«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Жобасы (бұдан әрі – заң жобасы). 

Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі.

Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында, бүгіндері халықты сапасыз әрі денсаулығына және өміріне қауіпті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғау бойынша тұтас саясат жоқ екендігі атап өтілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарымен, Үкіметке ішкі нарықты сапасыз, жалған, контрабандалық және контрафактілік өнімдерден, оның ішінде шекарада кедендік әкімшілендіруді және бақылаудың басқа да түрлерін жақсарту арқылы қорғау жөніндегі шаралар кешенін қабылдау тапсырылды (ветеринариялық, фитосанитарлық, техникалық және т.б.) (Қазақстан Республикасы Президентінің 17.09.2019 жылғы мәжіліс хаттамасы №79 тармақ).

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі отырысының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 хаттамасымен мемлекеттік органдарға заңнамалық деңгейде техникалық реттеуді дамытудың құқықтық тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарында 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 17-/4 кеңестің қорытындысы бойынша техникалық реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін заң жобасын дайындау туралы хаттамалық тапсырма қабылданды:

- техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуде жаңа тәсілді енгізу – бақылау субъектісіне (ЖК, ЖШС және т. б.) қарамастан техникалық реттеу объектісін (өнім) бақылау және қадағалау;

- сәйкестікті растау және аккредиттеу рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;

- нотификация институтын бекіту;

- техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді мәжбүрлеп қайтарып алу және алып қою жүйесін енгізу;

- техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту;

- техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің қадағалануын қамтамасыз ету;

- импорттаушылардың «шартты шығару» рәсімі бойынша міндеттемелерді орындауын қадағалау тетігін пысықтау.

Сонымен бірге, 2019 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің басшылығымен өткен отырыс хаттамасымен мемлекеттік органдарға:

- мемлекеттік бақылауды жетілдіру бөлігінде, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою және қайтарып алу, аккредиттеу субъектілеріне қатысты тексерулердің ерекше тәртібін енгізу және тәуекелдерді басқару жүйесін қайта қарау мәселелерін регламенттей отырып, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін;

- өнеркәсіптік өнімді іске асыру сатысында оған мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды бекіту мәселесін;

- тауарлар мен қызметтерді сертификаттау мәселелерін жетілдіру тетіктерін пысықтау тапсырылды.

Оның үстіне, Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық интеграциялық алаңдар деңгейінде қабылданған шешімдерге сәйкес техникалық реттеу туралы қолданыстағы ұлттық заңнама ережелерін Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) ұлттықтан жоғары құқықтық базасымен, талаптары ЕАЭО техникалық регламенттерімен және осындай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерімен, сондай-ақ жалпы ақпараттық процестермен белгіленбеген өнімдердің ЕАЭО шеңберіндегі айналым тәртібі туралы келісіммен сәйкес ретке келтіру талап етіледі.

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы
Дата публикации
22 января 2020