзінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін шығарылатын тауарлардың сапасын ЕАЭО шеңберіндегі стандарттарға, сол сияқты халықаралық жалпыға ортақ ISO 9000 және ISO14000 стандарттарына сәйкес біріздендіру қажеттілігі туындайды.
Түрлі салаларда қазақстандық өнімді халықаралық стандарттарға сәйкес өзгерту жүргізілуде. «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптары және қолдану жөніндегі нұсқама» ISO 14001–2016 Қазақстан Республикасы СТ ұлттық стандарты шаруашылық жүргізуші субъектілерді экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен қамтамасыз етуге арналған. 2009 жылдан бастап бидайға жаңа МЕМСТ, «Бидай. Техникалық шарттар» 1046-2008 Қазақстан Республикасы
СТ қолданылады. Аталмыш МЕМСТ-те ақуыздың, протеиннің үлес салмағын айқындау көзделген. Осы МЕМСТ-ті енгізу себебі біздің стратегиялық тауарды халықаралық нормалармен үйлестіруге ұмтылу болып табылады.
Жүргізіліп отырған іс-шараларға қарамастан, отандық экспорттаушылар әлі күнге дейін әлемдік экономикалық байланыстарда ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттардың жеткіліксіз үйлестірілуі себебінен техникалық кедергілер проблемасына тап болуда. Бүгінгі күні қазақстандық тауар өндірушілер Қазақстан аумағында жүргізілген өнімді сертификаттауды әріптес елдердің тануы проблемасына ұшырауда. Сондай-ақ тауар өнімінің сәйкестігін бағалайтын өңірлік орталықтардың болмауы қазақстандық экспорттаушыларды қосымша шығынға ұшыратады.
6) Әріптес елдер тарапынан сауда кедергілері. ДСҰ шеңберінде Қазақстан Республикасының негізгі әріптестерінің бірі – Қытай Қазақстанға тікелей немесе жанама түрде қолданылатын бірқатар техникалық, санитариялық, фитосанитариялық және басқа да сауда шараларына (2161) бастамашылық жасады. 2017 жылғы
30 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандық экспорттың перспективті өткізу нарықтары болып табылатын елдер (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 1556 шектеу сауда шараларын енгізді, олар аталған елдерге қазақстандық тауарлар экспортына әсер етуі мүмкін.
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
1 |
2 |
|
Отандық кәсіпорындардың экспортқа арналған қолдау шаралар алуға қызығушылық танытпауы |
Кәсіпорындар арасында экспортты ілгерілету шаралары туралы түсіндіру жұмысын жүргізу
|
|
Әлемдік сын-қатерлерге сай келмейтін қаржы және қаржы емес қолдау шараларының төмен тиімділігі
|
Экспорттаушыларды қаржы және қаржы емес қолдаудың дәстүрлі шараларын күшейту және жаңаларын енгізу
|
3-стратегиялық бағыт. Қазақстандық өнімнің сапасын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласы
Халықаралық талаптарға сәйкес техникалық реттеу, стандарттау және метрология жүйесін үйлестіру индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасауға қолайлы жағдай туғызады.
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін
(бұдан әрі – ЕАЭО ТР) әзірлеу Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 79 шешімімен
(2018 жылғы 16 ақпандағы №79 өзгерістерімен) бекітілген ЕАЭО ТР техникалық регламенттеріне (бұдан әрі – КО ТР) өзгерістер енгізу жоспарына сәйкес жүргізіледі, онда ЕАЭО 13 ТР-ін әзірлеу және КО ТР-ға 28 өзгеріс көзделген.
Қазіргі уақытта КО мен ЕАЭО 47 ТР қабылданды, олардың 42-і күшіне енді, оларға қатысты жеңіл өнеркәсіп, авто және темір жол көлігі, тамақ өнеркәсібі, төмен вольтты жабдықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлар, ойыншықтар, бензин, дизель және кеме отыны, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын және отындық мазут, жарылғыш заттар, шағын өлшемді кемелер, лифтілер және т.б. қоса алғанда, бірыңғай тауарлар нарығы жұмыс істейді.
2018 жыл ішінде:
- «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газының қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР, «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР, «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы»
18/2011 КО ТР-ға №2 өзгеріс және «Азық-түлік өнімдері оның таңбалануы бөлігінде» 022/2011 КО ТР-ға №2 өзгеріс қабылданды:
- «Отын ретінде пайдалану үшін сұйытылған көмірсутектерге газдарға қойылатын талаптар», «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы», «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» және «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО 4 ТР күшіне енді.
2019 жыл ішінде:
- «Табиғи минералды суды қоса алғанда, буып-түйілген ауыз судың қауіпсіздігі туралы» (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап), «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы»
(2019 жылғы 1 шілдеден бастап) ЕАЭО 2 ТР күшіне енді.
2019 жылы 11 сәуірде ұлттық стандарттау жүйесі айқындалған «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, онда стандарттау жөніндегі ұлттық орган (СҰО) белгілі бір рөл атқарады.
ҰСО-ның миссиясы стандарттау процесінде, жоспарлаудан бастап стандарттарды қолдану мониторингіне дейін тиімді оператор, яғни стандарттау жөніндегі талдамалық және әдіснамалық орталық болып белгіленген. Осының нәтижесінде қазақстандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған консенсус негізінде талап етілетін стандарттар әзірленетін болады.
Бәсекеге қабілетті отандық өнімнің сапасын арттыру, іске асыру және өндірушілердің экспортқа бағдарлануын қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген және Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасына кіретін экономика салаларының басым бағыттарына сүйене отырып, ұлттық стандарттау жоспары қалыптастырылады.
2010-2018 жылдар кезеңінде Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорындағы құжаттар саны 59926-дан 71500-ге дейін, оның ішінде халықаралық талаптармен 70%-ға үйлестірілген ұлттық стандарттар 3468-ден
8817-ге дейін артты.
Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы қолжетімді және өзекті ақпаратпен, стандарттау жөніндегі қажетті құжаттармен қамтамасыз ету мақсатында нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын жүргізу және сүйемелдеу жүзеге асырылады, оның ішінде:
- нормативтік техникалық құжаттардың электрондық мұрағатын жүргізу мақсатында мемлекеттік органдардың нормативтік техникалық құжаттарын жинақтау және сақтау, стандарттау жөніндегі құжаттарды
(әскери ұлттық стандарттар мен ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) сақтау және өзектендіру;
- техникалық-экономикалық ақпараттың Ұлттық, ұлттық жіктеуіштері және халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары туралы ақпарат ретінде қабылданған ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың толық мәтінді ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Берілген көлік құралының типін мақұлдаудың (КҚТМ) бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліміне шасси типін мақұлдау (ШТМ), көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер және Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (018/2011 КО ТР) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттың күшін жою туралы тіркелген хабарламалар, 126 КҚТМ және 24 ШТМ, оның ішінде 2018 жыл ішінде 42 КҚТМ, 8 ШТМ туралы мәліметтер енгізілді.
Жыл сайын менеджмент жүйесін сертификаттаған және енгізген, оның ішінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындар саны ұлғаюда (ИСО халықаралық стандарттары негізінде 17 476 отандық кәсіпорындар халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігіне менеджмент жүйесін енгізді және сертификаттады, 2017 жылмен салыстырғанда менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар саны 6881-ге, 2016 жылы - 7802-ге, 2015 жылы -
9715-ке ұлғайды).
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұлттық метрологиялық база мемлекеттік эталондардың 101 бірлігін, оның ішінде 53 мемлекеттік және 48 жұмыс эталонын қамтиды, бұл отандық экономиканың, оның ішінде өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ медицина саласындағы мүдделерін қамтамасыз етеді.
