Шымкент қаласының департаменті брифингке қатысты

Шымкент қаласының департаменті брифингке қатысты

Елімізде тұтынушы құқығын қорғау туралы Заң өзгеретін болды. Енді бизнес, кәсіп иелеріне шағым түсіргісі келетін тұтынушыларда еркін таңдау бар. Олар бұрынғыдай 4 этаптан тұратын алгоритмнен өтіп, уақытын жоғалтпайды. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті хабарлап отыр.

«Бұл Заң жобасын әзірлеуде ұзақ мерзімді зерттеу, азаматтардың өтінішін талдау мен мониторинг нәтижелері, тұтынушы құқығын қорғайтын қоғамдық институттардың пікірі ескерілгені белгілі. Бізге де Шымкент қаласының тұтынушылары жиі шағымданып келіп жатады. Алайда, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бірінші кәсіпкердің өзіне ресми шағымхат жазуды ұсынғанда, салдары суға кетіп немесе бастапқы ойынан айнып, қолды бір сілтей салатындар көп болатын»