Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидалары бекітілсін.
- «Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 870 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17989 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2021 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы _______________
№ ____ бұйрығымен бекітілген
Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою)және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану (бұдан әрі - стандарттау жөніндегі құжаттар) Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртібін айқындайды.
- Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) стандарттау жөніндегі ұлттық орган - мемлекеттік заңды тұлға (бұдан әрі – СҰО).
2) мемлекетаралық стандарт – стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі (бұдан әрі – МАК) қабылдаған өңірлік стандарт.
3) төлнұсқаларды ұстаушы – стандарттау жөніндегі құжаттардың ресми басылымдарын әзірлеуді және бекітуді, сақтауды, жүргізуді және есепке алуды жүзеге асыратын, оларды пайдалануға, оның ішінде өзгерістер енгізуге немесе күшін жоюға, көшіруге, таратуға, сатуға, жалға беруге, көшірмесін жасауға, таңбалау жасауға, аудармаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды пайдалануға құқықтарды үшінші тұлғаларға беруге барлық құқықтарды иеленетін ұйым.
4) стандарттау жөніндегі құжаттардың ресми аудармасы – төлнұсқаны ұстаушыдан ресми рұқсаты бар ұйым шарт немесе ресми рұқсат-хат нысанында стандарттау жөніндегі құжаттарды шартта немесе ресми рұқсат-хатпен айқындалатын тілге(дерге) аударуды жүзеге асыруды орындаған стандарттау жөніндегі құжаттардың аудармасы.
5) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдерінде, өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде, ұлттық стандарттау жүйесінде және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде қамтылған мәліметтер мен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
2-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану тәртібі
- Стандарттау жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында:
1) оларды ұлттық және мемлекетаралық стандарттар, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, қағидалар, нормалар мен ұсынымдар ретінде қабылдау арқылы;
2) стандарттау жөніндегі ұлттық органға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде хабарлай отырып, Заңның 16-бабы 2-тармағының және 27-бабы 2-тармағының талаптарын ескере отырып, ұйымның мақсаттарын іске асыру үшін ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің тікелей қолдануы арқылы қолданылады.
- Хабарлама мынадай ақпаратты қамтиды:
1) пайдаланушы ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, атауы, мекенжайы, телефоны және электрондық пошта адресі;
2) стандарттау жөніндегі құжаттың белгіленуі, атауы және қабылданған күні (түпнұсқа тілінде, мемлекеттік және орыс тілдерінде);
3) стандарттау жөніндегі құжатты қолдану мақсаттары;
4) стандарттау жөніндегі құжатты пайдалану құқығын растайтын құжат;
5) стандарттау жөніндегі құжатты тікелей қабылдау туралы шешім қабылдар алдында Қазақстан Республикасы заңнама талаптарына сәйкестігіне тәуекелдерге талдау жүргізу туралы растау;
6) пайдаланушы ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса).
- Стандарттау жөніндегі құжаттарды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау растау әдісімен және қайта басып шығару әдісімен жүзеге асырылады.
1) стандарттау жөніндегі құжатқа растау әдісін пайдаланған кезде ұйымдастырушылық-өкімдік құжатты уәкілетті органның және стандарттау жөніндегі ұлттық органның ресми ресурсында жариялау арқылы ұлттық стандарт мәртебесі беріледі. Ұлттық стандарттың белгіленуі стандарттау жөніндегі құжатқа қатысты өзгеріссіз қалады. Растау әдісі стандарттау жөніндегі құжаттарға редакциялық өзгерістер енгізу қажеттілігі болмаған кезде қолданылады.
2) стандарттау жөніндегі құжатты қайта басып шығару әдісімен ұлттық стандарт ретінде қабылдау стандарттау жөніндегі құжаттың мазмұнына және (немесе) құрылымына қажетті өзгерістер енгізе отырып, стандарттау жөніндегі құжат мәтінінің негізінде ұлттық стандартты әзірлеу жолымен жүзеге асырылады. Қайта басып шығару әдісі ұлттық қолдану ерекшеліктерін ескере отырып (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру, ерекше географиялық, технологиялық, техникалық және басқа да жағдайларға бейімдеу және т.б.) стандарттау жөніндегі құжаттың бастапқы көзінің құрылымына және (немесе) мазмұнына өзгерістер енгізу қажет болған кезде қолданылады.
- Әзірлеушісі Қазақстан Республикасы болып табылатын мемлекетаралық стандарттар ҚР СТ 1.23 «Қазақстан Республикасында мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі» стандартында белгіленген рәсімдерге сәйкес екі кезеңде ұлттық стандарттар ретінде әзірленеді.
1) бірінші кезең мемлекетаралық стандарттың бірінші редакциясын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасында қарауды қамтиды.
2) екінші кезең соңғы редакцияны әзірлеуді және оны Келісімге қатысушы мемлекеттерде қарауды қамтиды.
- Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері ұйым шегінде ішкі пайдалану үшін стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану кезінде стандарттау жөніндегі құжаттардың түпнұсқасын қолдануға жол беріледі.
- Стандарттау жөніндегі құжаттарды осы құжаттардың талаптарын үшінші тұлғаларға орындауды көрсету мақсатында қолданған кезде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудармасы бар стандарттау жөніндегі құжаттардың түпнұсқасы қолданылады.
- Ұлттық стандарттау субъектілері стандарттау жөніндегі құжатты тікелей қолдану туралы шешім қабылдар алдында Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тәуекелдерге талдау жүргізіледі және бұл туралы стандарттау жөніндегі ұлттық органға хабарлайды і.
- Стандарттау жөніндегі орган Заңның 27-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін хабарламаны қабылдамайды.
- Стандарттау жөніндегі құжаттарды және (немесе) олардың ресми аудармаларын сатып алу Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау жөніндегі құжаттарды таратуға (өткізуге) және (немесе) аударуды жүзеге асыруға төлнұсқаларды ұстаушылар не төлнұсқаларды ұстаушылардан ресми рұқсаты бар ұйымдар жүзеге асырады.
3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және олардың күшін жою тәртібі
- Мемлекетаралық стандарттар (мемлекетаралық стндарттарға өзгерістер) ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерімен келісу рәсімінен өтеді, оның қорытындысы бойынша елдің ұстанымы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (бұдан әрі - МАК интернет-ресурсы) интернет-ресурсында дауыс беру арқылы көрсетіледі.
- Келісу рәсімін ҚР СТ 1.23 сәйкес стандарттау жөніндегі ұлттық орган жүргізеді.
- Стандарттау жөніндегі ұлттық орган МАК-те белгіленген тәртіппен алынған мемлекетаралық стандарттардың жобаларын ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерімен келісу үшін ұлттық стандарттау органының интернет-ресурсында жариялайды және олардың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге жариялау туралы хабарлама жібереді.
- Ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің мемлекетаралық стандарттар жобаларын келісуі болмаған жағдайда ұлттық стандарттау органының интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде стандарттау жөніндегі ұлттық орган МАК интернет-ресурсында «қалыс қалу» ұстанымын білдіреді. Мемлекетаралық стандарттардың жобалары бойынша ескертулер және(немесе) ұсыныстар болған кезде стандарттау жөніндегі ұлттық орган «иә» немесе «қарсы» ұстанымын білдіреді.
- Егер Қазақстан Республикасы бұрын «қарсы» немесе «қалыс қалу» ұстанымын білдірсе, онда стандарттау жөніндегі ұлттық орган ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің бастамасы бойынша бұдан әрі МАК-те оң шешімі бар дауыс беру бюллетенін жібере отырып, қабылданған мемлекетаралық стандартқа қосыла алады.
- Стандарттау жөніндегі ұлттық орган халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда - ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне енгізілген мемлекетаралық стандарттарға қосылу рәсімін жүргізеді, оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық регламенті талаптарының және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесіне сақталуы, ал олар болмаған жағдайда - ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың сақталуы қамтамасыз етіледі - зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды әзірлеу және бекіту, көрсетілген тізбелер Еуразиялық Экономикалық Одақ белгілеген тәртіппен бекітілген кезден бастап, ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілерімен қайта келісілмей жүзеге асырылады.
- Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын мемлекетаралық стандарттар бойынша дауыс беру туралы шешім мүдделі мемлекеттік органмен міндетті келісу қорытындылары бойынша қабылданады.
- Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғамайтын мемлекетаралық стандарттар бойынша дауыс беру туралы шешім ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің ұстанымдары негізінде қабылданады.
- МАК қабылдаған мемлекетаралық стандарттар Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау саласындағы уәкілетті органның ұйымдастырушылық-өкімдік құжатымен Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары ретінде қолданысқа енгізіледі.
21.Қабылданған мемлекеттік стандарттар туралы ақпарат ай сайынғы ақпараттық сілтеменің кезекті нөміріне орналастырылады және стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында жарияланады.
- Мемлекеттік стандарттар ҚР СТ 1.23 сәйкес стандарттау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізеді.
- Мемлекеттік стандарттарды қолданысқа енгізер алдында Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерімен келісіледі.
- Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын мемлекетаралық стандарттар бойынша қолданысқа енгізу туралы шешім мүдделі мемлекеттік органмен міндетті келісу қорытындылары бойынша қабылданады.
- Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын мемлекетаралық стандарттар бойынша қолданысқа енгізу туралы шешім ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің ұстанымдары негізінде қабылданады.
- Ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің ұстанымдары болмаған кезде стандарттау саласындағы уәкілетті орган МАК тіркелген күннен бастап 6 ай ішінде қолданысқа енгізу күнін белгілейді.
- Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттың қолданысын тоқтату ұлттық стандарттау субъектілерінің ұсыныстары және стандарттарды қолдану мониторингі негізінде ҚР СТ 1.23 сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.