Жоба
«Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы»;
Тармақ 1 мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысына
1-қосымша
Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары
және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын
тауарлардың тізбесі
|
Р/с |
Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі
|
Рұқсат беру құжаттың атауы |
Келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган |
Беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган |
|
1. |
Озонды бұзатын заттар және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнім |
Тізілімге енгізу туралы мәліметтер Қорытынды |
- |
ЭГТРМ |
|
2. |
Өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер) |
Лицензия Қорытынды |
- |
АШМ |
|
3. |
Қауіпті қалдықтар |
Лицензия Қорытынды |
- |
ЭГТРМ |
|
4. |
Минералогия және палеонтология бойынша коллекциялар мен коллекциялау заттары, қазбалы жануарлардың сүйектері |
Лицензия Қорытынды |
- |
БҒМ |
|
5. |
5.1. Жабайы тірі жануарлар, жекелеген жабайы өсімдіктер және жабайы дәрілік шикізат |
Лицензия Қорытынды |
- |
ЭГТРМ |
|
|
5.2. Ғылыми зерттеулерге арналған Жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсімдіктердің үлгілері |
Қорытынды |
- |
ЭГТРМ |
|
6. |
1973 жылғы 3 наурыздағы құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенция (СИТЕС) қолданылатын жабайы фауна мен флора түрлері |
Рұқсат қағазы |
- |
ЭГТРМ |
|
7. |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Қызыл кітаптарына енгізілген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері |
Лицензия Қорытынды |
- |
ЭГТРМ |
|
8. |
8.1. Асыл тастар (Алмастар)
|
Мемлекеттік бақылау актісі және Кимберлий процесінің сертификаты, Кимберли процесінің сертификаты туралы мәліметтер |
- |
ИИДМ |
|
8.2. Өңделмеген немесе өңделген асыл тастар (алмастардан басқа), табиғи інжу, бірегей кәріптас түзілімдер, алмаздардан жасалған үгінділер мен ұнтақ, өңделмеген, бірақ орны толтырылмаған немесе бекітілмеген өнеркәсіптік емес гауһар тастар (гауһар), өңделмеген немесе жай кесілген, жарылған немесе қара өңдеуге ұшыраған өнеркәсіптік алмастар, асыл тастар мен табиғи інжу-маржандардан жасалған бұйымдар) |
Мемлекеттік бақылау актісі |
- |
ИИДМ |
|
|
9. |
9.1. Бағалы металдар және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары |
Лицензия Қорытынды Мемлекеттік бақылау актісі |
- |
ИИДМ |
|
|
9.2. Құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері |
Лицензия Қорытынды
|
- |
ИИДМ |
|
|
9.3. Өнімдер мен бұйымдар түріндегі бағалы металдар, монеталар |
Мемлекеттік бақылау актісі |
- |
ИИДМ |
|
10. |
Минералды шикізат түрлері |
Лицензия Қорытынды |
- |
ИИДМ |
|
11. |
Есірткі, психотроптық заттар заттар және олардың прекурсорлары |
Лицензия Рұқсат қағазы |
- |
ІІМ |
|
12. |
Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар |
Лицензия Қорытынды |
- |
ИИДМ |
|
13. |
Тіркеу және ғылыми зерттеулер, сараптамалар, сынақтар жүргізу мақсаттары және өзге де мақсаттар үшін әкелінетін үлгілер болып табылатын улы заттар |
Қорытынды |
- |
ИИДМ |
|
14. |
Тіркелген дәрілік заттар
|
Бірыңғай тізілімге енгізу туралы мәліметтер Қорытынды |
- |
ДСМ |
|
Тіркелмеген дәрілік заттар
|
Қорытынды |
- |
ДСМ |
|
|
15. |
Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына қоса салынған не кіретін құрылғылар |
Лицензия |
ҰҚК |
ЦДИАӨМ |
|
Қорытынды немесе бірыңғай тізілімге енгізу туралы мәліметтер |
- |
ЦДИАӨМ |
||
|
16 |
Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар, |
Лицензия |
ҰҚК |
ИИДМ |
|
Қорытынды |
- |
ҰҚК |
||
|
17.
|
Шифрлау (криптографиялық) құралдары |
Лицензия |
ҰҚК |
ИИДМ |
|
Қорытынды немесе бірыңғай тізілімге енгізу туралы мәліметтер |
- |
ҰҚК |
||
|
18. |
18.1. Мәдени құндылықтар, ұлттық мұрағат қорларының құжаттары, мұрағат құжаттарының түпнұсқалары |
Лицензия Қорытынды |
- |
МСМ |
|
|
18.2. Мәдени құндылығы бар және антикварлық қаруға жатқызылмаған қару |
Қорытынды |
- |
МСМ |
|
19. |
Адамның ағзалары мен тіндері, қан және оның компоненттері, адамның биологиялық материалдарының үлгілері |
Лицензия Қорытынды
|
- |
ДСМ |
|
20. |
Азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондары |
Қорытынды |
- |
ІІМ |
|
21. |
Аудандар мен кен орындары бойынша отын-энергетикалық және минералдық шикізат жер қойнауы туралы ақпарат |
Лицензия |
- |
ЭГТРМ |
|
22. |
Тарифтік квоталар шеңберінде өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлері |
Лицензия |
Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қажет болған жағдайда |
СИМ |
|
23. |
Оларға қатысты Автоматты лицензиялау белгіленген тауарлардың жекелеген түрлері |
Рұқсат |
- |
СИМ |
|
24. |
Оларға қатысты орталық мемлекеттік органдармен рұқсат беру тәртібін енгізу туралы шешім қабылдаған тауарлардың жекелеген түрлері |
Лицензия Рұқсат |
- |
Тиісті мемлекеттік органдар |
Ескертпе:
Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесіне қосылған тауарлардың атаулары мен кодтары Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 және «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына 2016 жылы ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды, сондай-ақ осы тауарларды Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемдерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 18 тамыздағы № 99 шешімдерімен белгіленеді.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
|
АШМ |
– |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
БҒМ |
– |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
ДСМ |
– |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
ИИДМ |
– |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|
ІІМ |
– |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
МСМ |
– |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
|
ҰҚК |
– |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
|
СИМ |
– |
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
|
ЭГТРМ |
– |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі