Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 9-тармағына және 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 19-3/2 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанында осы бұйрыққа қосымшадағы заңды тұлғалар бірлестіктері аккредиттелсін және оларға аккредиттеу туралы тиісті куәлік берілсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

 

 

         Министр                                                                              Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері
Дата публикации
20 января 2020