"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 29-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 212-НҚ бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің

жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін

аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы

№ 29-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 10-тармағына және 2021 жылғы 12 наурыздағы № 54-АСМ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 29-НҚ бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жанында аккредиттелген заңды тұлғалар бірлестіктерінің тізімі:

         мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. «Қазақстан дефектоскопия қауымдастығы».».

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

 

 

         Министр                                                                                Б. Сұлтанов

Бұйрық
Дата публикации
18 марта 2021