Эталондар мен эталондық жабдықтар дәлдігі жоғары өлшем құралдарының кешені болып табылады. Ұлттық эталондардың болуы, олар қол жеткізген өлшем дәлдігінің деңгейі елде өлшеудің жолға қойылған жүйесі туралы куәландырады, бұл өз кезегінде халықаралық аренадағы елдің мәртебесін, оның танылуын, басқа елдерден сауда серіктестері тарапынан сенімді анықтайды.
Алайда, жаңа ғылымды қажетсінетін инновациялық технологияларды енгізу және игеру өткізілетін өлшемдердің дәлдігі мен ауқымына жоғары талаптар қояды.
Өлшемдер шығарылатын өнімнің барлық техникалық сипаттамаларын растау құралы болып табылатын дәлелдік база жасайды.
Сондықтан эталон базасының маңызды сипаттамалары оның моральдық ескіруі және физикалық тозуы болып табылады. Эталондық база қолданыстағы эталондарды жетілдіру есебінен де, жаңаларын құру нәтижесінде да үнемі жаңартылуы тиіс.
Қазақстан Орта Азия өңірі елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып
69 өлшем деректерінің халықаралық стандарттарға (ұзындығы, массасы және онымен байланысты өлшемдер, физикалық-химиялық өлшемдер, электр және магнетизм, фотометрия, радиометрия, термометрия, уақыт және жиілік) сәйкестігін дәлелдеді, бұл қазақстандық өлшем нәтижелерін тануға және олардың халықаралық деңгейде қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты (ILAC және IAF) тану жөніндегі көпжақты келісімдердің қатысушысы, сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі Тынық мұхит ынтымақтастығының (АРАС) толық құқықты мүшесі болып табылады және «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды бағалауды және аккредиттеуді жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптар» 17011 ИСО/МЭК халықаралық стандартына сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органы қолданыстағы 18-ден ILAC MRA және IAF MLA аккредиттеудің 8 схемасы бойынша (ISO/IEC 17065, ISO/IEC 17024, ISO/IEC 17021 (ISO 9001, ISO 14001, ISO 22000), ISO/IEC 17025 (сынақ және калибрлеу), ISO 15189) ILAC MRA және IAF MLA келісімдеріне қол қоюшы болып табылады.
Қазіргі таңда аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде 1613 аккредиттеу субъектісі тіркелген, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне Кеден одағының/ЕЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын («қолданыста» деген мәртебесі бар) 88 СРО және 416 СЗ енгізілді.
Бірыңғай тізілімді жүргізу ҰАО-ның веб-сервис базасында жүзеге асырылады. «Сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдарды (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізу, сондай-ақ оны қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 100 шешіміне сәйкес мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізу кезінде сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар аккредиттеу облыстарынан «Деректерді бірыңғай тізілімге енгізуге арналған веб-сервистегі» мәліметтерді толтырады.
2019 жылы бүгінгі күннің жағдайы бойынша берілген сәйкестік сертификаттары мен Кеден одағының бірыңғай нысаны бойынша берілген сәйкестік туралы декларациялар тізілімінде 25 614 сәйкестік сертификаты және 67 902 сәйкестік туралы декларация тіркелген, деректердің электрондық есебінің деректері бойынша 20 668 өнімге сәйкестік сертификаттары, 868 қызметтерге сәйкестік сертификаттары және 6 сәйкестік туралы декларация тізілімде тіркелген.
Техникалық реттеу және метрология саласында нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында (бұдан әрі – НТҚ) оң ілгерілеулермен қатар НТҚ Бірыңғай қорын қалыптастыру және жүргізу бойынша салалық ведомстволардың әлсіз мүдделілігі бар.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 34000 астам стандарттау жөніндегі құжаттар қабылданды және жұмыс істейді, олардың ішінен отандық өндірушілер неғұрлым қолданатын стандарттарды анықтау мүмкін болмаған. Қазақстан Республикасының заңнамасында бұрын стандарттарды қолдану мониторингін жүргізу тетіктері болмаған.
Проблемалық мәселелерді шешу мақсатында ұлттық стандарттарды қолдану мониторингін жүргізу ұсынылады, ол мынадай іс-шаралар кешенінен тұрады:
- ұлттық стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейіне талдау жүргізу кезінде стандарттау жөніндегі техникалық Комитеттермен өзара іс-қимыл жасау;
- ұлттық стандарттардың қолданыстағы техникалық регламенттерге сәйкестігін талдау кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Техникалық регламенттердің дәлелді базасының тізбелерінде келтірілген ұлттық стандарттарды қоспағанда, стандарттау объектісі қолданыстағы немесе күшіне енетін техникалық регламенттерге реттеу объектісіне сәйкес келетін ұлттық стандарттардың сәйкестігін талдау;
- ұлттық стандарттармен қамтамасыз етілуін талдау.
Сонымен қатар, кәсіпорындардың менеджмент жүйелерін енгізуге қызығушылығының төмендігі, менеджмент жүйелерінің жаңа бағыттары бойынша сарапшы-аудиторлардың формальды тәсілінің болуы және жеткіліксіздігі мәселелері бар.
Ұлттық эталондардың халықаралық талаптарға сәйкестігі елдің түрлі халықаралық ұйымдарға, оның ішінде ДСҰ-ға кіру шарттарының бірі болып табылады. Сатып алынатын және қолданыстағы эталондардың ең жоғары дәлдігін қамтамасыз ету үшін оларды іске қосу жеткіліксіз. Эталондардың дәлдік сипаттамаларына әртүрлі сыртқы факторлардың әсерін зерттеу қажет және ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде ең жоғары дәлдікке қол жеткізу, өлшемдердің диапазонын ұлғайту және өлшемдердің бақыланатын параметрлерін кеңейту мақсатында эталондарды жетілдіруді жүргізу қажет.
Республикада жүзеге асырылатын өлшемдердің деңгейі эталондық базаның тиісті деңгейінен республикада қолданылатын өлшем құралдарын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және мемлекеттік мүдделер саласына кіретін қызмет түрлерін салыстырып тексерумен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұлттық эталондарды жаңғырту ілеспе құжаттарды (сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын) тану және саудадағы техникалық кедергілерді жою, жалпы әлемдік стандарттар бойынша өнім шығару үшін жағдай жасауға, сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпорындары тартылған экономика салаларының экспортқа бағдарланған тауарларын қолдау мақсатында өнімнің қауіпсіздігіне сынақ жүргізуге мүмкіндік береді.
Саудадағы техникалық кедергілер/санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық ТБТ/СФС мәселелері бойынша өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіпорындарға, оның ішінде отандық тауарларды экспортқа жылжыту үшін техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, аккредиттеу және стандарттау мәселелері бойынша, оның ішінде стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану мәселелері бойынша экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды сервистік-ақпараттық қолдау мақсатында құрылған.
Сонымен қатар, Ақпараттық орталық ДСҰ келісімдері шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мүдделі тараптарын ДСҰ Хатшылығынан алынатын хабарламаларды, оның ішінде төтенше жағдайларды орыс және мемлекеттік тілдерге аудару және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, облыстардың және қалалардың әкімдіктеріне, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпорындарға тарату жолымен жедел хабардар етуді қамтамасыз етеді, бұл қазақстандық өнімге қатысты кемсітушілік шараларын белгілеуді болдырмауға мүмкіндік береді және өнімнің қауіпсіздігіне, адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне арналған процестердің қауіпсіздігіне және саудадағы техникалық кедергілерді жоюға қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін іс-әрекеттерді ескертеді.
Саудадағы техникалық кедергілер/санитарлық және фитосанитарлық
(бұдан әрі - ТБТ/СФС) жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс істеу шеңберінде мынадай проблемалар бар:
1) ДСҰ-ға мүше барлық елдер қолданатын қағидалар мен техникалық нормаларды зерделеуде Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының мүдделі болмауы;
2) мүдделі мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан хабарламаларда көрсетілген толық мәтінді құжаттарды ұсыну туралы сұрау салулардың төмен деңгейі байқалады;
3) ғылымның өндіріспен пәрменді байланысының болмауы.
