«Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10181 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ішкі сауда департаменті:

1) тарифтік квота көлемін тарихи өнім берушілер арасында бөлуді осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыруды;

2) еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квота көлемдері (бекітілген, қолданылған, бөлінбей қалғандары) туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды, тиісті ақпаратты орналастыруды және осы Қағидаларда көрсетілген басқа рәсімдерді қамтамасыз етсін.»;

Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары:

2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;».

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Должность

 

ФИО

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

 

 

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 30 «Об утверждении Правил распределения тарифных квот между участниками внешнеторговой деятельности на ввоз в Республику Казахстан отдельных видов мяса»
Дата публикации
27 мая 2021