«Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 18006 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізу:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етуді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы _______________
№ ____ бұйрығымен бекітілген
Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу тәртібін айқындайды.
1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінім – техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылатын, берілетін және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын электрондық құжат;
2) Техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – Техникалық реттеу тізілімдерінде, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде, ұлттық стандарттау жүйесінде және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде қамтылған мәліметтер мен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
3) Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі деректерінің тізілімі (бұдан әрі – техникалық реттеу тізілімі) – техникалық регламенттердің, аккредиттеу субъектілерінің, сәйкестікті бағалау туралы берілген құжаттардың, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың, жабдықтардың, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы ақпараттың және техникалық реттеу саласындағы өзге де мәліметтердің электрондық дерекқоры;
4) Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды - қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті органның ведомствосы басшысының бұйрығымен бекітілетін әдістеме бойынша ұлттық орган жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды.
- Қағидалар ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілеріне таратылады.
- Ұлттық стандарттау жоспарын (бұдан әрі – ұлттық жоспар) стандарттау жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – ұлттық орган) құрады және стандарттау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен бағыттарын есепке ала отырып жыл сайын бекітеді.
- Ұлттық жоспарды қалыптастыру рәсімдері ұсыныстарды жинақтау және талдау, ұлттық жоспар жобасын әзірлеу мен келісу арқылы техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады және ҚР СТ «Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі. Стандарттаудың ұлттық жоспары. Әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі» ұлттық стандарттармен (бұдан әрі – ҚР СТ 1.7) белгіленеді.
- Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары бойынша оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу рұқсат етіледі.
- Ұлттық жоспарға енгізілген стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру Заңның 35-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Ұлттық жоспар жобасын қалыптастыру
- Ұлттық жоспар техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және ұлттық, мемлекетаралық стандарттарын және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды (бұдан әрі – стандарттау жөніндегі құжаттар) әзірлеу жөніндегі мәліметтерді қамтиды.
Ұлттық жоспарға стандарттау жөніндегі қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізу жөніндегі мәліметтер енгізілмейді.
Ұлттық жоспарға негіз қалаушы стандарттарға сәйкес өткен жылдың Ұлттық жоспарынан ауыспалы ретінде мемлекетаралық стандарттардың екінші кезеңін әзірлеу жөніндегі мәліметтер енгізіледі.
- Ұлттық жоспарды қалыптастыруды бастау туралы ақпарат ұлттық орган мен уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады. Ұлттық орган ұлттық жоспарды қалыптастыруды бастағаны туралы хабарламаны ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілеріне жібереді.
- Субъектілер, жоспарланған кезең алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей, ұлттық жоспарға өтінімдерді техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
Өтінімге:
1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу, оның ішінде стандарттау жөніндегі балама құжаттардың болуы жағдайында, олардың қажеттігі мен орындылығы туралы мәліметтер;
2) стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атауы;
3) стандарттау объектісі және оның сипаттамалары туралы мәліметтер;
4) негізгі нормативтік база (дереккөз) туралы мәліметтер;
5) өткізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер (болған жағдайда) туралы мәліметтер;
6) осы стандарттау объектісіне талаптарды белгілейтін стандарттау жөннідегі құжаттарды қайта қарау/жоюды қажетсінбеу немесе қажеттігі туралы ақпарат көрсетіле отырып, түсіндірме жазба беріледі.
- Техникалық комитеттердің стандарттар әзірлеу бойынша ұсыныстары стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу бөлігінде техникалық комитеттер жұмыс жоспарларын есепке алып, Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінім түрінде техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде ресімделеді.
- Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттарға және стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу қажеттігіне өткізілген алдын ала талдауды есепке алып, техникалық регламенттерге өзара байланысты стандарттарға талдау негізінде енгізіледі.
- Стандарттау саласында мемлекеттік органдар, ұлттық орган мен техникалық комитеттер өткізетін мониторингілеу шеңберінде ұлттық жоспар жобасына ұсыныстар техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады. Мемлекеттік органдар мен техникалық комитеттер жүзеге асыратын мониторингілеу нәтижелері жартыжылдық қорытынды бойынша ұлттық органға жіберіледі.
- Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беретін өзге де көздер негізінде енгізіледі (қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, техникалық регламенттердің, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулардың және нормативтік құқықтық актілердің ұлттық және мемлекетаралық стандарттармен қамтамасыз етілуін талдау).
- Ұлттық жоспар жобасына ұсыныстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беруі, ғылыми зерттеулер нәтижелері мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарды ескеруі тиіс.
- Ұлттық орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді және ұлттық жоспар жобасын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.
3-тарау. Ұлттық жоспарды әзірлеу, келісу және бекіту
- Ұлттық жоспар жобасын ұлттық орган Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.
- Ұлттық жоспар жобасы жоспарланған кезең алдындағы жылдың
1 тамызынан кешіктірмей, барлық мүдделі субъектілер қарастыруы үшін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
- Ескертулер мен ұсыныстарды ұсынғаннан кейін ұлттық орган пікірлер жинағын жасап, оны барлық мүдделі субъектілер қарастыруы үшін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде орналастырады.
Ұлттық орган ұлттық жоспардың жобасын және пікірлер жинағын талқылау өткізеді.
- Ұлттық орган алдымыздағы жоспарланған жылдың 20 қазанынан кешіктірмей ұлттық жоспар жобасының соңғы редакциясын бекіту үшін уәкілетті орган қарауына техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне жібереді.
- Ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінен Ұлттық жоспар жобасына келіп түскен өтінімдер мен түсіндірме жазба қоса беріледі. Түсіндірме жазбада белгіленетін басым бағыттарға келіп түскен ұсыныстардың саны, оның ішінде себептерін көрсете отырып, қабылдаған және қабылданбаған ұсыныстардың саны, жоспарланған жұмыстар, талдамалық шолу туралы ақпарат қамтылады.
- Ұлттық жоспар алда жоспарланған кезеңдегі жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде жарияланады.
4-тарау. Ұлттық жоспарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі
- Ұлттық орган ҚР СТ 1.7 сәйкес өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі мен орындылығын көрсете отырып, мүдделі субъектілердің ұсыныстары негізінде ұлттық жоспарға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды қалыптастырады және оны уәкілетті орган бекітеді.
Ұлттық жоспарға өзгерістер стандарттау жөніндегі құжаттардың атауы, әзірлеу үшін негіздер және негізгі нормативтік база бөлігінде енгізілуі мүмкін.
Ұлттық жоспарға толықтырулар стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу туралы жаңа мәліметтерді енгізуді көздейді.
Ұлттық стандарттау жоспарын
әзірлеу қағидаларына қосымша
нысан
20__ жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары
|
р/с №
|
Стандарттардың мемлекетаралық сыныптауышы бойынша коды
|
Стандарттау жөніндегі құжат жобасының атауы
|
Әзірлеу негіздемесі
|
Негізгі нормативтік база
|
Қаржыландыру көзі
|
Ұсыныс-өтінімді берген өтініш беруші – ұйым және ұйымның БСН
|
Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды
(болған кезде)
|
Стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атауы және ұйымның БСН
|
Стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеу мерзімдері
|
|
Бастау күні
|
Бекітуге ұсыну күні
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
1- бөлім. Уәкілетті органның (ҚР СИМ) республикалық бюджет қаражаты есебінен әзірленетін стандарттар
|
|
1.1 Негіз құраушы ұлттық стандарттар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.2 Техникалық регламенттер тізбесіне өзара байланысты ретінде қосылатын ұлттық және мемлекетаралық стандарттар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.3 Экономика секторларында ұлттық және мемлекеттаралық стандарттар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.4 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауыштары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2- бөлім. Бастамашылық тәртіппен әзірленетін стандарттар (қаржыландырудың өзге көздері есебінен)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|