Кеден одағының бірыңғай нарығын құру және оның жұмыс істеуінің іргетасы тауарлардың еркін қозғалысы болып табылады. Халықаралық саудада техникалық кедергілердің болуы өнімнің сыртқы нарықтарға шығуына кедергі жасайды. Саудадағы техникалық кедергілерді жою тетіктері сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара мойындауға негізделеді.
Экспортты ілгерілетудің маңызды рөлі шет елдермен саудадағы техникалық кедергілерді алып тастау, оған өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін баламалы стандарттарды және сәйкестікті бағалаудың өзара танылатын нәтижелерін қолдану арқылы қол жеткізіледі.
ДСҰ-ға мүше елдердің ұлттық стандарттар мен өнімге қойылатын талаптар өзара саудада техникалық кедергілер жасамауы тиіс екендігі туралы міндеттемелерінің болуына қарамастан және халықаралық стандарттар басым түрде қолданылуы тиіс, кез келген елде техникалық реттеу ішкі нарықты қорғаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.
Сондықтан көптеген елдерде өнімді нарыққа жіберу жүзеге асырылатын жеке ұлттық стандарттары немесе техникалық регламенттер мен сәйкестікті бағалау жүйелері жұмыс істейді.
Осыған байланысты, экспортты ілгерілету үшін бірінші кезекте қазақстандық экспорттаушыларды экспорт елінде қолданыстағы өнімге қойылатын міндетті талаптар туралы барынша толық ақпаратпен қамтамасыз ету, осы елдердің нормативтік құжаттары мен стандарттарына қол жеткізу, импорттаушы елдердің талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімдерінің өтуін жеңілдету қажет.
Осы мақсатта қолданыстағы техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау жүйелеріне елдік шолу жүргізу, экспорт елдерінің техникалық регламенттері мен стандарттарының талаптарын пысықтау және өнімнің салалары мен түрлері бөлінісінде экспорттың басым елдерінің нарығына шығу үшін белгіленген техникалық талаптарға экспортталатын өнімнің сәйкестігін қамтамасыз ету алгоритмдерін дайындау көзделеді.
Бұдан басқа, техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласында тәжірибелі мамандардың жетіспеу, техникалық регламенттерді бейімдеу және енгізу тиісті деңгейде жүргізілмейді, Ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру кезінде нормативтік құжаттарды әзірлеуге ұсынылатын жинақтылық болмауы (жалпы техникалық талаптар, сынақ әдістері), техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде олардың нәтижелерін пайдалану үшін ғылыми негізделген статистикалық деректер мен сынақтардың болмауы сияқты мәселелер туындап отыр.
Техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы басым бағыт өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-қимылдың алдын алу және бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін жағдайлар жасау және оны халықаралық және өңірлік нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу болып табылады.
Автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында Техникалық хатшылық көлік құралдары мен шассилердің сәйкестігін бағалау типін мақұлдау нысанында өткізілген көлік құралдары мен шассилерге арналған құжаттарды тексеру электрондық түрде жүргізетін болады. Көлік құралдарына таңбалау түсіру үшін Техникалық хатшылық көлік құралдарын дайындаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын береді.
Ұлттық аккредиттеу жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі отандық өнімнің экспортына жәрдемдесу болып табылады. Халықаралық аккредиттеу ұйымдарына мүшелік ұлттық аккредиттеу жүйесін халықаралық тануды қамтамасыз етеді және сол арқылы саудадағы техникалық кедергілерді төмендетуге ықпал етеді және қазақстандық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың заманауи дамуы, адам өмірінің түрлі салаларындағы талаптардың күрделенуі аккредиттеудің барлық жаңа бағыттары мен сәйкестікті растау схемаларына үздіксіз сұранысты қалыптастырады, бұл өз кезегінде аккредиттеу жөніндегі органдардың қызметіне жаңа технологияларға сәйкестік талаптарын енгізеді. Адамның тіршілік әрекетінің түрлі аспектілерінің сәйкестігін үшінші тұлғаның бағалауы, яғни мұндай бағалаушының құзыреттілігін растау жақын арадағы онжылдықта талап етілетін болады.
Сонымен, жыл сайын жетекші халықаралық аккредиттеу ұйымдары аккредиттеудің жаңа бағыттарын (схемаларын) әзірлеп, енгізеді, мысалы, ISO 20387:2018 «Биобанкинг. Биоқауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар». Құжат биологиялық материалды қамтамасыз ету үшін сапаны бақылауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, биобанктердің құзыреттілігіне, бейтараптығына және жүйелі жұмысына қойылатын жалпы талаптарды айқындайды. Сондай-ақ ORGANIC стандарттары – биологиялық әртүрлілікті, биологиялық циклдерді және топырақтың биологиялық белсенділігін және халал сапа инфрақұрылымын дамытуды қоса алғанда, агроэкожүйенің саулығын ынталандыратын және күшейтетін, өндірісті басқару жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ететін халықаралық стандарттар.
Бүгінгі күні қажетті сынақтарды өткізбей, өнімнің сәйкестігі туралы сертификаттар мен декларацияларды жылдам алу бойынша қызметтерді ұсынатын өнімді сертификаттау жөніндегі жосықсыз органдар мен делдалдық ұйымдардың қызметі сәйкестікті бағалау саласындағы ең үлкен проблемалардың бірі болып табылады, өйткені ол нарықты қауіпті және контрафактілік өніммен толтыруға бейімдейді.
Ресей Федерациясының осындай ұйымдарының қызметіне байланысты өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі қызметтердің қазақстандық нарығында қалыптасқан жағдайы Қазақстан үшін мынадай келеңсіз салдарға әкеп соғады:
- өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейді;
- өнімнің сәйкестігін растау үшін сынақтар қысқартылады, аккредиттелген СРО және сынақ зертханалары қызметінің тиімділігі төмендейді.
СРҚ беру кезінде қазақстандық СРО негізгі бұзушылықтары КО ТР талаптарын сақтамау, сертификаттарды және сәйкестік туралы декларацияны толық емес немесе дұрыс ресімдемеу болып табылады. (Сертификаттар мен декларацияның бірыңғай нысаны және оларды ресімдеу ережесі ЕЭК 25.12.2012 ж. № 293 шешімімен регламенттелген).
Қазіргі күні аккредиттеу процесін дамытуға, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттардың өмірлік циклін қадағалауға әсер ететін факторлар бар: аккредиттеу субъектілері мен уәкілетті орган тарапынан барлық көрсеткіштер бойынша өнімге НҚА талаптарының орындалуын нашар бақылау; сәйкестік сертификатын берудің немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеудің негізділігін автоматтандырылған режимде ӨҚҚ тарапынан сынау хаттамалары негізінде тексеру мүмкіндігінің болмауы; сертификатты немесе декларацияны беруге сынақ жүргізу өнімімен шекараны кесіп өту күнін салыстыру жолымен әкелінетін өнімге нақты сынақ жүргізу мерзімінің қадағалануының болмауы; егжей-тегжейлі іздестіру мүмкіндігімен аккредиттеу субъектілері мен тұтынушылар үшін ақпараттық-анықтамалық жүйенің болмауы. Сондай-ақ сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар Бірыңғай тізілімге енгізу үшін мәліметтерді толтыру кезінде жасалған жұмысты қайталайды, бұл мәліметтер аккредиттеу, өзектендіру және кеңейту процедурасын жүргізу кезінде де толтырылады.
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
1 |
2 |
|
Отандық кәсіпорындардың, оның ішінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың халықаралық талаптарға сәйкес келетін ұлттық стандарттарды қолдануға қызығушылық танытпауы |
Кәсіпорындар арасында қабылданатын ұлттық стандарттар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
Эталондар мен ғылыми-техникалық базаның ескіруі, оның инновациялық экономиканың қажеттілігінен артта қалуы |
Экономика салаларында пайдаланылатын өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету, сондай-ақ өлшеу мүмкіндіктерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі мақсатында мемлекеттік эталондарды жаңғырту |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тиімді мемлекеттік саясат мемлекеттік органдардың, бизнес пен қоғамдық тұтынушылардың бірлестіктерінің белсенді өзара іс-қимылына тікелей байланысты.
