«Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын, көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы»
«Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған:
Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидалары;
Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
Мыналардың:
1) «Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 877 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18011 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) «Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 920 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18062 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 8 қаңтарда жарияланған);
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
|
|
|
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
______________
2021 жылғы «___» __________