"Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, өнімді қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы

ЖОБА

 

«Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, өнімді қайтарып алу Ережесін бекіту туралы»

 

«Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, өнімді қайтарып алу Ережесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

 

 

               Қазақстан Республикасы Сауда

               және интеграция министрі                                              Б. Сұлтанов

 

Бұйрық
Дата публикации
07 апреля 2021