"Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы

«Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

         БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетінотандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрыққа (2016 жылғы 25 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12730 болып тіркелген)мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы»;

Кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 102-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. Бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.»;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикаы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция даму
    вице-министріне жүктелсін.
  2. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инудстрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

Бұйрық
Дата публикации
24 февраля 2021