«Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Сәйкестікті растау үшін органның сынақ зертханасы ұсынатын аккредиттеу аймағының объектілерін сынау көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы
№ 427 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5353 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 қарашада № 180 (1580) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемі елу пайыздық шамада бекітілсін.»
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.