"Өнімнің өмірлік циклінің сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сәйкестендірілген техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Өнімнің өмірлік циклінің сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сәйкестендірілген техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау туралы

 

 

«Техникалық реттеу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өнімнің өмірлік циклінің сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сәйкестендірілген техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар айқындалсын:
  • сәйкестікті бағалау бөлігінде өнімді айналымға шығару кезінде техникалық регламенттер талаптарының сақталуына техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган;

          2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган барлық өмірлік циклдарда тамақ өнімдеріне арналған техникалық регламенттер талаптарының, сондай-ақ оны өткізу сатысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімнің сақталуына;

         3) өмірлік циклінің барлық сатыларында ветеринариялық-санитариялық, карантиндік-фитосанитариялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімге арналған техникалық регламенттер талаптарының сақталуына ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы уәкілетті орган;

        4) өнімді өткізу сатысында сәйкестікті бағалау бөлігін қоспағанда, өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында энергетикалық, атом өнімдері саласындағы техникалық регламенттер талаптарының сақталуына энергетика саласындағы уәкілетті орган;

       5) өнімді өткізу сатысын қоспағанда, өмірлік циклінің барлық сатыларында азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өнімдерге арналған техникалық регламенттер талаптарының сақталуына азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган;

       6) өнімді өткізу сатысын қоспағанда, өмірлік циклінің барлық сатыларында көлік саласындағы өнімдерге арналған техникалық регламенттер талаптарының сақталуына көлік саласындағы уәкілетті орган;

7) өнімдерді пайдалану сатысында техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары;

        8) азаматтық пиротехникалық бұйымдар мен дөңгелекті көлік құралдары өнімінің өмірлік циклінің барлық сатыларында техникалық регламенттер талаптарының сақталуына қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы уәкілетті орган;

        9) өнімді іске асыру (өткізу) сатысын қоспағанда, халықаралық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп-ұстау сатысында техникалық регламенттер талаптарының сақталуына автомобиль жолдары, құрылыс саласындағы уәкілетті орган;

        10) өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімдерге техникалық регламенттер талаптарының сақталуына ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган.

  1. «Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы 2021 жылы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі                                                     А. Мамин

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

ПП РК
Дата публикации
21 апреля 2021