Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

 1) «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 8-тармақтың 8) тармақшасымен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының келіссөз ұстанымы туралы құпия шектеулі ақпаратты қамтитын Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі – ДСҰ) мәселелері жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган мен Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Біріккен ұлттар ұйымы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі арасындағы құпия-шектеулі сипаттағы шешімдерді әзірлеу процесінде жүзеге асырылатын хат алмасулар.»;

11-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (жалпы пайдаланылатын телефон және факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, интернет желісі) арқылы жіберуге осы Қағидалардың
12-тармағының талаптары сақталған жағдайда жол беріледі.

Үшінші тараптың құзыретті органына «Құпия» белгісі бар және өзіне қатысты «ҚБП» белгісі алынған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жіберуге осы Қағидалардың 50-тармағына сәйкес мемлекеттік органның басшысы рұқсат береді және оны осы Қағидалардың 27 және
28-тармақтарында көзделген талаптарды сақтай отырып жіберуге рұқсат беріледі.

Берілуі Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне байланысты жүзеге асырылатын, оның ішінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде берген ақпаратты, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ДСҰ-ның жұмыс және консультативтік органдарына жібереді.

Берілуі Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігіне байланысты жүзеге асырылатын, оның ішінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде берген ақпаратты, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс және консультативтік органдарына жібереді.»;

28-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«ҚБП» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды әрбір жекелеген жағдайда осы мемлекеттік орган немесе оның ведомствосы басшысының жазбаша рұқсаты бойынша ғана шетелдік заңды (жеке) тұлғаларға және олардың өкілдеріне беруге жол беріледі.

Мұндай құжаттар алдын ала мемлекеттік орган немесе оның ведомствосы құратын орталық сараптама комиссиясының отырысында қаралады, ол оны берудің орындылығы немесе егер беру кезіне қарай ондағы мәліметтер бастапқы мәнін жоғалтқан болса, «ҚБП» белгісін алу мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.

Егер «ҚБП» белгісі бар құжаттар мен басылымдарда басқа мемлекеттік органдар құзыретіне қатысты мәліметтер қамтылса, оларды шетелге беру осы мемлекеттік органдар басшыларының келісімімен ғана жүзеге асырылады.

«ҚБП» белгісі бар басылымдарды кітап алмасу тәртібімен шетелге жіберуге жол берілмейді.

мынадай мазмұндағы 28-1 тармақпен толықтырылсын:

«28-1. «ҚБП» деген белгісі бар өнеркәсіптік субсидиялар жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжаттарды шетелдік заңды (жеке) тұлғаларға және олардың өкілдеріне беруге әрбір жекелеген жағдайда осы мемлекеттік орган немесе оның ведомствосы басшысының жазбаша рұқсаты бойынша ғана жол беріледі.

Мұндай құжаттар мемлекеттік орган немесе оның ведомствосы құратын орталық сараптама комиссиясының отырысында қаралмайды, ол оларды берудің орындылығы немесе егер беру кезінде олардағы мәліметтер бастапқы мәнін жоғалтса, «ҚБП» деген белгіні алып тастау мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.»;

29-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

 «Сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның, не Еуразиялық экономикалық комиссия тергеп-тексеруді жүргізуге жауапты ретінде айқындаған органның, не үшінші тараптың, не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары өз құзыреті шегінде сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы Еуразиялық экономикалық комиссия тергеп-тексеруді жүргізуге жауапты ретінде айқындаған органға, үшінші тараптың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына тергеп-тексеруді жүргізу мен сауда және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды, өтемақы шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын, «ҚБП» белгісі бар мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

Сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға «ҚБП» белгісі бар көрсетілген ақпаратты кейіннен жөнелту үшін жіберген кезде мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары өзінің ілеспе хатында басшысының жіберілетін мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссияға, үшінші тараптың немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына беруге рұқсатының нөмірі мен күнін көрсетеді. ».

