"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 29-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің

жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін

аккредиттеудің кейбір мәселелері

 

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінеаккредиттеу жүргізу қағидаларының 10-тармағына және 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 2-ПРҚазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанында осы бұйрыққа қосымшадағы заңды тұлғалар бірлестіктері аккредиттелсін және оларға аккредиттеу туралы тиісті куәлік берілсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

 

 

         Министр                                                                      Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрінің

2021 жылғы «» қаңтардағы

№  бұйрығына қосымша

 

 

Заңды тұлғалар бірлестіктерінің

тізімі

 

  1. «Қазақстан полимерлерін қайта өңдеушілер Қауымдастығы»;
  2. «Қазақстанның органикалық өнімдерін өндірушілер одағы»;
  3. «Қазақстан ет өңдеу кәсіпорындары қауымдастығы»;
  4. «Солтүстік Қазақстанның Қарапайым заттар экономикасы» Қауымдастығы»;
  5. «Қазақстан химиялық өнеркәсібінің одағы»;
  6. «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевттік және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығы»;
  7. «Қазақстан машина жасаушыларының одағы».

___________________________

Бұйрық
Дата публикации
21 января 2021