Орташа алғанда, жыл сайын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қарауына тұтынушылардың 40 мыңға жуық шағымы келіп түседі, олардың кем дегенде 30% -ын тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдары қарайды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша мыналарға қатысты 35 мың өтініш қаралды:
- қаржылық қызметтер - 12 мың немесе 36%. «Астана Банкі» АҚ таратылуына байланысты депозиттерді қайтарумен байланысты негізгі мәселелер, сонымен қатар ипотекалық тұрғын үйді қайта қаржыландыру бағдарламасының өлшемдеріне сәйкес келу;
- бөлшек сауда қызметтері - сапасыз қызметтерге, қосымша тауарлар (қызметтер) салуға, бағаның сәйкес келмеуіне, тауарларды ауыстыруға (қайтаруға) бас тартуға, тауарлар мен қызметтердің сапасына сәйкес келмеуіне байланысты сұраныстардың 11 мыңы немесе 33%;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі - 4 мың немесе өтініштердің 12%. Мәселелер негізінен ПИK төрағаларының міндеттерін дұрыс орындамауы, ғимараттарды, үйге ортақ инженерлік коммуникацияларды сапасыз жөндеу (электрмен жабдықтаудың сапасыз қызметі, электр энергиясын заңсыз өшіру және электр энергиясын пайдаланғаны үшін негізсіз төлемдерге байланысты);
- медициналық қызметтер - 1 мың немесе 3%. Медициналық қызметтердің сапасы, ауруханаға жатқызудан бас тарту, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы кемшіліктер, этика мен деонтологияны бұзу мәселелері;
- тұрмыстық қызметтер - аяқ киім, киім, тұрмыстық техниканы сапасыз жөндеуге, жиһаз жасау және жөндеу бойынша сапасыз қызметтерге, сапасыз құрғақ тазалау қызметтеріне, шаштараздар мен сұлулық салондарына шағымдардың
700 немесе 2%;
- көлік қызметі - 400 немесе 1% қоғамдық көлікте билетті ұсынбауға, жолаушылармен дөрекі қарым-қатынасқа қатысты.
Соңғы жылдары тәжірибе көрсеткендей, берілген статистика айтарлықтай өзгермеген.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы, сондай-ақ келіп түскен тұтынушылардың өтініштері туралы ақпаратты талдау тұтынушылар құқығын қорғаудың құқықтық тетіктерін, оның ішінде тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) қамтамасыз ету шараларын одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетті.
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық тұтынушылар қауымдастықтарының, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің басты міндеті болып табылады, олар тұрақты негізде тиісті шаралар қабылдауға міндетті.
Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық ұйымдардың белсенді әлеуетін, оның ішінде тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу мүмкіндігін кеңейту қызметтері, сапасы төмен тауарлар мен оларды өндірушілердің тізімін жариялау және т.б. шараларын қабылдау бойынша міндеттерді қойды.
Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - заң жобасы) әзірленді.
Заң жобасы қоғамдық тұтынушылар қауымдастықтарының, мүдделі мемлекеттік органдардың және «Атамекен» ҰКП-нің белсенді қатысуымен әзірленді. Шетелдердің озық тәжірибелері зерттелді.
Заң жобасының қабылдануы:
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру;
- қоғамдық тұтыну ұйымдарының әлеуетін институционалды нығайту және белсенді пайдалану;
- тұтыну нарығында сапалы және қауіпсіз тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруді және сатуды ынталандыру;
- тұтынушылар құқығын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.
Мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерге адалдығы, халықаралық интеграциялық процестер, тұтынушы сұранысының өсуі тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерін неғұрлым өзекті етеді.
Тұтынушыларға тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда өзгеріс агенттері ретінде әрекет ету мүмкіндігін беру қажет. Бұл тиісті заңдар, саясаттар мен институттар болған кезде және барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде кәсіпкерлер мен тұтынушылар топтарының нарықта тұтынушылардың құқығын қорғауға қатысқан жағдайда ғана мүмкін болады.
Министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган бола отырып, бақылау және қадағалау функцияларын қолданбай мемлекеттік саясатты, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Министрлік тұтынушылардан түскен шағымдарды қарастырады және қажет болған жағдайда оларды тиісті уәкілетті органдарға жібереді. Бұл ретте, осы мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғауы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталмаған, олардың негізгі қызметінің бөлігі ретінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.
Тұтынушылардың шағымдарын талдау кезінде, мемлекеттік органдардың, әдетте, мұндай бұзушылықтардың алдын алумен және тұтынушы құқығын үнемі бұзуға әкелетін жүйелік мәселелерді шешумен емес, тұтынушы құқықтарының бұзылу салдарын жоюмен айналысатыны ерекше атап өтіледі.
Тұтынушылардың құқықтарын көптеген бұзушылықтарды тудыратын негізгі себептер тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың жүйесіз, бөлшектелген сипаты, қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін толыққанды тартудың болмауы, сонымен қатар халықтың құқықтық сауатының төмендігі және кәсіпкерлік субъектілерінің жосықсыз әрекеті болып табылады.
Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы жағдай осы саладағы мемлекеттік және қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру және арттыру қажеттілігін анықтайды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін мемлекеттік бақылауды және әкімшілік жауапкершілікті енгізу тауарларды еркін таңдау, ақпарат алу, сапасыз тауарлармен алмасу немесе қайтару және бұзушылық үшін бүгінгі күні әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған сияқты тұтынушылардың негізгі құқықтарымен мемлекеттің қорғалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін құру қоғамның қатысуынсыз мүмкін емес, өйткені қоғамдық бақылау және оның тиімділігі дамыған азаматтық қоғамның көрсеткіші және құқықтық мемлекет белгісі болып табылады.
Әрине, заңнамада қолданыстағы құқықтық нормалар тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің дамуына қолайлы жағдай туғызуы керек, алайда бүгінгі күнге дейін қоғамдық бірлестіктердің әлеуеті толық пайдаланылмаған.
Қоғамдық тұтынушылар құқығын қорғау жүйесіне тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдары және басқа үкіметтік емес ұйымдар кіреді. Бүгінгі таңда республикада 172 қоғамдық тұтынушылар қауымдастығы тіркелген, олардың тек 55-і салық органдарының мәліметтері бойынша жұмыс істейді.
Мұндай жағдайдың негізгі себептері тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарын қаржыландыру көздерінің жоқтығы, олардың қызметін жүйелі түрде мемлекеттік қолдау, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік шешімдерді әзірлеу тетіктеріне тартылмауы болып табылады.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері бөлек жұмыс істейді, олардың қызметі үйлестірілмеген.
Сонымен қатар, мемлекеттің бақылау функцияларын қысқарту жағдайында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жүзеге асыратын қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін құру арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету қажет. Шағымдарды қарау кезінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері тауарлар сатылатын қоғамдық орындарға баруға, фото және видео түсіру құралдарын қолдануға, сатып алулар жасауға, заң бұзушылықтарды тіркеуге, сотқа немесе мемлекеттік органдарға одан әрі қарай жүгінуге құқылы.
2018 жылы 33 мың тұтынушының шағымынан сот органдарына барлығы
1 мың 391 өтініш келіп түсті, оның 397 талап арызы немесе тек 4 пайызы қанағаттандырылды.
Сотқа жүгінулердің аздығының себептері сот шығындарының жоғары болуы, істерді қарауға және тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мерзімінің ұзақтығына байланысты.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстандағы сот жүйесінің өзекті мәселелері – жұмыстың көптігі, ұзаққа созылған сот процестері, сот шешімдерінің орындалмауы, жеке және заңды тұлғалардың сот шығындары.
