Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің

Ішкі сауданы дамыту департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Ішкі сауданы дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
  4. Департамент мыналардан тұрады:

1) Сауданы дамыту басқармасы;

2) Мемлекеттік қолдау көрсету басқармасы;

3) Электрондық сауда басқармасы;

4) Биржалық сауда басқармасы;

5) Сауда қызметін реттеу басқармасы.

 

Дата публикации
22 июля 2026