Сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрі                                                               

 

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                                                 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының Құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитеті

 

 

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрінің

2021 жылғы_______ № ______

және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің

2021 жылғы_______ № ______

бірлескен бұйрығына

1-қосымша

 

 

Сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында әзірленді.
  2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бақылау субъектілері (объектілері) – қызметіне Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде сақталуын бақылау жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

2) болмашы бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының азық-түлік тауарларын беру шартының болмауы бөлігіндегі талаптарын бұзу және сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы;

3) елеулі бұзушылықтар – дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық-түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болмауы бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының талаптарын бұзылуы;

4) өрескел бұзушылық – Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің белгіленген азық-түлік тауарлары бойынша сыйақылар мөлшерін сақтамау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сыйақылар алу бөлігінде бұзылуы, сондай-ақ сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы;

5) тәуекел – бақылау субъектісінің (объектісінің)  қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;

7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бір бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін)  іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;

  1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылады.

  1. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген, жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері негізінде жүргізіледі.
  2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

 

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

 

  1. Сауда үстемесінің және сыйақының мөлшерін сақтау бөлігінде сауда қызметін реттеуде тәуекелдің жоғары дәрежесіне бақылау субъектілерінің жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығының тәуекелдері жатады.

Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне сауда объектілерінде қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері жатады.

Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

Коммуналдық базарларда қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері тәуекелдің төмен дәрежесіне жатады. Мұндай субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

 

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

 

  1. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

1) бұрынғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді;

2) сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына қойылатын талаптарды бұзу туралы жеке және заңды тұлғалар тарапынан расталған шағымдардың және өтініштердің болуы және саны қолданыла отырып жүзеге асырылады.

  1. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат дереккөздері негізінде, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары айқындалады.
  2. Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға қосымшада жазылған.
  3. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне (объектісіне) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
  4. Өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
  5. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

мұнда:

∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

  1. Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

 

мұнда:

∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

∑Р1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

∑Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

  1. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (∑Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және төмендегі формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

мұнда:

∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

∑Рн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.

  1. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштеріне сәйкес бақылау субъектісі (объектісі):

1) 61-ден бастап 100-ді қоса алғандағы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде – жоғары тәуекел дәрежесіне жатады және оған қатысты субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

2) 0-ден бастап 60-ты қоса алғандағы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде – жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды және оған қатысты субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

  1. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен артық жүргізілмейді.

 

 

 

 

Сауда үстемесі мен сыйақы

мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына

қосымша

 

 

Сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

№

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бұрынғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері (ауырлық деңгейі төмендегі талаптардың сақталмауы кезінде белгіленеді)

1

Азық-түлік тауарларын жеткізу шартының болмауы

болмашы

2

Дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық-түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болмауы)

елеулі

3

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің белгіленген мөлшерін сақтамау

өрескел

4

Азық-түлік тауарлары бойынша сыйақының белгіленген мөлшерін сақтамау

өрескел

5

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сыйақы алуға тыйым салуды сақтамау

өрескел

Сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына қойылатын талаптардың бұзылуы туралы жеке және заңды тұлғалар тарапынан расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

1

Сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

болмашы

2

Сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрінің

2021 жылғы_______ № ______

және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің

2021 жылғы_______ № ______

бірлескен бұйрығына

2-қосымша

 

 

Сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тексеру парағы

(2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

 

Ішкі сауда субъектісіне қатысты _________________________________

____________________________________________________________________

субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атау

 

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________

__________________________________________________________________________________

 

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт _____________________________________

____________________________________________________________________

№, күні

 

Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес- сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

№

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Азық-түлік тауарларын жеткізу шартының болуы









2

Дайындаушы немесе жеткізуші (сатушы) ресімдеген азық-түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болуы

 

 

 

 

3

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің белгіленген мөлшерін сақтау









4

Азық-түлік тауарлары бойынша сыйақының белгіленген мөлшерін сақтау









5

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сыйақы алуға тыйым салуды сақтау









 

 

Лауазымды адам (адамдар) ____________________________________________
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
_______________________________________________________   ____________
                                              лауазымы                                                  қолы

Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ____________________________
____________________________________________________________________
                 аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
_______________________________________________________   ____________
                                              лауазымы                                                  қолы

 

Сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Дата публикации
15 февраля 2021