Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша сот қандай шешім қабылдады?

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша сот қандай шешім қабылдады?

Ағымдағы жылдың мамыр айында тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Бек Эйр» АҚ-ға қатысты 11 тұтынушының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 600 мың теңгеге жуық сомаға 7-ші талап-арыз жолдады. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешімімен 2023 жылғы 16 маусымдағы № 7519-23-00-2/1596 сот талабы қанағаттандырылды.

Комитет ағымдағы жылдың тамыз айында сотта қаралып жатқан 15 тұтынушының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 1,5 млн.теңгеден астам сомаға FlyArystan,  авиакомпаниясына қатысты талап-арыз жіберді.

Атырау облысы бойынша аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұялы байланыс операторлары абоненттерінің тарифтік жоспардың өзгеруіне біржақты тәртіппен шағымдары негізінде тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Kcell АҚ-ға қатысты талап арыз берді.     Алайда, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 7527-23-00-2/6030 шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартты. Шешіммен келіспеген Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2023 жылғы 27 қазанда Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым жолдады. Іс сотта қаралуда.

 Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2023 жылғы 20-24 қараша аралығында үшінші тұлға ретінде 2 отырысқа қатысып сот  тұтынушылардың пайдасына қанағаттандырылды.