
1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін (есеп және аудит; құқықтану) бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Көксу ауданының Қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
2009-2010 жылдары - Алматы облысы Көксу ауданының Ішкі саясат, мәдениет және даму бөлімінің бас маманы.
2012 жылы - Алматы облысы Көксу ауданының Тұрғын үй инспекциясының бас маманы.
2012-2014 жылдары - Алматы облысының Экономика және бюджеттік қаржыландыру департаментінің бас маманы.
2014-2016 жылдары - Алматы облысының Денсаулық сақтау департаментінің Ішкі бақылау қызметінің бас маманы.
2016-2022 жылдары - Алматы облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы, басшысының орынбасары, басшы міндетін атқарушы.