
1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (бүкіләлемдік тарих); Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы Заң институтын (құқық қорғау қызметі) бітірген.
2000-2001 жж. - Э.Тельман атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі.
2001-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштері қатарында қызмет.
2003-2004 жж. - Э.Тельман атындағы орта мектебі тарих және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.
2004-2011 жж. - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі.
2011-2014 жж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы.
2014-2015 жж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы.
2015-2017 жж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты Құқық қорғау органдармен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы.
2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты Терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы.
2017-2018 жж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты Терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас инспекторы.
2018-20121 жж. - Риддер қаласының әкімі аппаратының басшысы.
2022-2024 жж. - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Абай облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2024 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.