Мемлекеттік қызметші күніне орай жиналыс өтті

Мемлекеттік қызметші күніне орай жиналыс өтті

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Комитетте  салтанатты жиналыс өтті.

Жұма күні  zoom платформасы арқылы онлайн форматта  өткен дәстүрлі шараға Комитет төрағасы Асқар Тынысбеков, аумақтық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің басшылары  мен мемлекеттік қызметте нәтижелі еңбегімен ерекшеленген мамандар қатысты.

Жиын барысында, А.Тынысбеков құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің әр өңіріндегі департаменттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша адал да нәтижелі еңбек сіңіріп жүрген мамандарға алғысын білдірді және аталған қызметкерлерді құрмет грамотасымен марапаттады.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметші - мемлекет пен ел мүддесі жолында аянбай еңбек етіп, халық пен мемлекеттік органның арасын байланыстыратын жауапты тұлға екендігін және тұтынушылардың құқығын қорғау терең білім мен біліктілікті талап ететін қоғамға  маңызды қызмет екенін атап өтті.

Аталған шара аясында Комитет төрағасының Құрмет грамотасымен келесі мемлекеттік қызметкерлер марапатталды:

Хайдар Шәкәрім Айдосұлы-Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сарапшысы;

Мусина Мадина Ислямқызы-Астана қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;

Өмірбек Ардақ Бегжанқызы-Астана қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;

Еркебаев Азимхан Абдувахидұлы-Алматы қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;

Аманжолұлы Ғазиз-Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;

Тулкубаев Мадияр Болатұлы-Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;

Лес Еркебұлан Бахытұлы-Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы.

Аталған қызметкерлер тұтынушылармен тікелей жұмыс жасап өтініштер мен шағымдарды  жауапты да нәтижелі қарап, халықтың алғысына бөленіп жүргені үшін мараппаталды.

Жиналыс соңында Алматы қаласы және Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшылары Г.Данияров, Е.Сүлейменов барлық мемлекеттік қызметші   әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтап, қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік, мемлекеттік қызметші деген атаққа үнемі лайықты болуларына тілектестік білдірді.

--