Осыған байланысты тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттеудің балама әдісін енгізу қажеттілігі туындады. Медиация мен төрелік рәсімдерді қолдану уақытылы және қажет болады.
Болашақта тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы осы процедураларды әзірлеу соттардың жұмысын жеңілдетуге көмектеседі және оларға өте күрделі процестерге назар аударуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, тұтынушылар құқығының көптеген бұзылуына әкелетін негізгі себептер - бұл тұрғындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық сауатының төмендігі, азаматтардың өз құқықтарын іске асыру тетіктері туралы жеткіліксіз ақпараттылығы, тұтынушылардың білімі мен ағартуының жан-жақты жүйесінің болмауы.
Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қазіргі жағдай өмірдің әртүрлі салаларында тұтынушылық сауаттылық деңгейін арттыру үшін жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыстардың тиімділігін арттыру және жақсарту қажеттілігін анықтайды.
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
1 |
2 |
|
Тұтынушылық сауаттылық деңгейінің төмендеуі |
1. Тұтынушылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу 2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық материалдарды орналастыру мен таратуды қамтамасыз ету (бейнероликтер, аудиороликтер және т.б.) |
3-бөлім. Саланың/аясының басымды бағыттары
1-стратегиялық бағыт.
1-басымдық
Сауда инфрақұрылымын дамыту
Ішкі сауданы дамыту саласында басымды бағыт сауда рыноктарын жаңғырту және сауданы стационарлық форматқа көшіру болып табылады.
Ресми статистиканың деректеріне сәйкес 2018 жылы Қазақстанда – 765 нарық, 2017 жылы - 782 нарық. Жұмыс істеп тұрған 750 сауда базарының басым бөлігі стационарлық емес форматта - 51% (379), тек 49% немесе 371 нарық стационарлық болып табылады.
Бұл ретте стационарлық емес нарықтардың үлкен үлесі Алматы, Маңғыстау, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарын, БҚО, Алматы және Шымкент қалаларына тиесілі.
Базарлардың түрі бойынша - 573 (76%) әмбебап, 177 (24%) мамандандырылған болып табылады. Барлық әмбебап базарлар «аралас» тауарларының базалық тізбесін жүзеге асырады - бұл азық-түлік, көкөністер/жемістер, ет, киім, аяқ киім, тұрмыстық химия, электроника.
Паспорттау қорытындысы бойынша, міндетті түрде 141 базар,
379 стационарлық емес: 66 – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында;
75 – халық саны 100 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қалаларда міндетті түрде жаңғыртуға жатады.
2018 жылы жалпы алаңы 154,6 мың шаршы метр 17 базарды жаңғырту аяқталды (10 Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және 7 өңір).
Осылайша, 124 нарықты жаңғырту аяқталуы тиіс:
2020 жылға қарай Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының
56 базары, алаңы 1469,8 мың ш. м.;
2025 жылға қарай ҚР-ның басқа өңірлерінде (халқының саны 100 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қалаларда) 68 базар.
2-басымдық
Электрондық коммерцияны жылжыту
Электрондық сауданың жоғары деңгейі қоғамның даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осылайша, кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы-экономикалық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін және көлеңкелі экономика деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін электрондық сауда көлемінің ұлғаюы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
2017 жылғы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға электрондық сауда үлесін 2025 жылға қарай 5% - ға дейін шығаруға мүмкіндік беретін 2019-2025 жылдарға арналған электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі кезекті Жол картасы қабылданды. Ол 3 негізгі бағыт бойынша 31 іс-шараны қарастырады:
- электрондық сауда арқылы экспортқа бағытталған отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарды өтеу тәртібін жетілдіру;
- отандық тауарларды ілгерілету бойынша Ұлттық электрондық сауда алаңдарымен Taobao, Яндекс, E-bay, AliExpress, Amazon, Alibaba, Walmart және т. б. халықаралық платформаларының өзара іс-қимыл шарттарын пысықтау;
- промо-роликтер, брошюралар жасау, көрмелер мен басқа да акциялар өткізу арқылы Taobao, Яндекс, E-bay, AliExpress, Amazon, Alibaba, Walmart және т. б. платформаларында ұсынылған қазақстандық азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды ілгерілету.
- КТС және ЖТС төлеу бойынша жеңілдіктер алу үшін электрондық сауда субъектілерінің қолма-қол ақшасыз айналым шегін 90% - дан 50% - ға дейін төмендетудің орындылығын пысықтау;
- шағын бизнес субъектілері үшін В2С форматында электрондық сауда алаңын құруды ынталандыру, онда оның қатысушылары үшін ҚҚС-дан босату көзделген;
- әлеуетті инвесторларды және МЖӘ тетіктерін тарта отырып, қолда бар инфрақұрылымды ескере отырып, ірі қалаларда көлік-логистикалық орталықтарды іске қосу жөніндегі мәселені пысықтау;
- ерікті мүшелікке негізделген мемлекеттік реттеуден өзін-өзі реттеуге кезең-кезеңмен көшу;
- банктік емес сервистер арқылы электрондық коммерция шеңберінде трансшекаралық төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі мәселені пысықтау.
- жосықсыз интернет-дүкендер мен электрондық сауда алаңдарына қатысты шағым беру үшін онлайн-платформаны енгізу;
- әлеуметтік желілерде сауданы жүзеге асыратын тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерінің көлеңкеден шығуына жағдай жасау жөніндегі мәселені пысықтау.
3-басымдық
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу
Қазіргі заманғы экономикалық сын-қатерлерді ескере отырып, азық-түлік тауарларына, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға мемлекеттің баға саясатын қалыптастыру тұрақты мониторинг пен қолданыстағы заңнаманы жақсартуды талап етеді.
Қазіргі уақытта Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуін болдырмау бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына баса назар аударады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жұмысының басым бағыты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу жөніндегі қолданыстағы тетіктерді жетілдіру болады. Бұл мәселені өндіріс, тұтыну, экспорт, импорт және азық-түлік тауарларын алмастыру теңгерімін тұрақты талдаусыз шешу мүмкін емес.
4-басымдық
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы және Дүниежүзілік сауда ұйымындағы позициясын нығайту
Халықаралық экономикалық интеграция саласындағы басым бағыт ұлттық мүдделерді қорғау мен ілгерілету мақсатында Қазақстанның ЕАЭО-да позициясын нығайту болып табылады.
Шаралар:
- 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарттың және ЕАЭО құқығына кіретін басқа да актілердің ережелерін іске асыру;
- Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 16 шілдедегі №58 шешімімен бекітілген 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа сәйкес актілер мен халықаралық шарттарды әзірлеудің жұмыс жоспарын іске асыру;
- ЕАЭО мүше мемлекеттерінің нарықтарына отандық шаруашылық субъектілерінің қол жеткізуін, оның ішінде ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою арқылы қамтамасыз ету.
2018 жылы 18 қазанда Женева қаласында Бас кеңестің отырысында ДСҰ мүшелері 12-ші Министрлік конференциясын (ДСҰ-ның жоғарғы басқару органы, бұдан әрі - 12-ші МК) 2020 жылдың 8-11 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.
Мұндай дәрежедегі ДСҰ іс-шарасы ДСҰ құрылтайшысы болып табылмайтын елде алғаш рет өткізілетін болады.
12-ші МК жұмысына 164 мүшеден тұратын сауда министрлері және
20 ДСҰ бақылаушысы қатысады, ал іс-шараға қатысушылардың жалпы саны
4-5 мың адамнан асады деп күтілуде.
2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясын өткізуіне байланысты Қазақстанға ДСҰ Хатшылығымен алдағы жаһандық іс-шараны дайындау бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді үйлестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ДСҰ реформасы бойынша көпжақты пікірталастарды ілгерілету және ДСҰ министрлер конференциясының нақты нәтижелерін қамтамасыз ету үшін агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялардың шекті деңгейін одан әрі қысқарту, қызмет көрсету саласындағы сауданы ырықтандыру, электронды коммерция саласындағы реттеу және халықаралық сауда күн тәртібінің басқа да бағыттары жүктелген.