2)  «Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 679 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 40, 349-құжат) қаулысына:

тақырыбы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»;

1-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:

тақырыбы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары»;

1-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«1. Осы Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сейкес тіркелген азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері – кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында құратын қауымдастықтар (одақтар);

3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

4) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара – Қазақстан Республикасынан шыққан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара;

5) мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының отралық атқарушы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

6) сауда шарасы – арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары;

7) тергеп-тексеру – тергеп-тексеру жүргізетін үшінші тараптың құзіретті органы жузеге асыратын, Қазақстан Республикасынан шыққан тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын енгізу алдындағы рәсім; 

8) тергеп-тексеру материалдары – тергеп-тексеру шеңберінде қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар, өндірушінің немесе өндірушілердің өтініші, үшінші тараптың құзіретті органының сұрақнамасы (сұрай салулары), тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған баяндама және тергеп-тексерулер шеңберінде сұранылатын және (немесе) ұсынылатын басқа да ақпарат; 

9) уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ саларалық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

10) үшінші тараптың құзіретті органы – Қазақстан Республикасынан шыққан тауарларға қатысты саула шараларын мен қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын енгізу алдында тергеп-тексеру жүргізетін шет мемлекеттің, шет мемлекеттер одағының мемлекеттік органы.»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«3. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, оның ішінде:

1) мемлекеттік органдарды үшінші тараптың құзыретті органдарының Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты тергеп-тексеруді жүргізуді бастағаны туралы хабардар етеді;

2) үшінші тараптың құзыретті органынан тергеп-тексеру материалдарын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік органдарға жібереді;

3) мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік субъектілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараты негізінде сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізудің Қазақстан Республикасы экономикасының (отандық өндіріс) жай-күйіне ықтимал әсеріне талдау жүргізеді;

4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан тарапының түпкілікті шоғырландырылған ұстанымын (түсініктемелерін, дәлелдерін) және үшінші тараптың құзыретті органдарының сауалнамасына жауаптарды қалыптастырады;

5) Қазақстан Республикасының түпкілікті ұстанымын тұжырымдау үшін уәкілетті орган қалыптастырған шоғырландырылған ұстаным бойынша мемлекеттік органдардың қағидаттық келіспеушіліктері болған жағдайда тергеп-тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады;

6) үшінші тараптың құзыретті органына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ресми ұсыныстар, аргументтер, ұстанымдар мен (немесе) сұрау салулар, оның ішінде құпия сипаттағы, жібереді;

7) тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен консультациялар мен кеңестер өткізеді;

8) үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тексеру сапарында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын ұйымдастырады;

9) үшінші тараптың құзіретті органымен жүргізілетін тергеп-тексеру шеңберінде консультацияларға, кездесулерге, келіссөздерге және жария тыңдауларға қатысады;

10) жүргізілетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен, шет мемлекеттердің өкілдерімен, шет мемлекеттер одақтарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде:

1) тергеп-тексеру жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау мақсатында мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі жауапты лауазымды тұлғаны айқындайды;

2) уәкілетті органнан келіп түскен тергеп-тексеру материалдарын қарайды, егер сұрау салуда өзге мерзім көрсетілмесе, оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сұранылып отырған ақпаратты, қалыптастырылған ұстанымды, сауалнамаға жауаптарды, статистикалық деректерді және үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде құпия (таратылуы шектелген) ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;

3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексерулерге, тергеп-тексеру мәселелері бойынша тыңдауларға, консультацияларға, кеңестерге, тексеру сапарларына қатысады;

4) өз құзыреті аясында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеруге жататын мәселелер бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асырады.»;

келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:

«Қажет болған жағдайда уәкілетті орган қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларын қолданар алдында тергеп-тексеру шеңберінде мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, кәсіпкерлік субъектілерінен және олардың бірлестіктерінен қосымша ақпарат сұрауға құқылы.»;

7-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

«2) уәкілетті орган көрсеткен мерзімде уәкілетті органның тиісті ресми ұстанымын және басқа да материалдарын үшінші тараптың құзыретті органының атына дипломатиялық арналар арқылы жіберуді қамтамасыз етеді.».

  1. Осы қаулы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрі                                                             А. Мамин

 

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Дата публикации
12 апреля 2021