«Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»
«Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1 тармағының4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
- Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды және Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы2015 жылғы 24 ақпандағы № 170 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11062 болып тіркелген, «Әділет»ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 маусымда жарияланған)күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2021 жылы 1 шілдеден бастап күшіне енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
______________
2021 жылғы «___» __________