"2021 жылға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 316-НҚ бұйрығы

2021 жылға арналған жалпыға

бірдей құқықтық оқытудың

кейбір мәселелері туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы
№ 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереженің 3 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізудің 2021 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті Жоспарға сәйкес жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:

1) Жоспарға сәйкес жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізуді;

2) жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізу кезінде қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

 

 Жауапты хатшы                                                                     Ж. Нөпіров

Приказ
Дата публикации
11 января 2021