Қазақстан Республикасы инновацияларды және аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Сауда комитеті «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 сәуір аралығындағы кезеңде 204 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 120 лицензия берілді, СЭҚ ТН кодына сәйкес келмеуіне және жаңа өнім берушілер өтініштерінің бекітілген мерзімнен бұрын берілуіне байланысты 79 негізді бас тарту берілді, 5 лицензияның қолданылуы тоқтатылды.
Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының 2025 жылғы
7 қазандағы № 89 Шешіміне сәйкес ет әкелуге 2026 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:
Жаңа жеткізушілер үшін тарифтік квоталардың жалпы көлемі:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешіміне сәйкес, Жапониядан әкелінетін пайдалануда болған құйылған алюминий дөңгелек дискілеріне қатысты 2031 жылға дейін демпингке қарсы баждарды қолдануды көздейтін демпингке қарсы шаралар енгізілді, бұл ретте тарифтік квота таусылғанға дейін 1 өнім берушіге 20 тоннадан аспайтын мәлімделген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезек тәртібімен бөлу жүзеге асырылады.
– жыл сайынғы көлем – 135 тонна, өтініштер түскен жоқ.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне сәйкес, 2030 жылғы 16 қарашаға дейін мөлшері кедендік құнның 14,27 пайызынан 16,25 пайызына дейінгі демпингке қарсы баждарды (кедендік құннан пайызбен) қолдануды көздейтін демпингке қарсы шаралар енгізілді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 97 шешіміне сәйкес, 2030 жылғы 15 қарашаға дейін тарифтік квота таусылғанға дейін 1 өнім берушіге 40 тоннадан аспайтын мәлімделген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезек тәртібімен мөлшері (өндірушіге байланысты) кедендік құнның 17,16 пайызынан 20,24 пайызына дейінгі демпингке қарсы баждарды (кедендік құннан пайызбен) қолдануды көздейтін демпингке қарсы шаралар енгізілді.
– 2026 жылға арналған көлем – 5 000 тонна, өтініштер түскен жоқ.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 101 шешіміне сәйкес, 2031 жылғы 17 қаңтарға дейін тарифтік квота таусылғанға дейін 1 өнім берушіге 400 тоннадан аспайтын мәлімделген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезек тәртібімен графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы шаралар енгізілді.
– 2026 жылға арналған көлем – 1 000 тонна, өтініштер түскен жоқ.
Берілген лицензиялардың мониторингі «Е-лицензиялау «мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, оның негізінде көрсетілген қызметтер бойынша өнім берушілердің тізілімі қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды жібереді:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда-тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;
3) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның электрондық көшірмесі немесе егер мұндай қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
4) лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметтер (10 АЕК).
Орындаушы: Сауда комитеті