Бұл жұмыс ДСҰ аясындағы көпжақты келіссөздер алаңында Қазақстанның позициясын күшейтеді.
2-стратегиялық бағыт.
1-басымдық
Экспорттаушылар үшін «Бір терезе» қағидатын енгізу
Экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың экспорттаушыларына арналған "бір терезе" деп сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік органдар, мүдделі ұйымдар және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тетігі түсініледі.
Экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың экспорттаушылары үшін "бір терезе" сауда рәсімдерін жеңілдетудің тиімді құралы болып табылады және экспорттаушыларға қажетті сервистерге ауыстыру және шоғырландыру қағидаты бойынша жұмыс істейтін www.export.gov.kz базасында интернет-ресурсты жетілдіруді көздейді.
Іс-шаралар:
- экспорт-импорт операциялары бойынша «бір терезе» арқылы рұқсат беру құжаттарын алу:
мемлекеттік баж төлеу;
тауардың шығу тегінің сертификаттарын алу;
жоғары және басым мүдделер нарығында оны іске асыру шеңберінде зертханалық зерттеулер, өнімнің техникалық, фито-санитариялық, ветеринариялық сәйкестігіне талдау жүргізу бойынша қызметтерді алуға арналған өтінімдерді орналастыру;
өзге де рұқсат беру құжаттарын алу;
- қаржылық қолдау көрсету:
экспортты қаржылық қолдауға сұрау салу.
- көлік және логистиканы басқару сервистері;
- экспорттық операцияларды жүргізу мәселелері бойынша экспорттаушылардың жедел консультацияларының қосымша сервистері:
экспорттаушыларды қаржылай емес қолдау сервисі;
дайын маркетингтік шешімдердің сервисі, сондай-ақ қосымша маркетингтік қызметтер көрсету;
халықаралық жобалар мен тендерлер сервисі;
экспорттық операцияларды жүргізуде заңдық көмек көрсету;
экспорттаушылардың сауда әріптестерінің адалдығына тексеру жүргізу;
«экспорттаушылардың деректер базасы» сервисі;
көрме-жәрмеңке қызметі туралы ақпарат;
бизнес-миссиялар туралы ақпарат;
шетелде "Қазақстан үйлерінің" болуы және жұмыс істеуі туралы ақпарат;
сыртқы кедергілер, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған келісімдердің тізбесі туралы хабардар ету;
- экспорттаушылар үшін өзге де сервистер.
2-басымдық
Экспортты қолдаудың барлық құралдарын шоғырландыру
Шикізаттық емес экспортты ұлғайту мақсатында кәсіпкерлердің кең шеңберіне қолжетімді және экспортты қолдаудың тиімді құралдарын енгізу; экспорттаушылар кезігетін негізсіз шектеулер мен кедергілерді алып тастау; экспорттық операцияларды ынталандыру үшін қолайлы жағдай туғызу қажет.
Шаралар:
- экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық негіздерін күшейту;
- экспорттаушылар үшін қаржы және қаржы емес қолдау шараларын көрсету;
- экспортты дамытуға тосқауыл болатын кедергілерді жою;
- экспорт қызметін дамыту жағдайын жақсарту.
3-стратегиялық бағыт.
1-басымдық
Тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға техникалық реттеу құралдарын бағдарлау
Техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы басым бағыт өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттің алдын алу және бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін жағдай жасау болып табылады.
Экспортқа және ішкі нарықты қорғауға бағдарланып, қазақстандық экономиканың қазіргі заман болмысы мен қажеттіліктеріне сай келетін тиімді техникалық реттеу жүйесін құру үшін мынадай іс-шаралар қабылдануда:
Уәкілетті бақылаушы органдардың өзара іс-қимылын және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру.
Кеден органдарының ақпаратына жедел ден қою, «сұр» және сәйкестікті бағалау туралы жалған құжаттарды болдырмау бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін сәйкестікті растау рәсімінен өткізіліп, әкелінген тауарлар мен өнімдер бойынша деректерді салыстыру жолымен камералдық бақылауды толық және қатаң орындау қажет.
ВАК техникалық реттеу жүйесінің салааралық ролін ескере отырып, өнеркәсіп салаларын дамыту, бірыңғай келіссөз ұстанымын қалыптастыру жөнінде тиімді шараларды әзірлеу үшін негізгі алаң («жоғарғы буын») бола алар еді.
Бұл ретте «тік деңгейде» өңірлердің өндірістік әлеуетін есепке алу мақсатында өңірлік штабтар құрылып, жұмыс істейді. Бұдан басқа, осы блоктың тиімділігін арттыру, отандық өндірушілерге сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілік беру, кәсіпкерлік қоғамдастықтың ағымдағы қажеттіліктерін есепке алу мақсатында техникалық сарапшылардың (нақты салаларда арнайы білімі бар тұлғалар: кәсіпорындардың инженерлері, сарапшы-аудиторлар, техникалық комитеттердің, салалық қауымдастықтардың, ғылыми топтардың және басқа өкілдері) тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, олар интеграциялық бірлестіктер шеңберінде келіссөз ұстанымдарына қатысуға, шоғырландырылған ұстанымын қорғауға және тұжырымдауға тартылатын болады.
Шаралар:
- техникалық реттеу, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринариялық бақылау, кедендік бақылау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың өзара іс-қимыл тәртібін регламенттеу;
- кәсіпкерлік туралы заңнамаға жаңадан қабылданған өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік бақылауды жүргізу тәуекелдерінің бейіндерін әзірлеу;
- тұтынушылардың мүдделерін қорғауды күшейту мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тиімділігіне талдау жүргізу;
- ішкі нарықты қорғау, өнімнің экспортқа бағдарлануына жәрдемдесу.
Қазіргі таңда техникалық реттеу шетел стандарттарына балама және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін шығарылатын (өндірілетін) өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын көтеру жолымен кәсіпкерлік стратегияны жетілдірудің және өнеркәсіптік саясатты қарқынды іске асырудың базалық құрауышы болып табылады.
Бұған халықаралық, өңірлік стандарттарды, шетел мемлекеті стандарттарын түпнұсқа тілінде тікелей қолдану бөлігінде заңнамалық жаңашылдық және мемлекеттік метрологиялық бақылауды талап ететін өлшем құралдарының тізбесін қысқарту ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, енгізілетін стандарттарды қолдануға мониторинг жүргізу, экономиканың басым салаларында (құрылыс, энергетика, машина жасау және т.б.) барлық нормативтік-техникалық құжаттарды кеңінен талдау және жүйелеу қажет.
Талдау нәтижелерін ескере отырып, кәсіби стандарттар мен ұйым стандарттары негізінде импорт алмастыру саласындағы салалар үшін ұлттық стандарттарды әзірлеуді көздейтін ұлттық стандарттау жоспары қалыптастырылатын болады.
Қазақстандық өнімнің экспортқа бағытталуын арттыру үшін бірінші кезекте, ЕАЭО шеңберіндегі дамушы сауда-экономикалық ынтымақтастықты ескере отырып, өзара сауда айналымы және сәйкестікті бағалау бойынша нәтижелерді өзара мойындау үшін әлеуетті өнім тізбесін анықтау қажет. Белгілі бір әлеует қолданыстағы келісімдерге салынған.
Өнімнің қадағалануын қамтамасыз ету, оның айналысының барлық кезеңдерінде камералдық бақылауды жүзеге асыру (әкелуден тұтынушыға дейін), «сұр» сертификаттарды берудің жолын кесу және т.б. техникалық реттеу саласындағы бизнес-процестерді автоматтандырумен және кеден органдарының, санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқат органдарының ақпараттық базаларымен, сондай-ақ ЕАЭО жалпы процестерімен бірыңғай ақпараттық жүйені құру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қажетті жаңа технологияларды қарқынды енгізумен байланысты, эталонның өлшеу және калибрлеу мүмкіндіктерінің озық қарқынмен даму қазіргі заманғы және дәлдігі жоғары өлшеу құралдарын қолданатын басым өнеркәсіп салаларын метрологиялық қамтамасыз ету үшін қажетті талап болды.
Шаралар:
- ҚР қолданыстағы заңнамада көрсетілген сияқты бақылау шаруашылық субъектілерінің орнына өнімді бақылау объектілерін анықтау (ЖШС, АҚ);
- форматты–логикалық мониторинг жүйесін енгізу арқылы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің қадағалау форматын қамтамасыз ету;
- нарыққа өнімді айналысқа түсіру процесін оны кіргізу, сәйкестігін бағалау рәсімінен өтуден бастап, бұдан әрі айналысқа түсіру процестерін жедел бақылауға (камера арқылы) мүмкіндік беретін ықпалдастырылған ақпараттық ведомствоаралық жүйелерді енгізу, «Е-аккредиттеуді» енгізу;
- ЕАЭО ТР әзірлеу бойынша жоспарды іске асыру және КО ТР-іне өзгерістер енгізу;
- Ұлттық стандарттау жоспарын іске асыру;
- стандарттау жөніндегі құжаттарды және НҚА-іне талдау жүргізу және жүйелендіру;
- Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының қызметін дамыту және қамтамасыз ету;
- басым салаларды қамтамасыз ету үшін стандарттарды әзірлеу;
- стандарттау жөніндегі құжаттарға сараптама жасау;
- «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша ақпараттық орталығының жұмысын қамтамасыз ету;
- кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу бойынша өңірлік (салалық) семинарлар өткізу;
- техникалық реттеу, метрология және стандарттау саласындағы қызметкерлерді дайындау және олардың біліктілігін арттыру;
- көлік құралы типін мақұлдау, шасси типін мақұлдау, көлік құралдарын дайындаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру бойынша рәсімдеу негіздемесі мен дұрыстығын тексеру қызметтерін іске асыратын техникалық хатшылықты сүйемелдеу;
- аккредиттеу бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдардың жұмысы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- техникалық реттеу, метрология және стандарттау саласындағы халықаралық, өңірлік және өзге ұйымдардың, оның ішінде техникалық комитеттердің жұмысы шеңберінде ынтымақтастық (ИСО, МЭК, МГС, ILAC, IAF, СООМЕТ, OIML, BIPM, APMP);
- өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру үшін метрологиялық зерттеулер мен техникалық реттеу нәтижелер негізінде бәсекеге қабілетті ғылыми қамтымды жоғары технологиялы қажетті өнімдерді өндіру және дамыту.
Осылайша, қауіпсіздік пен сапаны бақылау инфрақұрылымының жұмыс істеу жаңа үлгісі ұсынылады: мемлекет-бизнес-тұтынушы, олардың мүдделерінің балансы «ақ» нарықтың жұмыс істеуінің маңызды шарты болып табылады.
2-басымдық
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыт тұтынушыларды қорғауды қамтамасыз ету, тұтынушыларға жағымсыз әсер ететін кәсіпкерлік субъектілері тарапынан әділетсіз әрекеттердің алдын алу, халықтың тұтынушылық сауаттылығы деңгейін арттыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.
Шаралар:
- кәсіпкерлік субъектілерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, оны халықаралық құқық нормаларын ескере отырып, уақтылы өзектендіру;
- халықпен ақпараттық-сауаттандыру, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, консультациялық көмек көрсету;
- тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау процестеріне қоғамдық тұтынушылар қауымдастықтарының белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттермен тұтынушылық тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) барлық аспектілері туралы шынайы ақпаратпен еркін алмасуға ықпал ететін ынтымақтастықты дамыту;
- Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының алаңында жұмыс істейтін, тұтынушылардың мүдделерін қорғау саласындағы заңнама мен саясат жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобына, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бейінді комитеттері мен жұмыс топтарына қатысу.
4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы
Елдің жалпыұлттық мақсаттары, нысаналы индикаторлары
«Қазақстан – 2050» стратегиясы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама
|
Қазақстан толыққанды бизнес-серіктестік ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауашаларды айқындау. Экономикалық өсімнің жаңа тіректерін құру. |
Экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейту |
|
|
|
Экспортты мемлекеттік ынталандыру |
|
|
|
Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге ұлғаюы тиіс. |
Заңнамалық негізде бизнес ұсынылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтіндей жағдай жасау қажет. Біз тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көп деңгейлі жүйесін алып тастай отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеуіміз қажет. |
|
|
Қазақстандағы көрсетілетін қызметтер секторы елдің дамуына қарай кеңейтіледі, жаңғыртылады және тереңдейді, осыған байланысты күтілетін нәтиже көрсетілетін қызметтердің өнімділігін арттырып, олардың экспортын әртараптандыру, жаңғырту және кеңейту болып табылады. |
|
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
|
Электрондық сауданы реттеу және тұтынушы мен кәсіпкер арасындағы өзара қарым-қатынасты регламенттеу жетілдірілетін болады. |
Экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шектелген номенклатурасынан – экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әртараптандырылған құрылымына көшу |
«Өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруды ынталандыру» міндеті шеңберінде ұлттық стандарттарды халықаралық деңгейге келтіру және сертификаттау инфрақұрылымын дамыту есебінен өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру үшін ынталандыру көзделетін болады. |
|
Көтерме және бөлшек саудадағы еңбек өнімділігі, 2021 жылы 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда нақты өсімнің% -ы 8,9 құрайды, 2025 жылға қарай - 24,3. |
Тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемі миллиард доллармен 2021 жылы 29,2, ал 2025 жылы - 41,0 болады.
