
Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне еріген тауықтың салмағын едәуір төмендету мәселесіне қатысты тұтынушылар өтініштері түсті.
Сонымен, тұтынушы салмағы 1540 грамм болатын мұздатылған тауық сатып алды, 3-4 сағат ішінде жібіту процесінен кейін оның салмағы үштен біріне азайған.
Департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы негізінде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасына міндетті талаптар көзделсе, тұтынушының осы талаптарға сәйкес келетін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) алуға құқығы бар екенін түсіндіреді.
Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар негізінде құс сою өнімдерін өндіру процестерін ұйымдастыру Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 110 шешіміне сәйкес, құс етін жібіту кезінде бөлінетін ылғалдың массалық үлесі 4 пайыздан аспауға тиіс.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты тұтынушыларға осы факт бойынша Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қажетті дәлелдемелерді қоса бере отырып жүгінуді ұсынамыз.
Құқығы бұзылған тұтынушы Департаменттің «жедел желі» телефонына 8(7132)-54-81-20, 8(7132)-71-02-53 телефондарына жұмыс уақытында хабарласуға болады.
Сонымен қатар, тұтынушылар өтініштері мен сұрақтарын «e-tutynushy.kz» и «eotinish.kz» ақпараттық жүйелері арқылы бере алады.