«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 28 ақпандағы № 160  бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйырамын:

1.       «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10647 тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерінде:

реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

5

Шығыс Қазақстан облысы

424,5

»;

реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7

Нұр-Сұлтан қаласы

722

»;

реттік нөмірлері 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

 

16

Түркістан облысы

692

17

Шымкент қаласы

962

».

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3)   осы бұйрық туралы жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерінің) назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрі                                            Б. Сұлтанов

 

 

«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
05 мая 2021