Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлар орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
22-5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлар орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары бекітілсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
А. Мамин
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы «__»_____№ ___
қаулысымен бекітілген
Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлар орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
- Осы Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-5 – бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорлары мен директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
- біліктілік талаптары - Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттеріндегі директорлардың немесе директорлар орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға үміткер кандидаттарға білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;
- кандидаттар - Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорларының орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері не ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлері болып табылатын азаматтар;
- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
- үйлестіру кеңесі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган.
2 - тарау. Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлар орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі
- Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорларының орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін кандидаттар Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті директорлары және директорларының орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу үшін біліктілік іріктеуінен (бұдан әрі-біліктілік іріктеу) өтеді.
Біліктілік іріктеу уәкілетті органның және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кандидаттармен әңгімелесу өткізу және үйлестіру кеңесінің мақұлдауы арқылы өткізіледі.
- Біліктілік іріктеу өткізу үшін уәкілетті орган мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс істейтін лауазымды адамдарының еңбек шарттарының қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорларының орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидатуралар ұсыну туралы мемлекеттік органдарға сұрау салулар жібереді.
- Мемлекеттік органдар сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ұсынылатын кандидаттар туралы ақпарат жібереді:
- Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында жарияланған форматы мен талаптарына сәйкес кандидаттың 2 (екі) фотосуреті қоса берілген сауалнама;
- жіберуші мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасары қол қойған кандидаттардың мінездемелері;
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорттарының немесе жеке куәліктерінің көшірмелері;
4) біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (мемлекеттік органның немесе ведомстволық бағынысты ұйымның кадр қызметтері куәландырады):
жоғары білім туралы, қосымша кәсіптік білім туралы, ғылыми дәреже, ғылыми атақ беру туралы (бар болса);
еңбек кітапшасының және еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
- Кандидаттың жұмыс стажы:
Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары лауазымына мемлекеттік қызметте (мемлекеттік қызметшілер үшін) немесе тиісті салада (ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін) кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде басшылық қызметте кемінде 3 (үш) жыл болуға тиіс;
Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының орынбасарлары лауазымына-мемлекеттік қызметте (мемлекеттік қызметшілер үшін) немесе тиісті салада (ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін) кемінде 4 (төрт) жыл, оның ішінде басшылық қызметте кемінде 2 (екі) жыл.
- Уәкілетті органның құзыретіне жататын Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорларының орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттар осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады және осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
- Уәкілетті орган мемлекеттік органдармен келісім бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорларының орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу үшін мемлекеттік қызмет органдарынан кандидатуралар болмаған жағдайда, оның ішінде мемлекеттік қызмет органдарынан кандидатуралар ұсынады.
Бұл жағдайда кандидаттарға уәкілетті органның қызмет саласына қатысты лауазымға ұсынылғандай, стаж бойынша талаптар қолданылады.
- Ұсынылған кандидатуралар туралы ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияда тиісті лауазымдарға орналастыру үшін кандидаттардың біліктілік және өзге де талаптарға сәйкестігін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне (бұдан әрі – Құқықтық статистика комитеті) жіберіледі.
Егер кандидаттар ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері болып табылған жағдайда, олардың кандидатурасы агенттікке келісуге жіберілмейді.
- Комитет, Агенттік және Құқықтық статистика комитеті сұрау салу келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға кандидаттардың Еуразиялық экономикалық комиссия департаментінің директорлардың немесе директорлар орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуына кедергі келтіретін негіздердің жоқ немесе бар екендігі туралы ақпарат ұсынады.
- Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе Мемлекеттік органдардың ақпараты бойынша кандидаттардың Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорларының орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуына кедергі келтіретін негіздер болса, біліктілік іріктеуге жіберілмейді.
- Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кедергі келтіретін негіздер жоқ кандидаттармен әңгімелесу, сонымен қатар бейнеконференцбайланыс режимінде, оларды ұсынған мемлекеттік органның, Комитеттің, әділет және сыртқы істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізіледі.
- Біліктілік іріктеу шеңберінде өткізілетін әңгімелесу барысында кандидаттардың біліктілік талаптарына, оның ішінде өзіне:
- жоғары білімінің болуы;
- Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу;
- Еуразиялық экономикалық одақ туралы құқықты құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді (негізгі (базалық), бағыттар бойынша (салалық) білу));
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде заңнаманы қолдану практикасын және бағыттар бойынша халықаралық тәжірибені білу;
- лауазымдық міндеттеріне сәйкес келетін бейіні бойынша арнайы білім;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білу;
- анықтамалық, талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындау, іскерлік келіссөздер мен хат алмасуды жүргізу тәжірибесі.
Кандидаттарды іріктеу кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілік белгілеуге жол берілмейді.
- Әңгімелесу қорытындысы бойынша шешімдер алқалы түрде қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
- Әңгімелесудің теріс нәтижелері болған жағдайда уәкілетті орган
5 (бес) жұмыс күні ішінде әңгімелесуге қатысқан мемлекеттік органдарға әңгімелесу хаттамасын және жаңа кандидатура ұсыну туралы тиісті мемлекеттік органға сұрау салу жібереді.
- Әңгімелесудің оң нәтижелері болған жағдайда уәкілетті орган үйлестіру кеңесінің қарауына Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорларының орынбасарлары лауазымдарына орналасуға кандидатуралардың тізімін шығарады.
- Кандидатты үйлестіру кеңесі мақұлдамаған жағдайда, кандидатты ұсынған мемлекеттік орган біліктілік іріктеуін жүргізу үшін жаңа кандидатура ұсынады.
- Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мүшесінің қолы қойылған үйлестіру кеңесі мақұлдаған кандидаттар туралы ақпаратты уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық комиссияның мекенжайына 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
- Кандидаттарды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктерінің қалған мерзіміне жіберу жағдайларын қоспағанда, кандидатты қатарынан 2 (екі) мерзім ішінде Комиссия департаменті директорының немесе директорының орынбасары лауазымына орналасуға жіберуге жол берілмейді.