«Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 42-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Аталған бұйрықпен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ 282-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 4 наурыздағы
№ 42-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Техникалық регламенттерді әзілеу жөніндегі жоспар
|
№ |
Техникалық регламент атауы* |
Мемлекеттік әзірлеуші орган |
Бекіту мерзімі** |
|
1. |
Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар |
ИИДМ
|
2021 жылғы шілде |
|
2. |
Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ИИДМ
|
2021 жылғы шілде |
|
3. |
Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
АШМ |
2021 жылғы шілде |
|
4. |
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы |
АШМ |
2021 жылғы шілде |
|
5. |
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар |
ҰҚК |
2021 жылғы шілде |
|
6. |
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар |
ТЖМ |
2021 жылғы шілде |
|
7. |
Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар |
СИМ |
2021 жылғы шілде |
Ескертпе:
* Техникалық регламенттердің атауы оларды әзірлеу процесінде өзгеруі мүмкін;
** Техникалық регламенттерді бекіту мерзімі оларды әзірлеу процесінде өзгертілуі мүмкін.
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ИИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі;
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
СИМ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі.