"Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы

Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2021 жылғы 6 шілдеде күшіне енеді.

 

 

Сауда және интеграция министрі  

         

 

 Б. Сұлтанов

Бұйрық
Дата публикации
08 апреля 2021