
Серик Байганин 1982 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келгенҮш жоғары білімі бар: «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Т. Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университетін; «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша С. Баишев ат. Ақтөбе университетін; «Болашақ» степендиясы бойынша «Мемлекеттік басқару» мамандығымен Нью Йорк қаласындағы Колумбия университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Алматы қаласын цифрландыру басқармасы» КММ Информатика және есептеу техникасы кабинетінің бағдарламашысы болып бастаған
2005 жылы Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2006 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші маманынан бастап директор орынбасары лауазымына дейін қызмет атқарды
2016 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және коммуникация министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.
2017 2018 жылдары - «Astana online projects» ЖШС директоры.
2018 жылы – «Қаржы академиясы» АҚ Біліктілікті арттыру және коммерцияландыру орталығының директоры.
2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың желтоқсанына дейін – «Шалақ ауданы әкімінің аппараты» ММ цифрландыру және ақпараттандыру мәселелері бойынша аудан әкімінің кеңесшісі.
2019 2024 жылдары «Ақылды қала» жобаларын басқару бөлімінің басшысы және «Алматы қаласы цифрландыру басқармасы» КММ басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2024 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК Smart City бас менеджері болып жұмыс атқарды.
2025 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаментінің директоры болып тағайындалды.