Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оларға қатысты тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 7-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
1) «Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 279 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11069 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 279 және «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығының 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14829 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі