«Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 679 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);
2) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері – кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында құратын қауымдастықтар (одақтар);
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
4) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара – Қазақстан Республикасынан шыққан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара;
5) мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
6) сауда шарасы – арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары;
7) тергеп-тексеру – Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын енгізу алдында тергеп-тексеру жүргізетін үшінші тараптың құзыретті органы жүзеге асыратын рәсім;
8) тергеп-тексеру материалдары – тергеп-тексеру шеңберінде қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар, өндірушінің немесе өндірушілердің өтініші, үшінші тараптың құзыретті органының сауалнамасы (сұрау салулары), тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған баяндама және тергеп-тексерулер шеңберінде сұратылатын және (немесе) ұсынылатын басқа да ақпарат;
9) уәкілетті орган – сауда қызметі саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ саларалық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) үшінші тараптың құзыретті органы – Қазақстан Республикасынан шыққан тауарларға қатысты сауда шаралары мен қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын енгізу алдында тергеп-тексеруді жүргізетін шет мемлекеттің, шет мемлекеттер одағының мемлекеттік органы.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, оның ішінде:
1) мемлекеттік органдарды үшінші тараптың құзыретті органдарының Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты тергеп-тексеруді жүргізуді бастағаны туралы хабардар етеді;
2) үшінші тараптың құзыретті органынан тергеп-тексеру материалдарын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік органдарға жібереді;
3) мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік субъектілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынған ақпараты негізінде сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізудің Қазақстан Республикасы экономикасының (отандық өндіріс) жай-күйіне ықтимал әсеріне талдау жүргізеді;
4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан тарапының түпкілікті шоғырландырылған ұстанымын (түсініктемелерін, дәлелдерін) және үшінші тараптың құзыретті органдарының сауалнамасына жауаптарды қалыптастырады;
5) Қазақстан Республикасының түпкілікті ұстанымын тұжырымдау үшін уәкілетті орган қалыптастырған шоғырландырылған ұстаным бойынша мемлекеттік органдардың қағидаттық келіспеушіліктері болған жағдайда тергеп-тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады;
6) үшінші тараптың құзыретті органына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ресми, оның ішінде құпия сипаттағы ұсыныстар, аргументтер, ұстанымдар мен (немесе) сұрау салулар жібереді;
7) тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен консультациялар мен кеңестер өткізеді;
8) үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тексеру сапарында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын ұйымдастырады;
9) үшінші тараптың құзыретті органымен жүргізілетін тергеп-тексеру шеңберінде консультацияларға, кездесулерге, келіссөздерге және жария тыңдауларға қатысады;
10) жүргізілетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен, шет мемлекеттердің өкілдерімен, шет мемлекеттер одақтарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде:
1) тергеп-тексеру жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау мақсатында мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі жауапты лауазымды тұлғаны айқындайды;
2) уәкілетті органнан келіп түскен тергеп-тексеру материалдарын қарайды, егер сұрау салуда өзге мерзім көрсетілмесе, оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сұратылып отырған ақпаратты, қалыптастырылған ұстанымды, сауалнамаға жауаптарды, статистикалық деректерді және үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде құпия (таратылуы шектелген) ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексерулерге, тергеп-тексеру мәселелері бойынша тыңдауларға, консультацияларға, кеңестерге, тексеру сапарларына қатысады;
4) өз құзыреті аясында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеруге жататын мәселелер бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолданар алдында тергеп-тексеру шеңберінде мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, кәсіпкерлік субъектілерінен және олардың бірлестіктерінен қосымша ақпарат сұрауға құқылы.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті орган көрсеткен мерзімде уәкілетті органның тиісті ресми ұстанымын және өзге де материалдарын үшінші тараптың құзыретті органының атына дипломатиялық арналар арқылы жіберуді қамтамасыз етеді.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин