Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2019 жылғы меморандумын орындалуы туралы есеп

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің

2019 жылғы меморандумын

орындау қорытындылары туралы есеп

 

№

Түйінді нысаналы

индикатордың атауы

Өлшем

бірлігі

2019 жылға арналған жоспар

Нақты

Орындау коэффициенті

 

1.                

Көтерме және бөлшек саудадағы жалпы қосылған құнның нақты көлем индексі

%

107,5

107,6

1

2.                

Көтерме және бөлшек саудадағы еңбек өнімділігі

%

6,0

8,4

1

3.                

Көтерме және бөлшек саудадағы инвестициялардың өсуі

2016 жылғы деңгейге нақты өсім %

134,5

125,4

0,93

4.                

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі

2016 жылғы деңгейге нақты өсім %

1,7

1,8

1

5.                

Импорттық кеден бажының орташа өлшемді мөлшері

%

4,9

4,9

1

6.                

Шикізаттық емес тауарлары мен қызметтері экспортының көлемі

%

24,7

22,8

0,92

7.                

Ұлттық стандарттарды қолдану деңгейі (қолданыстағы ұлттық стандарттардың жалпы санынан)

млрд. АҚШ долл.

41

41

1

8.                

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік  реттеу тиімділігінің деңгейі

%

64

64,1

1

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі арасындағы 2019 жылға арналған Меморандумның
(бұдан әрі – Меморандум) орындалуы туралы талдамалық жазба

 

Меморандумда 8 негізгі нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 6 индикаторға қол жеткізілді,
2 индикаторға ішінара қол жеткізілді

 

  1. «Көтерме және бөлшек саудадағы жалпы қосылған құнның нақты көлем индексі» (жоспар – 107,5%, нақты – 107,6%).

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 11345,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 5,8% - ға артық.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 26127,4 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 8,2% - ға артық.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,6% - ды құрады.

 

  1. «Көтерме және бөлшек саудадағы еңбек өнімділігі» (2016 жылғы деңгейге нақты өсім %, жоспар – 6,0%, нақты – 8,4%).

Көрсетілген көрсеткішті асыра орындауға 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Сауда» саласы бойынша НКИ өсуі әсер етті, ол 107,6% - ды құрады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі – Министерлік) қазіргі заманғы сауда инфрақұрылымын құру, сауда қызметін көрсету мен қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасында сауда қызметін дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ішкі нарықта қазақстандық өндірушілер үшін кемсітпейтін жағдайларды қамтамасыз ету сияқты негізгі бағыттарды жақсарту бойынша дәйекті жұмыс жүргізді.

 

  1. «Көтерме және бөлшек саудадағы инвестициялардың өсуі»
    (2016 жылғы деңгейге нақты өсім %, жоспар – 134,5%, нақты – 125,4%).

Қол жеткізбеудің себебі Алматы облысында – 9,2 млрд.теңге, Шығыс Қазақстан облысында - 4 млрд. теңге, Атырау облысында – 5,5 млрд. теңге теріс көрсеткіштер болып табылады.

Бұл ретте көтерме және бөлшек саудаға инвестициялар 2019 жылы 234,2 млрд.теңгені құрады, 2018 жылмен салыстырғанда (215,9 млрд. теңге) ақшалай мәнде өсім 18,3 млрд. теңгені құрады.

Инвестиция көлемінің ең көп өсімі Павлодар облысында - 27,8 млрд.теңге, Қостанай облысында-5 млрд. теңге және Нұр-Сұлтан қаласында - 4,3 млрд. теңге.

Сонымен қатар, Министрлік 2019 жылы ел экономикасына инвестициялар тарту бойынша жұмысты жалғастырды.

Мәселен, Түркістан облысындағы Шығыс базарының жобасы бойынша («Керуен-Сарай» кешені) 2019 жылдың желтоқсан айында құрылысы басталған, оны 2020 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Инвестиция көлемі - 201,6 млн, АҚШ доллары (75 млрд. теңге). Кешеннің жалпы алаңы - 20 Га.

Бұдан басқа, инвестициялар тартуды ынталандыру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрі мен ҚР Премьер-Министрі арасында 2020-2024 жылдар кезеңіне арналған Меморандумға қол қойылды, ол келесі негізгі нысаналы индикаторларды қамтиды:

  1. Жалпы сомасы 5 108 млрд.теңге негізгі капиталға инвестициялардың нысаналы көлемі.
  2. Жалпы сомасы 1 432 млрд. теңгеге инвестициялық жобалар пулы.

 

  1. «Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі» (жоспар – 1,7%, нақты – 1,8%).

  2019 жылы Интернет арқылы бөлшек сауда көлемі 206,3 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесін косметикалық тауарлар мен дәретханалық керек-жарақтар (27,5%), ұялы байланысқа немесе өзге де сымсыз байланысқа арналған телефондар (11%), автомобильдерге арналған бөлшектер және керек-жарақтар (9,1%) құрайды.

Тауарды жеткізу тәсілдері бойынша неғұрлым басым үлес сатып алушының өзі алып кетуі (35,6%), басқа ұйымдардың курьерлік қызметі пайдаланылады (21,5%), көлік компанияларын тарту (10,8%),  жеке меншік курьерлік қызметтері (14,9%), поштаның қызметін пайдалану (9,5%), және   онлайн-жеткізу (7,7) болып табылады.

2019 жылға тауарлар мен қызметтерге ақы төлеудің қолданылатын тәсілдері бойынша неғұрлым басым үлес банктік және пошта аударымдары (30%), қолма-қол ақша (28,4%), төлем карточкалары (27,9%), электрондық терминал (9,5%), ұтқыр телефон (2,8%) және төлемдердің басқа түрлері (1,4%) болып табылады.

Ақпараттық технологиялардың заманауи дамуы электрондық коммерция жүйелерінің пайда болуы мен кең таралуын қамтамасыз етті. Электрондық коммерция заманауи экономиканың ажырамас бөлігі болды. Көптеген тұтынушылар тауарларды Интернет желісі арқылы сатып алады, ал коммерциялық ұйымдар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде осы желінің мүмкіндіктерін пайдаланады.

Осыған байланысты, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауда үлесінің өсу үрдісі таяу жылдары тек күшейе түсетін болады.

 

  1. «Импорттық кеден бажының орташа өлшемді мөлшері»
    (жоспар – 4,9%, нақты – 4,9%).

ДСҰ шеңберінде Қазақстан Республикасының тарифтік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын ЕЭК Кеңесінің Қазақстан Республикасы ЕАЭО БКТ белгілеген кедендік баж мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік баж мөлшерлемелерін (бұдан әрі – Алып қоюлар тізбесі) қолданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды жаңартуды көздейтін шешімі қабылданады.

Мәселен, 2019 жылғы 18 қаңтарда ЕЭК Кеңесінің алып қоюлар тізбесіне оны жаңарту бөлігінде өзгерістер енгізу жөніндегі шешімі қабылданды. Мұндай жаңарту кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің орташа алынған деңгейіне әсер етеді және қажетті деңгейге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осылайша, кедендік баждың орташа өлшемді мөлшері 4,9% - ға жетті.

 

  1. «Шикізаттық емес тауарлары мен қызметтері экспортының көлемі» (жоспар – 24,7 млрд. АҚШ долл., нақты – 22,8 млрд. АҚШ долл.).

2019 жылы шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің жалпы экспорты 22,8 млрд. АҚШ долл. құрады, жоспар бойынша 24,7 млрд. АҚШ долл.

2019 жылы алдын ала деректер бойынша көрсетілетін қызметтер экспортының көлемі 4,8%-ке ұлғайды және 7,7 млрд. АҚШ долл. Осылайша, 2019 жылы көрсетілетін қызметтер экспортының көрсеткіші толығымен орындалды.

Қосымша басқа салаларда (білім беру, денсаулық сақтау, туризм, IT-саласы және т.б.) көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтер экспортын озыңқы қарқынмен ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2019 жылы Қазақстаннан өңделген тауарлар экспорты 3,5%-ке төмендеп, 15,1 млрд. АҚШ долларын құрады, 2019 жылға арналған жоспарлы мәні 17 млрд. АҚШ долл.

Экспорттың қысқаруының негізгі себебі баға факторы болды. Алайда, тауарлардың негізгі топтарының экспорты бойынша нақты көлемдер оң динамиканы көрсетті.

Ферроқорытпалардың экспорты бойынша ұқсас динамика байқалады.
2019 жылы өнім экспортының нақты көлемі 1,58-ден 1,69 млн. тоннаға дейін (+6,8%) ұлғайды. Бағаның төмендеуі аясында экспорттық түсім көлемі 2,2-ден 1,8 млрд. АҚШ долл. (-14,5%).

Сонымен қатар, экспорттың төмендеуіне легирленбеген болаттан жасалған жалпақ илектің 34,4%-ке немесе 455,8 млн АҚШ долларына төмендеуі әсер етті. Бұл 2018 жылдың қараша айында АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының енгізілуіне байланысты.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ үшін жалпақ илектің негізгі отандық өндірушісі ретінде Иран нарығы басым бағыттардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, экспорттың төмендеуі «Арселор Миттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытындағы апатқа байланысты.

Бұл ретте, 2019 жылы экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде Министрлік 300-ге жуық қазақстандық компаниялардың қатысуымен шетелде 50-ден астам іс-шара өткізді. Олардың қорытындысы бойынша 114 млрд. теңгеден ($270 млн.) астам сомаға 63 экспорттық келісімшарт жасалды.

Өңделген өнім өндірушілерді қолдау тетігінің арқасында экспортқа бағдарланған 139 кәсіпорын 2019 жылы көлік шығындарын шамамен 4 млрд. теңгеге төмендетті.

Бұл кәсіпорындарға 2019 жылы өндіріс көлемін 9%-ке, экспорттық түсімді 30%-ке және салық аударымдарын 45%ке өсіруге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, 2019 жылы 92 экспорттаушы 139,3 млрд. теңге сомасына жеңілдікпен кредит, 97,1 млрд. теңгеге 82 экспорттаушы сақтандыру қолдауын алды.

 

  1. «Ұлттық стандарттарды қолдану деңгейі (қолданыстағы ұлттық стандарттардың жалпы санынан)» (жоспар – 41%, нақты – 41%).

2019 жылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы 8817 ұлттық стандарттарының 3630 стандарты қолданылды (41%).

Қазақстан Республикасының өңірлерінде Техникалық реттеу саласында 253 дөңгелек үстел отырысы өткізілді, онда техникалық регламенттердің негізгі ережелері ашылды, өзгерістер жобалары және КО/ЕАЭО техникалық регламенттері стандарттарының тізбесі, ДСҰ-ға мүше елдерде әзірленетін мемлекетаралық стандарттардың, ұлттық стандарттардың жобалары талқыланды.

Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде өңірлік штабтың 39 отырысы өткізілді, онда мемлекетаралық және ұлттық стандарттар, КО/ЕАЭО техникалық регламенттері қаралды.

2019 жылы Қазақстанның 15 қаласында 1300 тыңдаушы оқытылды.

2019 жылы жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша қолданыстағы ұлттық стандарттардың жалпы санынан ұлттық стандарттарды қолдану деңгейі 41%-ті құрады (2018 жылы – 40%).

 

  1. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу тиімділігінің деңгейі» (жоспар – 64%, нақты – 64,1%).

Осы индикаторға қол жеткізу жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындылары бойынша айқындалған.

Әлеуметтік зерттеу шеңберінде респонденттерге сауалнама елдің барлық өңірлері бойынша жүргізілді, 25-тен астам адам тартылды, олар өңірлерде зерттеудің барлық әдістерімен, соның ішінде телефон арқылы сұхбат және whatsapp мессенджерлері мен телеграм арқылы онлайн-сауалнамаға сілтемелер жіберген сауалнама жүргізді. Барлығы 10000-нан астам адамнан сұхбат алынды.

Тұтынушыларды ақпараттандыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында іс-шаралардың қатысуымен немесе тікелей ұйымдастырумен 398 іс – шара өткізілді (кеңестер – 8, дөңгелек үстелдер – 25, ашық есік күндері – 112, халықпен кездесулер – 37, семинарлар – 39, ақпараттық акциялар – 99, дәрістер – 36, конференциялар - 4, басқалар - 38). Жалпы, іс-шараларға 1000-нан астам адам қатысты.

2019 жылы Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне 6031 тұтынушы жүгінді. Әрбір өтініш қаралып, тиісті түсініктемелер беріліп, уәкілетті мемлекеттік органдарға қайта жолданды.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2019 жылғы меморандумын орындалуы туралы есеп
Дата публикации
14 февраля 2020