Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің 2020 жылға арналған қызметі туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 139-НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің (бұдан әрі – Сауда өкілдігі) 2020 жылға арналған жұмыс жоспары мен қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштері бекітілді.
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сауда өкілдігі қызметі тиімділігінің 10 негізгі көрсеткіштерін орындау:
100% орындалды – 8 көрсеткіш:
- Сауда өкілдігінің жәрдемдесуімен қазақстандық компаниялардың Ресей аумағындағы көрмелерде, жәрмеңкелерде, форумдарда және өзге де іс-шараларда кемінде 10 келісімшарт жасасуы – 21 келісімшарт жасалды;
- сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнатуға жәрдемдесу мақсатында Ресей Федерациясында (бұдан әрі – РФ) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (бұдан әрі – ҚР) мен квазимемлекеттік сектор компанияларының кемінде 10 келіссөзін өткізу – 18 іс-шара өткізілді;
- сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнатуға жәрдемдесу мақсатында РФ-да жеке компаниялардың кемінде 15 келіссөзін өткізу – 15 іс-шара өткізілді;
- қазақстандық тауарларды, көрсетілетін қызметтерді РФ нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу мақсатында РФ және шет елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдарымен сауда-экономикалық мәселелер бойынша кемінде 100 келіссөздер жүргізу – Сауда өкілдігінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы ұсынылған есепке сәйкес 100-ден астам келіссөздер жүргізілді (2021 жылғы 22 қаңтардағы № 350 хат);
- РФ аумағындағы көрмелерге, жәрмеңкелерге, форумдарға және өзге де іс-шараларға қатысуға кемінде 25 қазақстандық экспорттаушыны тарту –қатысуға 33 қазақстандық компания тартылды;
- кемінде 25 қазақстандық экспорттаушыны РФ әлеуетті сатып алушылары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету – 70-тен астам компания ақпаратпен қамтамасыз етілді;
- РФ аумағында 2 конференция, 1 бизнес-таңғы ас, 1 жәрмеңке өткізуге және Сауда өкілдігінің көмегімен сыртқы сауда қызметіне қазақстандық қатысушыларды тартуға жәрдем көрсету:
- ҚР РФ-дағы Елшілігімен бірлесіп «ҚР мен РФ арасындағы сауда-экономикалық қатынастар екі жақты негізде, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде КВИ пандемиясы жағдайында және дағдарыстан кейінгі кезеңде: тәуекелдер, сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында практикалық онлайн-конференция өткізілді (2020 жылғы 30 сәуір); «Деловая Россия» ЖШҚ-мен бірлесіп «2021 жылғы Ресей мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы: өсудің перспективалық нүктелері» онлайн-конференциясы ұйымдастырылды және өткізілді (2020 жылғы 14 желтоқсан)
- ҚР 15 экспорттық компаниясы мен Башқұртстан Республикасының 5 көтерме-бөлшек сауда компаниясы арасында онлайн форматта бизнес-таңғы ас өткізілді (2020 жылғы 9 желтоқсан);
- қазақстандық өнімді ілгерілету мақсатында «Қазақстан» павильоны алдында халық шаруашылығы жетістіктерінің 81-ші туған күнін мерекелеу аясында сауда-жәрмеңкелік және мәдени-ойын-сауық іс-шарасын ұйымдастырды және өткізді (2020 жылдың 1-2 тамыз аралығында);
- «Деловая Россия» ЖШҚ-мен бірлесіп, Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік мекемелері мен бизнесінің 120-дан астам өкілінің қатысуымен «Пандемия кезінде және одан кейін Қазақстанмен бизнес жүргізу: мүмкіндіктер мен шектеулер» вебинары ұйымдастырылды (2020 жылғы 9 маусым);
- Мәскеу Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп «Қазақстан Республикасы мен Мәскеу қ., РФ өңірлері кәсіпорындарының сауда-экономикалық қатынастарын дамыту перспективалары туралы» тақырыбында онлайн-отырыс ұйымдастырылды (2020 жылғы 20 қараша). Нәтижесінде қазақстандық өнімге қажеттілік анықталды, РФ-ға одан әрі жеткізу үшін тізбе жасалды;
- Сауда өкілдігінің сайтында орналастырылған РФ экономикасының даму жағдайы туралы кемінде 8 ақпараттық-талдау материалдарын дайындау –10 есеп дайындалды және орналастырылды;
орындалған жоқ – 2 көрсеткіш:
ҚР мен РФ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда экспорттың 5%-ға ұлғаюы – қазіргі уақытта 2020 жылға арналған статистикалық деректер қалыптастырылмаған. Қолда бар деректер бойынша 2020 жылдың 9 айында өсім 101,6%-ды құрады;
2019 жылмен салыстырғанда Ресей аумағындағы көрмелерде, жәрмеңкелерде, форумдарда және өзге де іс-шараларда келісімшарт жасасқан қазақстандық компанияларда Сауда өкілдігінің жәрдемімен салық аударымдары көлемінің 3%-ға өсуі – орындалған жоқ. Сауда өкілдігінің ақпараты бойынша мәмілеге қатысушылар коммерциялық құпияға сілтеме жасай отырып, келісімшарт сомасын ашпайды.
Сауда өкілдігі қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін орындау 80%-ды құрады.
Қорытынды баға 2020 жылға арналған статистикалық деректер жарияланғаннан кейін жүзеге асырылады.