
2023 жылдың 27-31 наурыз аралығында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен аумақтық департаменттерге 362 өтініш келіп түсті оның ішінде:
- 129 немесе 36% құқықтық көмек көрсетілді;
- 121 немесе 33,4% қанағаттандырылды;
- 104 қайта бағытталды.
Тұтынушылардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге 1 ұйғарым шығарылды, 3 бизнес субъектісі 207,0 мың теңге сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ескерту түрінде - 10, татуласу фактісі 1.
Комитет пен аумақтық lепартаменттер көрсетілген кезеңде тұтынушыларға 7,3 млн.теңге ақшалай қаражатты қайтарып берді.