Экономикалық күрделілік индексі (Гарвард) 2021 жылы - 70 орын, 2025 жылы - 55 орын |
Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау институты мен құралдарын күшейту жөнінде шаралар қабылданатын болады. |
|
|
Еуразиялық экономикалық одағын құрумен Кеден одағының шегінде Қазақстан, Ресей және Беларусь интеграциясының тереңдеуі ұзақ мерзімді перспективада жалғасады. Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен бірлесіп ашықтық қағидатын ұстанатын болады, бұл басқа мемлекеттердің одағына еркін қосылуды болжайды. |
|
|
1-стратегиялық бағыт Инфрақұрылымды дамыту және сауда және халықаралық интеграция саласындағы елдің экономикалық мүдделерін ілгерілету |
2-стратегиялық бағыт Экспортты дамыту және ілгерілету
|
3-стратегиялық бағыт Қазақстандық өнімнің сапасын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау |
|
Министрліктің мақсаттары |
|
1 |
2
|
4 |
5 |
6 |
|
1.1- мақсат. Ішкі сауданы дамыту және реттеу, электрондық және биржалық сауданы дамыту және ілгерілету |
1.2- мақсат. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту |
2.1- мақсат. Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету |
3.1- мақсат. Ең үздік халықаралық практикаларға сәйкес техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру |
3.2- мақсат. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру |
|
Бюджеттік бағдарламалар |
|
1 |
2 |
4 |
5 |
6 |
|
|
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар жүргізу»
159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу |
090 "Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу" бюджеттік бағдарламасы»
245 Экспортты қолдаудың тиімді қаржылық шараларын ұсыну есебінен қазақстандық шикізаттық емес тауарларды өндірушілер мен сыртқы нарықтарға көрсетілетін қызметті жеткізушілерге қолдау көрсету және олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін кейіннен "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту
246 Экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін кейіннен "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ кредит бере отырып, "Байтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ кредит беру |
061 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер»
|
|
|
001 «Ішкі және сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы мемлекет саясатын қалыптастыру және іске асыру» |
||||
5-бөлім. Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторлар
|
|
Р/с № |
Нысаналы индикатор |
Жауапты лар |
Ақпарат көзі |
Өлш.бірл. |
Есепті кезең |
Ағымдағы кезең жоспары 2016 жыл |
Жоспарлы кезең |
||||||||||||||||||||
|
|
2017 жыл |
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
|||||||||||||||||||||||
|
|
1-стратегиялық бағыт. Инфрақұрылымды дамыту және сауда және халықаралық интеграция саласындағы елдің экономикалық мүдделерін ілгерілету |
|||||||||||||||||||||||||||
|
|
1.1- мақсат. Ішкі сауданы дамыту және реттеу, электрондық және биржалық сауданы дамыту және ілгерілету |
|||||||||||||||||||||||||||
|
|
1 |
Көтерме және бөлшек саудадағы ЖҚҚ НКИ |
Мәселе лер бойынша жетекші лік ететін вице-министр |
Стат. деректер |
% |
-
|
-
|
- |
- |
3,9
|
4
|
5
|
||||||||||||||||
|
|
2 |
Көтерме және бөлшек саудадағы еңбек өнімділігі |
Мәселе лер бойынша жетекші лік ететін вице-министр |
Стат. деректер |
2016 жылғы деңгейге нақты өсім % |
- |
- |
- |
- |
6,0 |
8,9 |
12,2 |
||||||||||||||||
|
|
3 |
Көтерме және бөлшек саудада инвестициялардың өсімі |
Мәселе лер бойынша жетекші лік ететін вице-министр |
Стат. деректер |
2016 жылғы деңгейге нақты өсім % |
- |
- |
- |
- |
134,5 |
139,9 |
145,5 |
||||||||||||||||
|
|
4 |
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі |
Мәселе лер бойынша жетекші лік ететін вице-министр |
Стат. деректер |
% |
|
|
- |
- |
1,7 |
2,2 |
2,4 |
||||||||||||||||
|
|
1.2-мақсат. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту |
|||||||||||||||||||||||||||
|
|
1. 1 |
Импорттық кеден бажының орташа мөлшері |
Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі вице-министр |
СИМ ведомстволық мәліметтері |
% |
5,1 |
5,1 |
5,1 |
5,0 |
4,9 |
4,8 |
4,7
|
||||||||||||||||
|
|
2. |
Еркін немесе преференциялық сауда туралы келісімдерін жасау арқылы отандық тауарлардың және/немесе қызметтердің шетел нарықтарына қол жетімділігін жақсарту |
Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі вице-министр |
СИМ ведомстволық мәліметтері |
Келісімдер (және басқа халықаралық құжаттар) |
0 |
0 |
3 |
1 |
1 |
1 |
0 |
||||||||||||||||
|
|
3. |
Есептік кезеңде қол қойылған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және кеңейтуге бағытталған келісімдер (меморандумдар, бағдарламалар, іс-шаралар жоспарлары және өзге халықаралық құжаттар) жасасу жөніндегі келіссөздерді ескере отырып, сауда географиясын кеңейту |
Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі вице-министр |
СИМ ведомстволық мәліметтері |
Келісімдер (және басқа халықаралық құжаттар) |
|
|
1 |
1 |
2 |
2 |
2 |
||||||||||||||||
|
|
2-стратегиялық бағыт. Экспортты дамыту және ілгерілету |
|||||||||||||||||||||||||||
|
|
2.1-мақсат. Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету |
|||||||||||||||||||||||||||
|
|
1 |
Республика бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі |
Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі вице-министр |
Статистикалық деректер |
млрд. АҚШ долл. |
|
12,9 |
15,6 |
16,3 |
17,0
|
18,6 |
20,4 |
||||||||||||||||
|
3-стратегиялық бағыт. Қазақстандық өнімнің сапасын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау |
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
3.1-мақсат. Ең үздік халықаралық практикаларға сәйкес техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру |
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
1 |
Ұлттық стандарттарды қолдану деңгейі (қолданыстағы ұлттық стандарттардың жалпы санынан) |
Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі Вице-министр |
СИМ, АШМ, ІІМ, ЭМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ ведомстволық деректері |
% |
25 |
30 |
35 |
40 |
41 |
50 |
55 |
|
||||||||||||||||
|
2
|
Қазақстан Республикасы эталондарының өлшеу мүмкіндіктерін халықаралық тану деңгейі |
Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі Вице-министр |
СИМ деректері |
2018 жылға коэффициент |
|
|
|
1,0 |
1,03 |
1,06 |
1,09
|
|
||||||||||||||||
|
3 |
Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінің баламалылығын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың тануы (ILAC және IAF толыққанды мүшелігі) * |
Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі Вице-министр |
СИМ деректері |
% |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
|||||||||||||||||
|
3.2-мақсат. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру |
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
4 |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеу тиімділігінің деңгейі |
Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі Вице-министр |
СИМ деректері |
% |
- |
- |
58 |
60 |
62 |
64 |
66 |
|
||||||||||||||||
* Ескертпе: Халықаралық ұйымдарға мүшелік толық құқықты мүшелік, қауымдастырылған мүшелік және үлестес мүшелік түрінде болуы мүмкін. ҰАО ILAC және IAF халықаралық ұйымының, халықаралық ұйым тарапынан жоспарлы тексерулер кезінде тану жолымен Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінің баламалылығын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың толық құқықты мүшесі болып табылады. Тану индикаторларына тек қана толық құқылы мүшелік немесе осы мәртебеден айыру болуы мүмкін.
6-бөлім. Ресурстар
|
Ресурстар |
Өлш. бірл. |
Есепті кезең |
Ағымдағы кезеңнің жоспары |
Жоспарлы кезең |
||||||
|
2017 жыл |
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
||||||
|
Барлық шығыстар: |
мың теңге |
|
|
62 528 621 |
95 354 864 |
45 508 786 |
||||
|
1.1- мақсат.Ішкі сауданы дамыту және реттеу, электрондық және биржалық сауданы дамыту және ілгерілету |
||||||||||
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||||
|
1.2-мақсат. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту |
||||||||||
|
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар жүргізу» |
мың теңге |
- |
- |
9 155 153 |
- |
- |
||||
|
159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету |
мың теңге |
- |
- |
45 100 |
- |
- |
||||
|
1.2-мақсат бойынша барлығы |
мың теңге |
- |
- |
9 200 253 |
- |
- |
||||
|
2.1-мақсат. Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету |
||||||||||
|
090 "Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу" бюджеттік бағдарламасы» |
мың теңге |
- |
- |
15 041 790 |
13 465 136 |
1 002 749
|
||||
|
245 Экспортты қолдаудың тиімді қаржылық шараларын ұсыну есебінен қазақстандық шикізаттық емес тауарларды өндірушілер мен сыртқы нарықтарға көрсетілетін қызметті жеткізушілерге қолдау көрсету және олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін кейіннен "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту |
мың теңге |
- |
- |
34 000 000 |
34 000 000 |
- |
||||
|
246 Экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін кейіннен "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ кредит беру |
мың теңге |
- |
- |
- |
40 000 000
|
40 000 000 |
||||
|
2.1-мақсат бойынша барлығы |
мың теңге |
- |
- |
49 041 790 |
87 465 136 |
41 002 749
|
||||
|
3.1-мақсат. Ең үздік халықаралық практикаларға сәйкес техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру |
||||||||||
|
061 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» |
мың теңге |
- |
- |
2 083 726 |
1 946 723 |
1 720 120 |
||||
|
3.1-мақсат бойынша барлығы |
мың теңге |
- |
- |
2 083 726 |
1 946 723 |
1 720 120 |
||||
|
3.2-мақсат. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру |
||||||||||
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||||
|
Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қаржы ресурстары: |
||||||||||
|
001 «Ішкі және сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы мемлекет саясатын қалыптастыру және іске асыру» |
мың теңге |
- |
- |
2 202 852 |
5 943 005 |
2 785 917 |
||||
|
Барлығы: |
мың теңге |
- |
- |
2 202 852 |
5 943 005 |
2 785 917 |
||||
|
Адами |
саны |
|
|
431 |
431 |
431 |
||||