"Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесінде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Экспортты дамыту және ілгерілету саласында:

«KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы;

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы;

«QazTrade» cауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы;

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының                                                      

                  Премьер-Министрі                                                         А. Мамин

ПП РК
Дата публикации
21 апреля 2021